Уақытты табуға берілген есептер

Сабақтың тақырыбы

Уақытты табуға берілген есептер.

Сабақтың мақсаты

  1. Уақыт өлшем бірліктерімен таныстыру; жылдамдық пен қашықтық өлшем бірліктерін пысықтау және оларды есеп шығаруда қолдануға үйрету.

  2. Жылдамдық пен қашықтық белгілі болған жағдайда уақытты табу тәсілін меңгерту.

  3. Оқушылардың алған білімдерін күнделікті өмірде ауызша және жазбаша есептеу дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлау қабілетін дамыту және шапшаңдыққа тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті ресурстар

Көрнекілігі

  • Оқулық
  • Карточкалар
  • Интерактивті тақта
  • Слайдтар және қосымша материалдар

Әдіс-тәсілдері

  • Топпен жұмыс
  • Ой қозғау
  • Сұрақ-жауап

Сабақтың форматы

Түрі

Саяхат сабағы

Типі

Жаңа сабақты меңгерту

Пәнаралық байланыс

Ана тілі, дүниетану, музыка, бейнелеу өнері

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу, түгендеу.
  • Сабаққа қажетті құрал-жабдықтарды даярлату.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

II. Қызығушылығын ояту

Психологиялық дайындық

Үлкенге де — сіз,
Кішіге де — сіз.
Сәлем бердік бәріңізге,
Құрметпенен біз!

Топтық жұмысқа кіріспе

  • Топтық ережелерді еске түсіру.
  • Оқушыларды топқа бөлу.

Топ атаулары

Жылдамдық Уақыт Қашықтық