Торыны талға байлап мінген қандай, Үкілеп әсемдетіп жүрген қандай

Торыны талға байлап мінген қандай,
Үкілеп әсемдетіп жүрген қандай.
Тұсынан қызды ауылдың ән шырқатып,
Сыбанып ақ білекті түрген қандай.
Күнінде уағда еткен қалқа жанның
Жетуге ынтызар боп жүрген қандай.
Ауылы қыз қалқаның қайда екен деп,
Жүгіріп сайлау жермен келген қандай.
Атыңды бір тасаға байлап тастап,
Тұсынан ақ боз үйдің төнген қандай.
Сөз салып қалқажанға жеңгесінен,
Құрбыңмен сыпайы ойнап, күлген қандай.
Ишарат әзілменен сөз қатысып,
Қыз сырын жеңгесінен білген қандай.
Алаңдай, алабұртып тұрғкныңда,
Алдыңнан қарсы шықса ақша маңдай.
Құрбыжан, ебін тауып келдің бе деп,
Ақсиып күрек тісің күлген қандай.
Қалқажан күле қарап , жүр дегенде,
Ақ үйге есік ашып енген қандай.
Жамылып екеуара бір шапанды
Айқасып тар төсекте жатқан қандай.
Мойныңа ақ білекті арта тастап,
Тіл дәмін бір - біріңнің татқан қандай.
Сол жерде айтылмаған сыр қалмайды,
Кілт ашып ақсандықты ақтарғандай.
Ойынның қызығымен білмей қалып,
Машырықтан таң сарғайып атқан қандай.
Тұрыңыз, үйге сәуле кіріпті деп,
Біріне бірі айтқан қандай.
Сол кезде көңіліңе түссе қорқу,
Мысықтан тышқан қорқып сақтанғандай.
Ақырын үйден шығып таң алдында,
Манағы сайдағы атты тапқан қандай.
Шылбырын сал торынының қызға беріп,
Шақшаны қағып - қағып атқан қандай.
Насыбай өз әлінше о да тәтті,
Аллдыңда қарап тұрса ақша маңдай.
Көтеріп қолтығыңнан аттандырып,
Артыңнан тұрса қарап көзін алмай.
Ойласаң бұл дүниеде не қызық бар,
Қасынан қалқажаннның аттанғандай.
Торыны жүгіртесін көңіл тасып,
Біреуден ебін тауып ақша алғандай.
Ауылыңа өлеңдетіп сен қайтасың,
Бәйгеден атың келіп шаттанғандай.



Ұқсас жұмыстар

Ақан Сері Қорамсаұлы лирикалық ақын
Ақан сері өнерінің қоғамда алатын орны атты сахналық көрініс
Ақан серінің шығармашылық өмірбаяны
Ақан серінің махаббат лирикасы және Құлагер тұлпардың қазасы
ЖЫРАУЛАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАНЫМДАР БАСТАУЫ
Ілияс Жансүгіров — ақын ,қоғам қайраткері
Ер бағынан ат бағы артық
ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВ (1894-1938)- әрі лирик, әрі эпик ақын
Спиритизм
ХІХ ҒАСЫР ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ
Теңіз сорапты штангілі қондығылармен жабдықталған ұңғылардың жабдығын таңдау және технологиялық жұмыс режимін орнату
Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы
БАСТАЛҒАН ЖЫЛҒА ЖОСПАР КӨП
ӘМБЕБАП ПОЧТА ҚЫЗМЕТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҚСАТҚА ЛАЙЫҚТАЛҒАН
Қандай бота
Ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда бір байда жүрген қойшы байдан көп жылдар бойы ақы ала алмаған соң және байдың қорлығына шыдай алмай бір түнде еліне қашып кетеді
Міне, үш ай жазғы демалыстан шығып, жаңа оқу жылына зейін қоямыз деп жүргенде, күздің суық та қоңыр күндерінің қалай өткендігін де байқамай қалыппыз
Көрінбей қалай жүргенсің бұрын көзіме ерке қыз
Қайдан келген, қандай сақалдар бұлар
Бір күні елпелектей ұшып жүрген көбелек қораның төбесіне келіп қонады