Қызығушылықты ояту Қызығушылық ояту
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Пән: Әдебиеттік оқу · Мұғалім: Калакбашова Карлығаш · Тақырып: Иса Байзаков — «Алтай аясында»
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға Иса Байзаковтың өмір жолы туралы мәлімет беру.
Міндеттері
- Алтайдың сұлу табиғатын және кен байлығын бейнелі сөздер арқылы таныту.
- Өлеңді талдау дағдысын дамыту, сөйлеу мен ойлау қабілетін жетілдіру.
- Эстетикалық тәрбие беру, табиғатқа құрмет сезімін қалыптастыру.
Қолданылатын модульдер
Стратегиялық іс-әрекеттер
Ой қозғау
Сұрақ-жауап арқылы тақырыпқа шығу.
Кезектесіп қайталау
Негізгі ойды бекіту, сөйлеуді дамыту.
Ой талқы
Топтық талдау, пікір білдіру.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Топқа бөлу
- I топ: Маңғыстау таулары
- II топ: Алтай
- III топ: Алатау
Психологиялық дайындық
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Мәтінді құрылымдау
Мәтін үш бөлікке бөлінеді:
- Бүркіттің халі
- Бүркіттің әрекеті
- «Бүркіт туралы не білесіңдер?» талқылауы
Оқушы әрекеті
Оқушылар мазмұнды ретімен айтып, негізгі ойды анықтайды және сұрақтарға жауап береді.
3) Қызығушылықты ояту
Әдіс
Тақырыпқа кіріспе ретінде бейнеролик көрсетіледі.
Ой қозғау сұрақтары
- Бейнеролик не туралы болды?
- Осы тақырып жөнінде не білесіңдер?
Нәтиже
Оқушылар тақырыпты ашады, сабақ мақсатын түсінеді және өз идеяларын қосады.
4) Мағынаны тану: Автор туралы
Иса Байзаков (1900–1946) — Павлодар облысы, Ертіс ауданы, «Үлгілі» колхозында дүниеге келген. Ол — ақын, әнші, композитор. Әкесі Байзақ, анасы Ғазиза — сауықшыл, өнерге жақын жандар болған. Иса тоғыз жасында анасынан айырылып, өлеңші әрі әңгімеші әжесі Жанбаланың қолында тәрбиеленеді. Жастайынан ақындық, әншілік, домбырашылық өнерімен көзге түседі. Оның «Қойшының ертегісі», «Кавказ», «Ақбөпе» сияқты шығармалары бар.
Өлеңнің идеясы
Ақын бұл өлеңде Алтайдың сұлулығын айқын әрі әсерлі бейнелейді: баурайындағы бұғы, марал, өршіл киіктің ойнақ салуы, алқабындағы аю, қабылан, құлан мен еліктің мекені суреттеледі.
Негізгі түйін
Алтай тек табиғатымен ғана емес, кен орындарымен де әйгілі екені атап өтіледі. Ақын таудың келбетін көркем теңеулермен тереңдетіп көрсетеді.
Сөздік жұмысы
Аясына
құшағына
Өршіл
биікке құмар
Күйік
мұң, қайғы
Сайын
кең жазық
Сергіту сәті
Иіліп оңға бір, иіліп солға бір —
Жаттығу жасаймын.
Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ, сол аяқ —
Жаттығу оңай-ақ.
5) Ой толғаныс: Топтық жұмыс
I топ
Алтай тауының әсемдігін сипаттау: «жібектей бұлт», «сұлудай торғын киген», «ақша қары ақ күмістей».
II топ
Алтайдың биіктігін талдау: «өршіл биік», «бұлттан өзге қона алмаған».
III топ
Алтайдың аңдары мен кен байлығын анықтау және дәлелдеу.
Нәтиже: Әр топ постер қорғау арқылы өз тұжырымын ұсынады, негізгі ойды дәлелдейді.
6) Қорытынды бөлім
Қорытынды сұрақтар
- Өлеңде қандай таулар жырланған?
- Алтайда өндірілетін қандай кендер туралы айтылады?
- Алтайдан басқа Қазақстанның қандай тауларын білесіңдер?
Үй тапсырмасы
- Өлеңді жаттау.
- Алтай таулары туралы қосымша мәлімет жинау.
- Күнделікке жазып келу.
Бағалау
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау жүргізіледі. Оқушылар бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
Оқушылар стикерлерді өз таңдауы бойынша жапсырады:
Біз не білеміз?
Бастапқы білім мен түсініктер.
Біз не үйрендік?
Сабақтағы негізгі нәтижелер.
Біз не білгіміз келеді?
Келесі қадамға арналған сұрақтар.