Кеңес Одағының орден, медальдарымен марапатталған қазақстандықтар

Естелікке арналған кеш

Бүгінгі іс-шара соғыс ардагерлеріне, тылда қажырлы еңбек етіп Жеңісті жақындатқан жандарға, қан майданда әкелері мен ұлдарынан, бауырларынан айырылған әрбір отбасыға, сондай-ақ елге оралмаған қаһармандардың рухына арналады. Бұл — Жеңіс күнін ұлықтап, өткеннің қасіретін ұмытпай, бейбіт өмірдің бағасын сезінетін тағылымды сәт.

І жүргізуші

Армысыздар, қымбатты аталар, апалар, ағалар, апайлар, қадірлі қонақтар! Бүгін біз соғыс жылдарының өшпес ерлігін еске алып, бейбіт өмір үшін жанын қиғандарды құрметтейміз.

ІІ жүргізуші

Екпінін жаудың басуға үлесімді қосамын.
Тұсау болып асуға жаудың алдын тосамын.
«Қыз» демеңдер, ағалар, қайратымды сынайын:
Ерлермен тұрып пара-пар қиындыққа шыдайын.

Көрініс: майдандағы хат

Сахнада соғыс даласының тынысы сезіледі: сарбаздар, капитан және Мәншүк. Хат — майдандағы ең қымбат үміт, үйден жеткен ең жылы үн.

Капитан

Жолдастар, біраз хат келіпті — алыңыздар! Мәншүк, мынау анаңның сәлемдемесі. Ал мынау — хаты…

Мәншүк

Рахмет, ағай. Ел-жұрт аман ба? Анам мен әкемнің дендері сау ма екен?

Капитан

Тоқтай тұр, Мәншүк. Билемесең, хатты бермеймін. Алматының алмасына не айтарыңды өзің біл.

Сахналық әрекет

Қыздар «Катюша» әніне билейді. Капитан тамашалайды.

Мәншүк

Мен сізге Потриесовтың «Алма ағашы» өлеңін оқып берейін.

Капитан

Өте жақсы орындадың, Мәншүк. Енді анаңның хатын бермеске болмас.

Мәншүктің ойы

Өлең мен әнді тыңдағанда жан жадырап, ауыртпалықтан арылғандай боласың. Сол сәтте соғыстың сұрапылын да, зеңбіректің дамылсыз гүрсілін де, миналардың жарылысын да ұмытқандай күй кешесің.

Жеңіс күні — ұрпақ жадындағы мәңгілік белес

Тарихқа тағзым

Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына талай жыл өтсе де, бұл күн кеңес халқының ержүректілігі мен төзімін айғақтайтын, тарихта мәңгі қалатын күн.

Ұмытылмас дата

Біз үшін Жеңіс күнінен асқан қымбат мереке жоқ. Әр көктем ойша 1945 жылдың 9 мамырына қайта жетелейді — көптен күткен үміттің ақталған күні.

Тағзым сәті

Осы қан майданда қаза тапқан ерлердің рухына және бүгін арамызда асқар таудай болып отырған ардагерлерге бас иіп тағзым етейік.

1 минут үнсіздік

Қамықпаған қиындықтың үрейінен, өздеріңе сыйлап қырдың гүлінен — бүгінгі ұрпақ, бақытты ұрпақ, аталар! Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен!

Талай құс содан бері қайта оралды, талай бақ әлеміне қайта оранды. Соғыста өлгендер тек оралмайды — тек ұрпақ олар жайлы ән айтады.

Ән

«Бабалар жыры» (Жақсылық Марғұлан)

Соғыс шежіресі: дерек пен ерлік

1418 күн мен түн

1418 күн мен түн бойы соғыс оты маздап, ажал оғы ойнады. Қазақстанда құрылған көптеген әскери құрамалар ұлы шайқастардың жылнамасына даңқты беттер қосты.

  • 316-атқыштар дивизиясы — Мәскеу түбі
  • 238 және 312-дивизиялар — Мәскеу түбі
  • 29 және 38-дивизиялар — Сталинград, Курск доғасы
  • 310 және 314-дивизиялар — Ленинград үшін ұрыстар

Марапат пен даңқ

Кеңес Одағы бойынша 11 600 адам Кеңес Одағының Батыры атанса, оның 497-сі — қазақстандықтар. Орден-медальдармен марапатталған қазақстандықтар саны — 96 638.

Үш мәрте батыр атанған — Иван Кожедуб; екі мәрте — Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов.

Дубосеково разъезі маңындағы шайқаста 28 панфиловшылардың ерлігі әлемге мәлім болды.

Соғыстың құны

Фашистік Германия тізе бүкті. Алайда сұм соғыс өзімен бірге 10 миллионнан астам немістің өмірін қиса, оны жеңген Кеңестер Одағы 27 миллион адамның өмірін құрбан етті. Талай ғасырлар бойы жасалған материалдық және мәдени қазына жойылды. Сондықтан адамзатқа әрқашан соғысты тоқтататын Жеңіс қажет. Осыдан ондаған жыл бұрынғы Жеңіс — сол үшін қымбат.

Қазақстанның үлесі

Қазақстаннан 1941–1945 жылдардағы қанды қырғынға 1 миллион 300 мың ұл мен қыз аттанды. Жүздеген жауынгер елге Батыр атанып, аңызға айналып оралды.

Ерлік — ел есінде

Соғыс атауы естілсе-ақ, көз алдымызға қара тажалдай өлім елестейді. Ал бүгінгі жайнаған көктем — олардың бақыт үшін қан төккенінің айғағы.

Арулар ерлігі: Әлия мен Мәншүк

300 мыңға жуық жауынгер қыз-келіншектің ішінде 86-сы Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Солардың екеуі — Шығыстың даңқты қыздары Әлия мен Мәншүк.

Ару қыздар, алаулап от кешкендер,
Сыздап тұр-ау әлі күнге оқ тескен жер.
Қаласыңдар мәңгілік ел есінде,
Ару қыздар, алаулап от кешкендер.

Ән

«Әлия»

Естелік үні

Окоптағы күндер, жау шебіне атой салған сарбаздардың үні — бәрі де ел жадында. Бүгінгі бейбіт өмір — ел қорғаған ерлердің арқасы.

Жеңіс жыры: бейбіт таңның шапағаты

Жеңіс! Елге таза, ашық таң атты. Ақ жаулықты ананың жүзі нұрланып, сүйінші сұраған балалардың үні көкке көтерілді.

Күткен жеңіс сәуле шашып келді: жауды жеңген батырлар елге оралып, ата-анаға қауышты. Мамыр келді — ағаштар бүр жарып, бейбіт өмір қайта оралды.

Соғыстан соң сәби күлкісі қара күндердің қайғысын ұмыттырды. Бірақ ұмытпау — парыз: бейбітшіліктің бағасы өлшеусіз.

Ән

«Катюша»

Дереккөз

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Саға негізгі мектебі

Бримбетова Мадина