Жобалық технологиясы

Мектепке дейінгі білім беруде инновациялық технологияларды қолдану

БҚО, Орал қаласындағы №35 «Шұғыла» МКҚК бөбекжайының ағылшын тілі мұғалімі Джармагамбетова Г.Т.

Дәйексөздер

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында».

Н. Ә. Назарбаев

«Біз даналықты үш жолмен үйренеміз: ойлану — ең ізгі жол; еліктеу — ең жеңіл жол; тәжірибе — ең ауыр жол».

Бенедикт Спиноза

Неліктен инновация өзекті?

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында тәрбие мен оқытуды қоғам сұранысына сай құру — өзекті міндеттердің бірі. Осыған байланысты педагогтердің кәсіби құзыретін жетілдіру, оқу-тәрбие үдерісінде инновациялық технологияларды қолдануға бағыт-бағдар беру, озық іс-тәжірибелер мен идеяларды тарату жүйелі түрде жүргізілуі қажет.

Инновациялық іс-әрекеттің мазмұны мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын бағдарламаларға сүйене отырып, мектепке дейінгі педагогика мен психология, әлеуметтану, медицина салаларындағы ғылыми-зерттеу нәтижелері негізінде анықталады.

Негізгі ой

Инновациялық технологияларды меңгеру педагогтың интеллектуалдық, кәсіби, адамгершілік, шығармашылық, зерттеушілік қасиеттерінің қалыптасуына оң ықпал етеді және оқу-тәрбие үдерісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу қажеттігі атап өтілген. Білім беру үдерісін технологияландыру педагогтардың балалар әрекетін ұйымдастыруына және мектепке дейінгі білім сапасына оң әсер етеді.

Кездесетін қиындықтар

Қазіргі педагог үшін инновациялық технологияларды білу — уақыт талабы. Дегенмен мектепке дейінгі білім беру жүйесінде технологияларды енгізуде бірқатар қиындықтар байқалады:

  • Технологияның құрамдас бөліктерін жеткіліксіз білу.
  • Тұтас технологияны емес, тек жекелеген элементтерін қолдану.
  • Педагогикалық жүйені тұтас көру дағдысының жеткіліксіздігі.
  • Технология идеяларын қате түсіну салдарынан сапаны арттыруға бағытталған өзгерістерді дұрыс бастамаламау.

Ең маңызды ескерту

Көп технологияларда қарастырылатын басты қағида — баланы қоғамның негізгі құндылығы ретінде тану, оның рухани әлемін байыту, әр баланың жеке даму ерекшелігіне сай өзіндік дамуына жағдай жасау — кейде жеткілікті деңгейде ескерілмей қалады.

Нәтижесінде инновация әдіс, форма және құрал деңгейінде ғана қалып, толыққанды педагогикалық жағдаятқа айналмай қалады.

Балабақшадағы инновациялық іс-әрекеттің кезеңдері

  1. 1-кезең — негіздеу және таңдау

    Педагог жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеп, ақпарат жинайды. Әртүрлі жаңалықтардың ішінен нақты мақсатқа сәйкес келетінін таңдап, оны қолдану туралы шешім қабылдайды.

  2. 2-кезең — енгізу және бейімдеу

    Іске асыру қадамдарын зерттеп, енгізу жоспарын құрады және жаңалықты оқу-тәрбие үдерісіне қолданады. Кедергі келтіретін факторларды ескере отырып, қажет өзгерістер енгізеді және жоспарланған іс-шараларды белгіленген мерзімде өткізеді.

  3. 3-кезең — бағалау және тарату

    Жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған жұмыстың нәтижесін талдап, оның ықпалын анықтайды. Нәтижелі енгізу шарттарын айқындап, тәжірибені таратуға ұсынады.

Тиімді технологиялар

Бүгінгі мектепке дейінгі ұйымдар үшін төмендегі технологиялар тиімді нәтиже бере алады:

Пән аралық технология

Тақырыптарды біріктіріп, тұтас қабылдауға мүмкіндік береді.

Ш. А. Амонашвилидің ізгілік-жеке технологиясы

Баланың тұлғасын құрметтеуге негізделген гуманистік тәсіл.

Интерактивті оқыту

Қатысу, талқылау және ынтымақтастық арқылы үйрету.

Ойын технологиялары

Ойын арқылы тіл, ойлау, қарым-қатынас дағдыларын дамыту.

М. Монтессори технологиясы

Өзіндік таңдау мен дербестікті күшейтетін орта.

Дамыта оқыту технологиясы

Ойлау әрекетін дамытуды мақсат етеді.

Жобалық технология

Нақты нәтиже беретін тапсырмалар арқылы үйрету.

ТРИЗ шығармашылық технологиялары

Шығармашылық ойлау мен мәселе шешуді ынталандырады.

English and other subjects / Ағылшын және өзге пәндер

Three-lingual kindergarten тәжірибесі

Being a three-lingual kindergarten means a lot for us in our everyday work. Our children start getting acquainted with English at the most impressionable age. For our three-lingual children (Kazakh – Russian – English), the kindergarten provides a chance to practice three languages and observe cultural traditions beyond their home environment.

The first step toward loving a language is getting to know the music of spoken speech. Gradually, step by step, children first meet the melody and sound of English through play, sports, and other activities they enjoy. Later, as they begin to understand structure, English becomes part of everyday life.

As a result, children learn to understand and use English at a level appropriate for each age group.

Кешенді тіл үйрету: шығармашылыққа сүйену

Біз қолданатын кешенді тіл үйрету әдістемесі балалардың шығармашылығын барынша іске қосады: көркем әрекеттер арқылы (arts and crafts, логикалық және drama games, музыка және ән айту).

Балалар тәжірибе арқылы үйренеді: ән айтады, елестетеді, сурет салады, drama games үшін қажетті атрибуттар әзірлейді. Осы үдерісте олар English тілін үнемі қолданады, ал тақырыпты түсінуі тереңдей түседі. Қиял мен шығармашылық бүкіл жұмыс барысында тұрақты түрде іске қосылады.

Бір тақырыпты жан-жақты түсіндіру үшін біз оны әртүрлі тәсілмен зерттейміз, балалардың қызығушылығын сақтау мақсатында үнемі жаңа ынталандырулар ұсынамыз. Мотивация балалардың оқу үдерісіне белсенді қатысуы арқылы тұрақты сақталады.

Белсенді қатысу, өзара оқыту және Circular Learning

Due to active participation (from decision-making to the actual activities), all children use English in a playful environment. Occasionally, they teach and help each other.

With Circular Learning, we encourage children to teach others what they already know. This is a strong sign that the language has been internalized.

We also support individual talent through one-to-one teaching when appropriate. At the same time, group activities (such as drama games) promote cooperation and healthy communication among children.

Creative activities / Ағылшын және бейнелеу пәні

All arts and crafts activities are conducted in English, which helps children learn the language naturally and quickly. They work with many materials and techniques, and they create wonderful projects while expanding their vocabulary in context.

Қорытынды

Инновациялық технологиялар мектепке дейінгі білім беруде сапаны арттыруға, педагогтің кәсіби дамуына және ең бастысы — әр баланың жеке ерекшелігін ескере отырып, рухани әрі тілдік дамуына жағдай жасауға мүмкіндік береді.