Сыпайы сөздерді үйрету, үлкендермен сәлемдесу түрлерін үйрету

Сабақ туралы мәлімет

Пәні
Ана тілі
Сабақтың тақырыбы
«Не деу керек?». Буын
Сабақ түрі
Саяхат сабағы
Әдістері
Сұрақ-жауап, түсіндіру, сөздік-көрнекілік.
Көрнекіліктер
Кесте, суреттер, сыпайы сөздер топтамасы, үлестірмелі қима қағаздар, слайдтар.

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

  • Өлеңді саналы түсініп оқуға үйрету және шапшаң оқуға дағдыландыру.
  • Буын туралы білімді кеңейту.
  • Сыпайы сөздерді меңгерту, үлкендермен амандасу түрлерін үйрету.

2) Дамытушылық

  • Тіл байлығын және сөздік қорын дамыту.
  • Танымдық белсенділікті арттыру.
  • Сауатты, көркем жазу дағдысын қалыптастыру.
  • Әдеп әліппесін бойға сіңіруге бағыт беру.

3) Тәрбиелік

  • Адамгершілік пен имандылық құндылықтарын нығайту.
  • Әдептілікке, сыпайылыққа, ізеттілікке баулу.
  • Үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық жүргізіледі: оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру, жағымды көңіл күй қалыптастыру.

1-бөлім. Қызығушылықты ояту

Балалар, бүгін біз «Сыпайылар әлеміне» саяхатқа шығамыз. Бұл сапарда әр елден сыпайы сөздерді үйреніп, сандығымызға жинай береміз.

Бұл әлемнің тұрғындары бір-біріне тек «сіз» деп сөйлейді. Олар әрдайым бір-бірін құрметтеп, әдеппен тіл қатады.

Саяхатқа шығуға дайынсыңдар ма? Жолда кездесетін түрлі тапсырмаларды орындауға әзірсіңдер ме?

Ең алдымен, сыпайы сөздер туралы не білетінімізді және тағы нені үйренгіміз келетінін анықтайық. Ол үшін топпен «Білемін — Үйренгім келеді — Үйрендім» кестесін толтырамыз.

Білемін

Сыпайы сөздер мен амандасу үлгілері туралы бұрыннан білетін ойлар мен мысалдар.

Үйренгім келеді

Қандай жаңа сыпайы сөздер мен әдепті сөйлеу тәсілдерін меңгергіміз келетіні.

Үйрендім

Сабақ соңында алған қорытынды: жаңа сөздер, ережелер, дағдылар.