Оқушыларда сенімділік қасиеттерін дамыту
Ақтөбе қаласы, №55 орта мектеп
Мұғалім: Р. Шауменова
Сынып
6-сынып
Пән
Өзін-өзі тану
Тақырып
Әсемдікке ұмтылайық
Сабақтың мақсаты
Әсемдікке ұмтылу мен адамның жан сұлулығы дұрыс әрекет жасау құндылығынан туындайтыны туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері
- Жамандық ойламау арқылы дұрыс әрекеттің мәнін ұғындыру.
- Оқушылардың сенімділік қасиетін дамыту.
- Оқушыларды әдепті болуға тәрбиелеу.
Ресурстар
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сынып жұмысы- Амандасу, оқушыларды түгендеу.
- «5 Т» қағидаларын сақтау.
Тыныштық сәті: «Күннің нұры»
Баяу әуен қосылады.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.
Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.
Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
2) Үй тапсырмасын тексеру
33-бетТапсырма: М. Жұмабаевтың «Сұлулық сезімдері» атты мәтінін оқу.
Мәтін мазмұны тыңдалады.
Мазмұны бойынша сұрақтар
- Табиғаттың сұлулығы неде?
- «Адамның жан сұлулығы» дегенді қалай түсінесіңдер?
- Сұлулықты неден іздеуіміз керек?
- Адамдарға әдептілік не үшін қажет?
- Сенімділік пен жамандық ойламауды қалай түсінесің?
- «Сұлулық сезімдері» адамдарды неге үйретеді?
3) Дәйексөз
«Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады».
Орындау тәсілі
- Барлығы бірге 1 рет айтады.
- Ұлдар 2 рет, қыздар 2 рет қайталайды.
Талқылауға сұрақ
«Сырты сұлу» және «іші сұлу» деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіздер?
4) Әңгімелеу
Мұғалімнің сыйы: аңыз әңгіме
Екі дос
Баяғыда екі дос шөл далада келе жатады. Жол үстінде олар бір мәселеге байланысты дауласып қалады. Сол сәтте біреуі ашуға беріліп, екіншісін шапалақпен ұрып жібереді.
Досы қатты ауырсынғанымен, ештеңе демей, үнсіз құмға былай деп жазып қояды: «Бүгін менің ең жақын досым мені шапалақпен ұрды».
Екі дос айырылмастан жолдарын жалғастыра береді. Біраз күн өткен соң олар көлге жетеді. Екеуі суға түседі. Бұрын соққы жеген досы суға батып кете жаздайды, бірақ жолдасы оны дер кезінде құтқарып қалады.
Ол есін жиып, өз-өзіне келгеннен кейін тасқа қашап тұрып мынаны жазады: «Бүгін менің ең жақын досым менің өмірімді құтқарып қалды».
Біріншісі таңданып, досынан сұрайды: