Бқл кім

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып
Бұл кім?
Бөлім
3-бөлім: Менің отбасым және достарым
Сабақ
1-сабақ
Мектеп
Докучаев орта мектебі
Мұғалім
Кожахметова Айнур Хасновна
Сынып
1-сынып

Қатысу

Қатысқан оқушылар

Көрсетілмеген

Қатыспаған оқушылар

Көрсетілмеген

Күні/айы

Көрсетілмеген

Оқу мақсаттары

Тыңдалым және түсіну

  • Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну (1.1.2.1).
  • Мұғалімнің көмегімен тыңдалған материалдың кім және не туралы екенін түсіну (1.1.4.1).
  • Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру (1.2.3.1).

Оқу және ауызша тіл

  • Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну (1.3.2.1).
  • Мұғалімнің көмегімен көптік, тәуелдік, жіктік, септік жалғауларын ауызша тілде қолдану (1.5.1.2).

Негізгі ұғымдар

ата әже әке ана аға әпке іні қарындас сіңлі тәуелдік жалғауы

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Отбасы мүшелерін атай алады.
  • Отбасындағы адамдардың атын айта алады.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Отбасы суреті бойынша өз отбасы туралы ақпарат бере алады: суреттегі кім екенін және оның атын айтады.
  • «Қарындас» пен «сіңлі» сөздерінің айырмашылығын түсінеді.

Кейбір оқушылар

  • Кез келген отбасы суреті бойынша отбасы мүшелерін еркін атай алады.
  • Өз отбасы туралы қосымша ақпарат береді.

Тілдік назар

Қолданылатын үлгі

Бұл кім? — Бұл — ата/әже/әке/ана.

Тәуелдік жалғауы (I жақ)

Менің атам, менің әжем, менің анам.

Сабақтың барысы

Сабақтың басы

2–5 минут

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
  • Сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастыру.
  • Сабақ мақсатымен таныстыру.

Сабақтың ортасы

6–35 минут

Көрнекілікпен жұмыс

Оқушылардың назарын суреттерге аударамын және үлгіні бірнеше рет қайталаймыз:

Бұл кім? — Бұл — ата.

Бұл кім? — Бұл — әже.

Бұл кім? — Бұл — әке.

Бұл кім? — Бұл — ана.

Диалог және сөздік қор

Оқулықтағы 1-тапсырмадағы сөйлесу үлгісі арқылы оқушылар отбасы мүшелерінің атауларымен танысады: ата, әже, әке, ана, аға, әпке, іні, қарындас, сіңлі.

Маңызды түсіндіру

Ұл бала өзінен кіші қызды қарындас дейді, ал қыз бала өзінен кіші қызды сіңлі дейді.

Тәжірибелік түсіндіру және кластер

Түсінікті болу үшін сыныптан қарындасы бар ұл баланы және сіңлісі бар қыз баланы ортаға шығарып, олардың мысалы арқылы сөздердің мағынасын нақтылаймыз. Кейін осы сөздерді қолданып, кластер құрастырамыз: оқушы суретті атап, жазылған сөздердің үстіне сәйкес жапсырады.

Сергіту сәті: «Бес бармақ»

Бас бармағым — атам,

Балаң үйрек — әжем,

Ортан терек — әкем,

Шылдыр шүмек — шешем,

Титтей бөбек — мен,

Отбасымды сүйем!

Өлең жолдарын қайталап, қимылдармен көрсетеміз. Осы тұста оқушылардың назарын тәуелдік жалғауға аударамын: менің ата+м, менің әже+м.

Дәптермен және тапсырмалармен жұмыс

3-тапсырма: «Есте сақта!»

Отбасы мүшелері атауларын тәуелдік жалғауының I жағында қолдану үлгісімен таныстырамын. «Менің» сөзімен «ата» сөзінің атам түрінде қолданылатынын түсіндіріп, жаттықтырамыз.

2-тапсырма: үлгі бойынша толықтыру

Тәуелдік жалғауының қолданысын бекіту: ата — менің атам, әже — менің әжем, т.б.

3-тапсырма: өз отбасы туралы айту

Оқушылар өз отбасы мүшелерінің атын айтуға үйренеді: «Бұл — менің анам. Оның аты — ...»

Шығармашылық жұмыс

Оқушылар өз отбасының суретін салады. Сол сурет бойынша отбасы мүшелерін атап, олардың атын айтуға жаттығады.

4-тапсырма: жұптық жұмыс (диалог)

Оқушылар жұппен берілген үлгі бойынша сөйлеседі. Бірінші оқушы екіншісінің отбасы суретінен бір адамды көрсетіп: «Бұл кім?» және «Оның аты кім?» деп сұрайды. Екінші оқушы жауап береді. Диалог шынайы шығуы үшін оқушылар өз суреттерін пайдаланады. Суреттер келесі сабақта қайта қолданылатындықтан, оларды сақтап қоямыз.

Ресурстар

  • Оқулық.
  • Аудиодиск: 3.1.1; 3.1.4.
  • Қағаз, қарындаштар.
  • №1 жұмыс дәптері.
  • Қосымша тапсырма: 3.1.

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс

Сабақты қорытындылау үшін оқушылардан мына сұрақтар бойынша пікір аламын:

  • Бүгін нені үйрендің?
  • Қалай жұмыс істедің?
  • Қай тұсы қызық әрі жеңіл болды?
  • Қай тұста қиындық болды?

Қорытынды

  • Сабақ мақсатына қол жеткізілді: оқушылар өз отбасы мүшелері туралы айта алады.
  • Отбасы мүшелерін ажырата алады.

Өзіндік рефлексияға сұрақтар

  1. Сабақ барысына өзгерістер енгіздіңіз бе? Неге?
  2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе

  1. Бірлескен тыңдалым және айтылым.
  2. Сергіту сәті және сәйкестендіру.

Қосымша тапсырманың әсері

Қосымша тапсырма арқылы оқушылар білімін бекітеді, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады және АКТ-ны қолдану қабілеті қалыптасады.

Көңіл күй

«Менің көңіл күйім» бойынша қысқа кері байланыс.