Басқа жерге көшіру. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы
Суреттің үзінділерімен жұмыс. Практикалық жұмыс.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды сурет үзінділерін шағылдырып бейнелеуге, бұруға, созуға, еңкейтуге және олармен әртүрлі әрекеттер орындауға үйрету. Үзінділерді жылжыту, көбейту, жою туралы түсінік қалыптастыру.
Тәрбиелік
Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық
Сурет салу барысында үзінділермен жұмысты тиімді пайдалану және уақытты үнемдеу дағдыларын дамыту.
Сабақтың түрі және құрал-жабдықтар
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Көрнекі құралдар
- Компьютер
- Интерактивті тақта
- Оқулық
Сабақтың өту барысы
- 1. Ұйымдастыру кезеңі.
- 2. Үй тапсырмасын тексеру.
- 3. Жаңа тақырыпты меңгерту.
- 4. Сабақты бекіту.
- 5. Үй тапсырмасын беру.
- 6. Бағалау.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар
- Редактордың түрлері қанша?
- Графикалық редактор дегеніміз не?
- Paint дегеніміз не?
- Сақтау (Сохранить) бұйрығы қалай орындалады?
Жаңа тақырып: үзіндімен жұмыс
Үзінді дегеніміз не?
Үзінді — суреттің белгіленген бөлігі. Суреттің бір бөлігін белгілеу үшін құралдар тақтасындағы ерікті аймақты белгілеу және тікбұрышты аймақты белгілеу құралдары қолданылады.
- Выделение произвольной области — ерікті пішіндегі үзіндіні белгілейді.
- Выделение — тікбұрышты үзіндіні белгілейді.
Үзінділермен орындалатын негізгі операциялар
Үзіндіні көшіру қадамдары
- 1 Үзіндіні белгілеу.
- 2 Правка → Копировать командасын орындау.
- 3 Правка → Вставить командасын орындау.
- 4 Керекті жерге апару.
Үзіндіні жылжыту қадамдары
- 1 Үзіндіні белгілеу.
- 2 Правка → Вырезать командасын орындау.
- 3 Правка → Вставить командасын орындау.
- 4 Керекті жерге апару.
Үзіндіні көбейту
Үзіндіні көбейту — маус нұсқағышын жылжыта отырып, үзіндінің бірнеше көшірмесін тізбектей жасау. Ол үшін үзіндіні белгілеп, бастапқы орнына апарып қойыңдар. Содан кейін үзіндіні мауспен іліп алып, Shift пернесін басып тұрып, сурет салу аймағында жылжытыңдар. Көшірмелер саны маусты жылжыту жылдамдығына байланысты болады.
Үзіндіні жою
Үзіндіні бірнеше тәсілмен жоюға болады:
- Үзіндіні белгілеп, Правка → Очистить выделение командасын орындау.
- Үзіндіні белгілеп, Правка → Вырезать командасын орындау (үзінді алмасу буферіне орналастырылады).
- Рисунок → Очистить командасын орындасаңдар, экраннан үзінді ғана емес, бүкіл сурет жойылады.
Практикалық жұмыс
Сабақ тақырыбы бойынша төмендегі тапсырмаларды орындаңдар.
1-тапсырма: Алма ағашын құрастыру
- 1 Алма ағашының ортаңғы үлкен бұтағын сал.
- 2 Ағаштың оң жағындағы бір бұтағын сал.
- 3 Осы бұтақты көшіріп, ағаштың оң жағына төрт бұтақ орналастыр. Үстіңгі бұтақтар біртіндеп кішірейе берсін.
- 4 Дәл осылай ағаштың сол жағындағы бұтақтарды сал.
- 5 Бір алма салып, көшіріп көбейту арқылы ағашты алмалармен толтыр.
- 6 Нәтижесінде үлгіге сәйкес алма ағашының суреті шығуы керек.
2-тапсырма: Берілген суретті салу
Ұсынылған үлгі бойынша берілген суретті толық салып шық.
Кеңес: үзінділерді белгілеу, көшіру, жылжыту және өлшемін өзгерту әрекеттерін қолданып, жұмысты жылдамдат.
Сабақты бекіту сұрақтары
Үйге тапсырма
«Суреттің үзінділерімен жұмыс» тақырыбын оқып, компьютерде сурет салып жаттығу жаса.
Бағалау
Оқушылардың орындаған жұмыстары бағаланады.