Дүниежүзілік мұхитқа жалпы түсінік
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Ұйым
Облыстық есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы (түзеу) мектеп-интернаты
Өткізген
Б. К. Тасмұханов
Тақырып
Дүниежүзілік мұхит
Сабақ түрі
Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты
-
Дүниежүзілік мұхит туралы ұғым қалыптастыру.
-
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін және шапшаңдығын дамыту.
-
Картамен және оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, өз бетімен оқып-үйренуге тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар және әдіс-тәсілдер
Көрнекі құралдар
- Интерактивті тақта
- Дүниежүзінің физикалық картасы
- Глобус
- Кеме сувенирі
- Бетшелер, тапсырмалар
Әдістер
- Карта, оқулық, суреттер арқылы түсіндіру
- Баяндау
- Сұрақ-жауап
- Жеке жұмыс
- Бейнеролик
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу.
- Сынып тазалығын, оқушылардың қатысуын және сабаққа дайындығын тексеру.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
II. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Жоспар
- 1Дүниежүзілік мұхитқа жалпы түсінік
- 2Тынық мұхит
- 3Атлант мұхиты
- 4Үнді мұхиты
- 5Солтүстік Мұзды мұхит
- 6Оқулықпен жұмыс
- 7Картамен жұмыс
- 8Жеке тапсырмалар
Дүниежүзілік мұхит және оның бөліктері
Глобусқа қарап, Жер шарының көпшілік бөлігін су алып жатқанын байқаймыз. Бұл алып су кеңістігі Дүниежүзілік мұхит деп аталады.
Дүниежүзілік мұхит Жер бетінің шамамен 361 млн км² аумағын қамтиды. Мұхиттар мен теңіздер қоршаған құрлықтар материктер (континенттер) деп аталады.
Дүниежүзіндегі 6 материк: Еуразия, Африка, Солтүстік Америка, Оңтүстік Америка, Аустралия, Антарктида.
Құрлықтың барлық жағынан су қоршаған шағын бөлігі арал деп аталады (мысалы: Гренландия, Мадагаскар, Исландия).
Құрлықтың су кеңістігіне терең сұғына еніп тұрған бөлігі түбек деп аталады (мысалы: Апеннин, Лабрадор).
Дүниежүзілік мұхит 4 ірі мұхиттан тұрады: Тынық, Атлант, Үнді және Солтүстік Мұзды мұхит.
Тынық мұхит
Жер шарындағы ең үлкен әрі ең терең мұхит.
1520–1521 жылдары Ф. Магеллан дүние жүзін айналу саяхаты барысында осы мұхитты алғаш рет кесіп өтті. Жүзу кезінде дауылға ұшырамағандықтан, саяхатшылар оны «Тынық мұхит» деп атаған.
Ең терең жері: Мариан шұңғымасы — 11 022 м.
Атлант мұхиты
Тынық мұхитынан шамамен екі есе кіші (шамамен 92 млн км²).
Солтүстік және Оңтүстік Американың шығыс жағалауларынан Еуразия мен Африканың батысына дейін, әрі қарай Антарктидаға дейін созылады.
Солтүстік полярлық аймақтан оңтүстік полярлық аймаққа дейін созылып жатқандықтан, бұл мұхит арқылы әлемдік маңызы бар кеме жолдары өтеді. Кеме қатынасы жақсы дамыған.
Үнді мұхиты
Негізінен оңтүстік жарты шардың едәуір бөлігін алып жатыр (шамамен 75 млн км²).
Бұл — ең жылы мұхит. Суының тазалығы мен көгілдір түсімен ерекшеленеді.
Солтүстік Мұзды мұхит
Мұхиттардың ішіндегі ең кішісі (шамамен 14 млн км²).
Солтүстік Америка мен Еуразия жағалауларымен шектеседі.
Көпшілік бөлігін жыл бойы мұз басып жатады.
III. Қорытындылау кезеңі
- Сәйкестендіру тесті
- Толықтыру тесті
- Сергіту сәті
- Ретімен орналастыру тесті
- «Домино» ойыны
IV. Бекіту кезеңі
- «Гормошка» ойыны
- Тест жұмысы
V. Үй тапсырмасы
Жаңа тақырып бойынша оқулық мәтінін оқу, картадан мұхиттарды және негізгі нысандарды көрсетуге дайындалу.
VI. Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындауына, картамен жұмыс істеу дағдысына және белсенділігіне қарай бағалау.