Аға

Аға!
Сенде бүгін қуаныш, сенде бүгін той бары
Көңілімнің алабын шаттық болып жайлады.
Сендегі бар қуаныш нөсер болып төгерін
Қарындас боп сезінді сырға лайық әлемім.

Қуанышты сендегі сондықтан да ұға алды,
Сондықтан да бұл көңіл шалқып айтты бір әнді.
Қуанғанда ағаның ерлерге тән жүрегі,
Қарындастың жүрегі ол да ән салды, қуанды.

Қуаныштың қалайша бүр жармасын көктемі,
Бауырмыз ғой біз, аға, бірге туған өйткені.
Сендегі бар қуаныш, сендегі бар шаттыққа
Ұшады, аға, сондықтан көңілімнің кептері.

Демес едім өзіңді көпшіліктің бірісің,
Таусылмасын сондықтан, ортаймасын ырысың!
Сен өйткені мендегі қарындастық әлемге
Қорған болар әулеттің ұжданды бір ұлысың.
Көз алдымда ірісің,
Көз алдымда ұлысың.

Ата-анаңа ұл болған сен де ерке сүйікті ең,
Өз ұлтыңның мінезін бойға асқақ жиып па ең.
Сондықтан да ұлысың дер ем сені өмірде,
Сол болмыспен, ендеше, көріне бер биіктен.

Ортаймасын ешқашан, түгел болсын жан-жағың,
Орындалсын мақсатың, орындалсын арманың!
Сен өзің де төмендеп ұшпағансың өмірде,
Қай істе де асқақтап шың, биікке самғадың.

Сондықтан да ата-анаң, елің саған сенеді,
Өзің болып қайталап ұлың өсіп келеді.
Жеңгенің де жүрегі саған ғана сенері,
Жолдастар да сені әр кез тұғырсыз ұл демеді.

Ұлыңның да жанары өзің сынды от болсын,
Шаңырағың аман боп, қайғы-мұңың жоқ болсын!
Сендегі бар қуаныш тарқамасын өмірде,
Сендегі бар шаттықтар ғұмырыңда көп болсын!

Дейді ұлдарды әрдайым елі мынау білекті ер,
Көп болсыншы өзіңе сенім артқан жүректер.
Сенде болған қуаныш, сенде болған шаттыққа
Бүгін мынау жиналған тағы да, аға, тілекші ел.



Ұқсас жұмыстар

Қой – қазақ халқының аса құрметтейтін түліктерінің бірі
Клебша- Гордан теоремасы. Аға векторлармен аға циклдардың кестелері
Патша үкметінің қазақ даласындағы мемлекеттік-құқықтық саясаты. Аға сұлтандардың құрамы және әлеуметтік келбеті
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ- ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАБИҒАТЫ МЕН ҚОЛДАНЫСТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖОСПАРЫ
ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ АУДАРМА ПРОЦЕСІНДЕ БЕРІЛУІ
Бастауыш сыныпта туыстық қатынасты меңгертудің педагогикалық және психологиялық негізі
Аға сержант
Педагогикалық практиканың жүргізілуі жөнінде оқытушылардың есебі
Үш жұрт
Балалар ұжымының жұмысын ұйымдастыру
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
БУМЫН ҚАҒАН
Фирманың баға саясаты және баға стратегиясы нарық құрылымының әсерін талдау
Теңгенiң долларға шаққандағы валюталық бағамы.
БАНКТІК ҚЫЗМЕТТІ ҚАДАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОНЫ РЕТТЕУ
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін арттыру жолдарымен оның бағалау ЖШС (КӨК-СУ).
Құнды қағаздар нарығы
Коммерциялық банктердің қаржы айналымында бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялары
Қазақстан Рсепубликасының екінші деңгейлі банктерінде бағалы қағаздар нарығын құру