Тақырып ашылды ГЕНЕТИКА

Сарыкөл орта мектебі

Шерипова Мөлдір Қазыбаевна ұсынған сабақ жоспары

Мақсаты

Оқушыларды жас ерекшеліктеріне сай оқыта отырып, АКТ мүмкіндіктерін қолдану арқылы биология ғылымының генетика саласымен алғаш рет таныстыру. Сын тұрғысынан ойлауға бағыттай отырып, негізгі генетикалық ұғымдардың мағынасын және Мендельдің гибридологиялық әдісінің бүгінгі күні де өзекті, негізгі әдіс екенін оқушылардың өз бетінше ұғынуына жағдай жасау.

Күтілетін нәтиже

  • Жас ерекшеліктеріне сай ақпаратпен өз бетінше танысады.
  • АКТ-ны және оқулықты тиімді пайдалана отырып, генетика саласының негізгі мазмұнын меңгереді.
  • Сын тұрғысынан ойланып, жаңа ақпараттың маңызды тұстарын өздері анықтап, қорытынды жасайды.

Түйінді идеялар (кілтті сөздер)

Сырлар бар-ау құпиялы бір шама,
Жұмыртқадан шығар жылан, сұңқар да.
Бір биеден туар ала, құла да,
Бір балаңнан бөлек туар бір бала.

Ата-ана, үлкен-кіші, кәрі де —
Сөздері мен істерінің мәні де.

Сабақ барысы

Кіріспе

I. Ынтымақтастық атмосферасы (психологиялық амандасу)

«Сиқырлы гүл» тренингі: оқушылар ортаға шығып, шеңбер құрып тұрады. Қолдарындағы гүлді келесі оқушыға бере отырып, бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді және сенім білдіреді. Интерактивті тақтада гүлдер бейнеролигі көрсетіліп тұрады.

II. Топқа бөлу

Оқушыларға үш сөйлем таратылады. Әр оқушы сөйлемнің жауабын тауып, жауабы жазылған партаға барып отырады:

  • Жаңа белгілерге ие болу қасиеті
  • Белгілердің ұрпақтарына берілуі
  • Ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығы

III. Қызығушылықты ояту

Үй тапсырмасы сөзжұмбақ арқылы тексеріледі. Сөзжұмбақтың кілтті сөзі жаңа сабақтың тақырыбын ашады.

IV. Тақырыпты ашу

Тақырып: Генетика. Одан кейін оқушылар сабақтың мақсатын өздері анықтайды: әр топтан бір оқушы шығып, интерактивті тақтаға жазып көрсетеді.

Тұсаукесер: мағынаны тану

V. Топпен жұмыс

Оқушылар жаңа тақырыпты өз бетінше оқып, топ ішінде талқылайды. «Артық болмас білгенің, көкірекке түйгенің» қағидасымен электронды оқулық арқылы жаңа сабақ мазмұны нақтыланып түсіндіріледі.

АКТ Электронды оқулық Топтық талқылау

Негізгі бөлім

Сергіту сәті: «Дыбыссыз телефон»

Барлығы шеңбер жасап тұрады. Мұғалім бір оқушының құлағына сөйлем сыбырлап айтады, әр оқушы оны келесі оқушыға жеткізеді. Тек соңғы оқушы ғана сөйлемді дауыстап айтады.

Бекіту тапсырмалары

Жаңа тақырыпты бекіту үшін «Биологиялық шытырман» ойыны және Innovord форматындағы «Генетика» тапсырмалары орындалады.

Қорытынды

Әр топ жаңа сабақ бойынша ең маңызды тұжырымды бір сөйлемге сыйғызып, сынып алдында айтып шығады.

Бағалау

«Үш шапалақ» және топтық бағалау жүргізіледі.

Үй тапсырмасы

Ғалымдардың өмірбаяны бойынша хабарлама дайындау. §22: «Генетика».

Рефлексия

«Бес саусақ» әдісі арқылы: не сәтті өтті, нені дамытуға болады?

Рефлексиядан түйін

Оқушылар уақытты тиімді пайдаланып, белсенділігін көрсетті. Сабақтың сапасы жоғары деңгейде бағаланды.