Елтану білім негізінде таңдау курсын оқып үйренуге, қызығушылығын үйрету
Өлкетану таңдау курсының 4-сыныпқа арналған бағдарламасы
Атырау облысы, Индер ауданы, Құрылыс ауылы, М. Мөңкеұлы мектебі.
І санатты бастауыш сынып мұғалімі: Тулегенова Гулаим Еділқызы.
Курстың мақсаты
- Оқушылардың туған өлкесі туралы білімін тереңдету және дамыту.
- Жасөспірімдердің бойында белсенді азаматтық ұстаным қалыптастырып, отансүйгіштік сезімін тәрбиелеу.
- Туған өлке табиғатын қорғауға, табиғи ресурстарды үнемдеуге, өз елін және жерін сүюге баулу.
- Елтану білімдері негізінде таңдаулы курсты оқып-үйренуге қызығушылықты арттыру.
Курстың міндеттері
- Туған өлкенің тарихын және табиғи байлығын кешенді түрде зерттеу.
- Оқушыларды өз бетімен білім алуға, шығармашылық тұрғыдан ойлануға және ізденуге үйрету.
- Карта, сұлба, диаграмма және басқа да көрнекі материалдармен тиімді жұмыс істеу тәсілдерін меңгерту.
Дамытушылық бағыт
- Елтану білімдері негізінде курсты оқып-үйренуге қызығушылық қалыптастыру.
- Сабақ барысында өз өңірінен шыққан атақты тұлғалар туралы материал жинап, білім қорын толықтыру.
- Жаңа ақпараттық технология көздерімен жұмыс істеуге және мәлімет іздеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік бағыт
Туған өлке табиғатын қорғауға, табиғи ресурстарды үнемдеуге, өз елін және жерін сүюге тәрбиелеу.
Нәтиже: оқушы туған өлкенің құндылықтарын таниды, жауапкершілік пен отансүйгіштік ұстанымдарын нығайтады, зерттеу дағдыларын дамытады.