Шығыс ҚазақстанСабақтың мақсаты

Сабақтың тақырыбы

Шығыс Қазақстан

Сабақтың мақсаты

Тақырыптың мазмұнын түсіну, топтық талқылауларға қатысу, өзіндік пікір қалыптастыру және бағалау арқылы өз білім деңгейін саралау.

Күтілетін нәтиже

  • Тақырып бойынша білімін кеңейтеді.
  • Топ ішінде ынтымақтастық қалыптасады.
  • Ауызша сөйлеу дағдылары дамиды.
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді.
  • Өзін-өзі бағалау дағдысы қалыптасады.

Шығыс Қазақстан туралы қысқаша мәлімет

Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысында орналасқан. Облыс 1932 жылғы 10 наурызда құрылған. Бұл өңір — ҚР-ның ірі өнеркәсіптік, энергетикалық, көлік және мәдени аймақтарының бірі.

Табиғи ресурстар

Қойнауы пайдалы қазбаларға бай: қорғасын, мырыш, күміс, алтын, мыс, титан, магний және басқа да металл кен орындары бар.

Өнеркәсіп

Облыста түсті металлургияның негізгі кәсіпорындары, ірі машина жасау зауыттары, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, ағаш өңдеу мен құрылыс саласының кәсіпорындары шоғырланған.

Су және орман қоры

Республикадағы су қорының шамамен 50%-ы осы өңірдің үлесіне тиесілі. Қазақстанның орман қорының шамамен 70%-ы да осы аймақта орналасқан.

Негізгі деректер

Аумағы
283,2 мың км²
Халқы
1 394 000
Әкімшілік құрамы
15 аудан, 9 қала, 24 кент, 826 ауыл
Әкімшілік орталығы
Өскемен

Қалалары

Семей, Риддер, Курчатов, Аягөз және т.б.

Өзен-көлдері

Ертіс, Зайсан, Марқакөл және т.б.

Таулары

Алтай, Сауыр–Тарбағатай.

Маңызды тұжырым

Шығыс Қазақстан — табиғи ресурстарға бай, елдің өндірістік әлеуеті мен су-орман қорында айрықша үлесі бар стратегиялық өңір.

Оқу тапсырмалары

Географиялық диктант

I топ

Қазақстандық Алтай Нарым өзені арқылы __________ және __________ болып екіге бөлінеді.

Аудан халқы Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігіндегі өнеркәсіп орталықтары шоғырланған тау аңғарларында және __________ бойында жиі қоныстанған.

II топ

Шығыс Қазақстанның басын мәңгі қар мен мұз басқан __________, __________ биік таулары, орташа биіктіктегі __________, ұсақ төбелі жазықтар, тауаралық кең алқапты алып жатқан қазаншұңқырлар, сонымен бірге өзен аңғарларындағы __________ кездеседі.

Талқылау құралдары

  • Венн диаграммасы
  • «Ақылдының алты қалпағы» әдісі

Бағалау шкаласы

Нәтиже Баға
0–2 2
3–5 3
6–7 4
8 және жоғары 5

Үй тапсырмасы

Шығыс Қазақстан туралы тест дайындап келу.