Жануарлар әлемінің сан алуандығы
Алматы қаласы, Түрксіб ауданы, №32 ЖББМ
Бастауыш сынып мұғалімі: Имашева Анар Ануарбековна
Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлемінің сан алуандығы
Мақсаты
- Мәтінді оқи отырып, ондағы негізгі ойды түсінуге үйрету.
- Жануарлар әлемінің сан алуандығын мысалдар арқылы әңгімелеу.
- Оқушылардың сөздік қорын байытып, жануарлар туралы білімін кеңейту, жаңа ұғымдарды меңгерту.
- Табиғатты және жануарларды аялауға, қорғауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
Жақсы оқып сабақты —
Тек «5» алып жүремін.
Достарымды сыйлаймын,
Мұғалімді тыңдаймын.
Үй тапсырмасын бекіту
Балалар, біз үлкен бір тарауды аяқтадық. Ол қандай тарау? Енді 88-беттегі сұрақтарға жауап беріп, білімімізді бекітейік.
Өмірде адам үш нәрсені міндетті түрде орындауы керек:
- Бала өсіріп, тәрбиелеу.
- Үй салу.
- Ағаш отырғызу.
Ой қозғау
Өсімдіктер мен жануарлардың ұқсастығы бар ма? Венн диаграммасы арқылы салыстырайық.
Сөзжұмбақ / әріптермен жұмыс
Көп әріптің ішінен көлденең және тігінен сөздер табайық. Кім алғыр, кім жылдам екенін байқап көрейік.
Нәтиже: «Жануарлар әлемінің сан алуандығы»
Осы сөз тіркесінен сөйлем құрап көрейік.
Сұрақтар
- Жануарлар туралы не білеміз?
- Жануарлар нешеге бөлінеді?
- Жабайы және үй жануарларына мысал келтірейік.
- Аюды үй жануары дей аламыз ба? Ал тотықұсты ше? Неліктен?
Бүгін біз жануарлар әлемінің сан алуандығымен танысамыз.
Жаңа тақырыпты меңгерту
Мәтінді оқып, түсіндіру барысында слайдтарды қолданамыз. Суретке қарап, әр жануардың қай топқа жататынын анықтайық.
Топтастыру мысалдары
- Үйрек, тоқылдақ
- Құстар
- Қоңыз
- Бунақденелілер
- Бақа, су жылан
- Қосмекенділер
- Қасқыр
- Жабайы жануар
- Сиыр
- Үй жануары
- Балық
- Суда тіршілік етеді
Мәтінді соңына дейін оқып, мазмұнын талқылаймыз.
Дәптермен жұмыс
Оқушылар негізгі ұғымдарды дәптерге жазады, мысалдарды топтастырады және қателерін түзетеді.
Ойын
«Топтастыр» ойыны: жануарларды тиісті топтарға бөліп орналастыру.
Қорытынды
Біз құрттар, моллюскалар және өрмекшітәрізділер туралы айттық. Енді осы топтардың ортақ белгілерін тауып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтаймыз.
Бекіту тапсырмалары
Қатар бойынша тапсырма
Кез келген жануарды жоспар бойынша сипаттаңыз.
-
1-қатар
Ұлу
-
2-қатар
Өрмекші
-
3-қатар
Сегізаяқ
Үлестірмелермен жұмыс
Үлестірмеде берілген сандарды қосқанда жануардың суреті шығады. Сол жануар туралы не білетінімізді қысқаша сипаттаймыз.
Жедел сұрақтар
- Құрттарға нелер жатады?
- Моллюскаларға нелер жатады?
- Өрмекшітәрізділерге нелер жатады?
Бағалау
Сабақ барысында белсенді қатысқан оқушылардың жауаптары тыңдалып, жұмыстары бағаланады.