Сабақтың мақсаты. Сабақтың дамытушылығы

Атырау қаласы • №11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі: Жұмағалиева Күлән Ғабдыжанқызы

Сабақ тақырыбы

Ү дыбысы мен әрпі

Сабақ түрі

Ертегі сабақ

Көрнекілігі

Әріптер, оқулық, суреттер

Әдіс-тәсілдер

Ой қозғау, топтастыру, тізбектей оқу, ойын, сұрақ-жауап, түсіндіру

Сабақ мақсаты

Білімділік

  • Ү дыбысы мен әрпін таныту, берілген сөздерді оқуға үйрету.
  • Ү дыбысының жіңішке дауысты дыбыс екенін түсіндіру.
  • Ү әрпінің баспа және жазба түрлерімен таныстыру.
  • Ү дыбысына қатысты сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасату.
  • Дыбысты сөз ішінен бөліп алып, жеке дыбыстату арқылы оның дауысты дыбыс екенін меңгерту.

Дамытушылық

Ү дыбысына байланысты жаңа сөздермен таныстыру арқылы оқушылардың ой-өрісін, тілін, сөздік қорын дамыту және дүниетанымын кеңейту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, еңбексүйгіштікке және табиғатқа сүйіспеншілікті арттыру; құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Сабаққа зейінін аудару.

II. Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Сәлем бердік сіздерге

Құрметпенен біз.

Алдыңғы білімді еске түсіру (сұрақ-жауап)

Сұрақтар

  • Қазақ тілінде қанша әріп бар?
  • Дыбыс деген не?
  • Әріп деп нені айтамыз?
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Дауысты және дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?

Дауысты/дауыссызды ажырату

Дауысты дыбыстар

Айтқанда ауа ауыз қуысынан кедергісіз, еркін шығады.

а, у, о, ы, ұ, е, і, ә, и, ө

Дауыссыз дыбыстар

Айтқанда ауа түрлі кедергілерге ұшырап, қысылып шығады.

т, п, н, р, ғ, л, у, ш, й, қ, д, м, б, с, ж, ң, к

Өткенді пысықтау

Ө дыбысын қайталау.

Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»

III. Жаңа сабақ: «Ү» дыбысын ашу

Сөзжұмбақ

  1. Кезікті бір жануар, үстінде екі тауы бар.
  2. Көру мүшесі не?
  3. Не — білім бұлағы?

Шыққан сөз:

Үкі

Талдау және салыстыру

  • «Үкі» сөзі Ү дыбысынан басталады.
  • Хормен дыбыстау: Ү-ү-ү.
  • Ү — жіңішке дауысты дыбыс, созылып айтылады.
  • Артикуляциясы: ерін сүйірленіп алға жылжиды, тіл артқа жылжиды, иек көтеріледі.
  • Ұқсас дыбыспен салыстыру: Ү және Ұ (кеспе әріптер арқылы).
  • Ү — жіңішке дауысты, Ұ — жуан дауысты.

Баспа түрі

Үү

Жазба түрі

Үү

IV. Оқулықпен жұмыс

Оқу дағдысы

  • Тізбектеп, қатар бойынша оқыту.
  • Ойын: «Білеміз бе?»

«Сөздік қоржын» және суретпен жұмыс

  • Суреттегі құстардың атауын айту: үкі, үйрек.
  • «Үкі», «үйрек» сөздеріне буындық және дыбыстық талдау жасау.
  • Үй құстарын атау.
  • Ү дыбысын жеке дыбыстату: Ү-ү-ү.

Бағандағы сөздер (буынға бөлу)

Ү дыбысы қай буында естілетінін анықтау.

ү-кі кү-ріш түл-кі жү-рек үй-рек кү-міс күл-кі кү-рек үй-шік кү-шік түй-ме жү-зік

Тақтамен жұмыс

  • Жеке сөздер жазу.
  • Жұмбақ құрастыру/шешу.
  • Суретпен жұмыс: «Кім кінәлі?»

Жұмбақ

Шарлап келіп даланы,

Үйіме ұя салады.

V. Дәптермен жұмыс

Жазу дағдысы

  • Ү әрпін ауада жазып, қол жаттықтыру.
  • Ү дыбысының бас және кіші әріптерін жазу.

Сергіту сәті және ойын

  • Ой тастау: жұмбақ шешу.
  • Ойын: «Ойлан тап»

Жұмбақтар (шешімімен)

Шарлап келіп даланы,

Табаны суды сүйеді,

Үйіме ұя салады.

Жауабы: қарлығаш

Қабағы күнге күйеді.

Жауабы: күріш

Түскенде салқын күз,

Жинадық алтын тіс.

Жауабы: жүгері

Қосымша материал

Сөздермен жұмыс

Г-ден баста — мен өңірдің ажарымын.
К-ден баста — мен көмірдің қалдығымын.

Жауабы: гүл — күл

Сөз түрлендіру

Т-дан бастап оқысаң — аты аңыз қу аңмын.
К болса басқы әрпім — езу тартып қуанамын.

Жауабы: түлкі — күлкі

VI. Қорытынды (сұрақ-жауап)

  • Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
  • Ү дыбысы қандай дыбыс?
  • Ү дыбысына байланысты сөздер айтыңдар.

Қайталау сұрақтары

  1. Дыбыс деген не? (Естиміз, айтамыз.)
  2. Әріп дегеніміз не? (Көреміз, жазамыз.)
  3. Дыбыс нешеге бөлінеді? (Дауысты, дауыссыз.)
  4. Дауысты дыбыстар қалай айтылады? (Созылып айтылады.)
  5. Дауыссыз дыбыстар қалай айтылады? (Қысқа айтылады.)
  6. Әріптен не құралады? (Буын.)
  7. Буыннан не құралады? (Сөз.)
  8. Сөзден не құралады? (Сөйлем.)

Үй тапсырмасы

Ү дыбысы бар сөздерді тауып, буынға бөліп келу. Ү әрпін көркем жазуға жаттығу.

Бағалау

Оқушыларды мадақтау, белсенділігіне қарай бағалау.