Жұлдызды сәт сайыс - сабағын бастауға рұқсат етіңіздер

Мақсаттары

  • Оқушылардың білімін бекіту және қайталау; жұппен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
  • Шапшаңдыққа, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу; ата-анамен тығыз байланыс орнату.
  • Ойлау қабілетін және ой-өрісін дамыту.

Назарға

Сайыс «ғылымдардың патшасы» саналатын математикамен тығыз байланысты. Мұнда білім ғана емес, дәлдік, зейін және логика да сыналады.

Ұйымдастыру кезеңі

Кіріспе сөз

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 3 «В» және 3 «Г» сынып оқушылары арасында өтетін «Жұлдызды сәт» сайыс-сабағын бастауға рұқсат етіңіздер.

Құрметті қонақтар, ортаға назар аударайық: сайыскерлер сайысқа шығады. Қол соғып қарсы алайық!

Сайысқа барлығы 10 оқушы қатысады.

Шаттық шеңбері (ұран)

Мінеки, сыныпта тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк.
Мұны біз де қоштаймыз,
Кешіккендерді тоспаймыз.
Ғылымдардың патшасы — математика жайында
Ойнайық та, ойлайық!
Сайысымызды бастайық!

Мұғалімнің сөзі

Шын жүйрік — шабысынан танылады. Нақты білім мен терең ой сыналады. Баға берер әділқазы ортамызда — құрметпен қол соғайық.

Әділқазылар

Әділқазылар алқасымен таныстыру кезеңі өткізіледі.

Бағалау — жұлдызшалар арқылы жүргізіледі.

Сайыскерлер таныстырылымы

Оқушылар өздерін таныстырып, қысқаша өмірлік ұстанымдарын айтады.

Ойын ережелері

Жауап беру тәсілі

Сайыскерлер берілген сұрақтарға дұрыс жауаптың нөмірін көрсетеді.

Барлығы дұрыс жауап берсе

Барлық ойыншыға бір-бірден жұлдызша беріледі.

Қате жауап болса

Қателескен ойыншыға жұлдызша берілмейді.

Негізгі бөлім: сайыстар

1-сайыс: «Ойлап тап!»

Берілген тапсырмаларға сәйкес дұрыс жауапты табыңдар.

99
100
606
800
9
1
20
  1. A · 3 = 27, A = ? 9
  2. Екі таңбалы жұп санды тап. 20
  3. Ең кіші үш таңбалы сан. 100
  4. B : 4 = 200, B = ? 800
  5. Ең кіші тақ сан. 1
  6. 6 жүздік, 0 ондық, 6 бірліктен тұратын сан. 606
  7. Ең үлкен екі таңбалы сан. 99

2-сайыс: «Қатесін тап»

2 минут ішінде берілген өрнектердің ішінен қате кеткен нұсқалардың нөмірлерін жазып шығыңдар.

Өрнек
1 35 : 5 = 36
2 3 · 8 = 524
3 60 − 13 = 57
4 42 : 6 = 7
5 3 · 9 = 36
6 45 + 14 = 59

3-сайыс: «Ой сергіту» (жұмбақтар)

Математикалық атаулар мен ұғымдарды еске түсіріп, жұмбақтарды шешейік.

1-жұмбақ

Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық.
Басы да жоқ, аяғы —
Бір айналым баяғы.

Жауабы: дөңгелек

2-жұмбақ

Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым.
Он екі дәптер, он бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі,
Қанша болды қолда бәрі?

Жауабы: 26

3-жұмбақ

Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында.

Жауабы: сызғыш

4-сайыс: «Логикалық тізбектер»

Өсу ретімен орналастыр

16, 53, 209, 81

Кему ретімен орналастыр

310, 301, 313, 103

5-сайыс: Викториналық сұрақтар

  1. Үстелдің төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? 5
  2. Сағат тілі тәулігіне неше рет тік бұрыш жасайды? 4 рет
  3. Мектепке келе жатқан 5 балаға қарсы жолда тағы 4 бала жолықты. Мектепке неше бала барды? 5 бала
  4. Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? 4 сағат
  5. Отбасында 3 ағайынды бар. Әр бала бір-бірінен 3 жасқа кіші. Үшеуінің жастарының қосындысы 15 жыл. Әрқайсысы неше жаста? 8, 5, 2
  6. Жанұяда 2 ұл бар, әр ұлдың 2 әпкесі және 1 әкесі бар. Әр қыздың 1 анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам? 6 адам
  7. Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80 минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсіндіресің? екеуі тең
  8. Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? Құс жолымен

6-сайыс: «Қызықты логика»

  1. Түзудің бойынан 6 нүкте ал. Сонда қанша кесінді пайда болады? 3
  2. Алты «7» цифрын пайдаланып, екі амалдан тұратын өрнек құрастыр. Мәні 100-ге тең болсын: (777 − 77) : 7 = 100
  3. Егер сағат түнгі 10-да қар жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап тұруы мүмкін бе? жоқ
  4. Екі нүктенің арасындағы түзу қалай аталады? кесінді
  5. Әлия Молдағұлова көшесінде үйлер 1-ден 100-ге дейін нөмірленген. Осы нөмірлердің ішінде «5» цифры неше рет кездеседі? 10 рет

Жартылай финал және финал

Жартылай финал: «Жалғасын тап»

Бұл кезеңге ең көп жұлдызша жинаған төрт сайыскер өтеді. Тапсырма — мақал-мәтелдердің жалғасын табу.

  1. Күлме досқа — келер басқа.
  2. 100 теңгең болғанша — 100 досың болсын.
  3. Ана сүті — бой өсіреді, ана тілі — ой өсіреді.
  4. Кітап — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.
  5. Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.
  6. Әдептілік белгісі — иіліп сәлем бергені.

Финал

«ТАҢҒАЖАЙЫП» сөзінің әріптерінен мүмкіндігінше көп сөз құрастыру. Ең көп сөз құрастырған сайыскер жеңімпаз атанады.

Бағалау өлшемі

  • Сөз саны
  • Дұрыстығы және қайталанбауы

Қорытынды бөлім

Санаңды сенің толтырар —
Математика пәні бар.
Сабағыңды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.

Әділқазылар сөзі

Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды. Енді әділқазылар алқасы қорытынды шығарып, жеңімпаздарды анықтайды.

Марапаттау

Жеңімпаздар мен қатысушыларға мақтау қағаздары мен сыйлықтар табысталады.