Сөйлем сөзіне кластер құрастыру
Сабақтың тақырыбы: Хабарлы сөйлем
Сабақтың мақсаты
Хабарлы сөйлемнің айтылу мақсатымен таныстыру, сөйлем түрлерін ажырата білуге үйрету және тыныс белгілерін дұрыс қоюға дағдыландыру.
Міндеттері
- Сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстыруға үйрету, сөйлемді тиісті дауыс ырғағын сақтап айтуға дағдыландыру, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.
- Зейін мен есте сақтау қабілеттерін дамыту, қазақ тілі сабағына қызығушылықты арттыру.
- Өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын жетілдіре отырып, патриоттық тәрбие беру.
Сабақ туралы қысқаша
- Әдісі
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, ізденушілік, АКТ.
- Түрі
- Жаңа сабақ.
- Көрнекілігі
- Суреттер, шығармашылық тапсырмалар, тірек сызба.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық икем
Сабақты біз бастайық,
Артта қалып қоймайық.
Еліміздің тұғырын,
Биік ұстап тұрайық.
Балалар, өзіме де, өзгелерге де ашық аспан тілеймін. Отанымызға тыныштық пен бейбітшілік болсын!
Талқылауға сұрақтар
- «Ашық аспан» дегенді қалай түсінеміз?
- «Бейбітшілік», «тыныштық» ұғымдары нені білдіреді?
- Желтоқсан айында қандай мерекелер бар?
Күтілетін жауаптар: Президент күні, Тәуелсіздік күні.
Бүгінгі сабақта қазақ тілін меңгеру арқылы еліміздің көк туы әрдайым желбіреп тұруына өз үлесімізді қосайық.
ІІ. Жаңа сабақ
1) Сөзжұмбақ құрастыру
Төмендегі жұмбақ сұрақтарына жауап беріп, тігінен шығатын сөзді табайық.
- Сәлем алып алыстан, туысыңнан, таныстан келетұғын не?
- Мәтіннің атауы қалай аталады?
- Мәтіннің әрбір бөлігі қалай аталады?
- Сөйлемнің бірінші әрпі қандай әріппен жазылады?
- Аппақ, аппақ ақ мамық, жерде жатыр тапталып.
- Еліміздің тәуелсіздік алған айы.
- Аяғыма байладым, қос таяқпен айдадым.
Тігінен шығатын сөз: хабарлы
Осыған сүйене отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбы мен мақсаты жарияланады.
2) «Сөйлем» ұғымын жүйелеу (кластер)
СӨЙЛЕМ
- Бас әріппен жазылады.
- Аяқталған ойды білдіреді.
- Сөздерден құралады.
- Сөздер бөлек жазылады.
- Соңына тыныс белгісі қойылады.
Сөйлем түрлері
3) Жаттығулар арқылы бекіту
1-жаттығу
Сурет бойынша мәтін құрастыру. Мәтіннің неше сөйлемнен тұратынын анықтау. Әр сөйлемнің не туралы хабарлап тұрғанын айту.
2-жаттығу
Мәтінді оқып, талдау. Екі сөйлемді көшіріп жазып, талдау жасау. Хабарлы сөйлемнің соңына қойылатын тыныс белгісін (нүкте) еске түсіру.
Ереже
Хабарлы сөйлем бір нәрсе туралы хабарлайды, аяқталған ойды білдіреді. Әдетте соңына нүкте қойылады.
Ережені хормен оқып, мысалдармен дәлелдейміз.
3-жаттығу
Тірек сөздерді байланыстырып сөйлем құрау:
Қорытындылау
Сұрақ-жауап арқылы жаңа тақырыпты жинақтаймыз. 4-жаттығуды өздік жұмыс ретінде орындатып, нәтижесін талдаймыз.
4-жаттығу
Әр мақалдың жалғасын тауып жазу. Оқушылар хабарлы сөйлем туралы алған білімдерін тиянақтайды.
Үй тапсырмасы
5-жаттығу, 78-бет. Аяқталған ойды білдіріп тұрған сөйлемдерді көшіріп жазу.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы мадақтау арқылы бағаланады.
Қорытынды ой
«Көк тудың желбірегені» — тәуелсіздіктің, бірліктің және бейбіт өмірдің нышаны.