Салауатты әдеттер бөлімшелері
Қостанай облысы, Қостанай қаласы • Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты
Тәрбиеші: Абишева Нұргүл Шаймерденқызы
Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ!
Мақсаты
- Оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруына ықпал ету.
- Жеке бас гигиенасын сақтауға үйрету.
- Дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру.
- Дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға баулу.
- Зиянды әдеттердің алдын алу, ішімдік пен темекінің жас организмге зиянын түсіндіру.
- Оқушыларды мектеп партасынан-ақ жаман әдеттерден алшақ болып, жақсы әдеттерді бойына сіңіруге тәрбиелеу.
Түрі
Сайыс-сабақ.
Көрнекілігі
- Кітаптар көрмесі
- Карточкалар
- Оқушылардың шығармашылық жұмыстары (суреттер)
- Ұлағатты сөздер
Жоспар
- I Ұйымдастыру кезеңі
- II Ой қозғау: «Салауатты өмір салты дегеніміз не?»
- III Салауатты әдеттер бөлімшелері
- IV Пайдалы кеңестер (дәрігердің сөзі)
- V Қорытындылау
Кіріспе сөз
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ!»
Ұлағатты сөз
«Дені сау сәби – әр отбасының қуанышы, бақыты. Ал денсаулығы мықты сәби – халықтың болашағы, Отанның сенімді тірегі. Дені сау адам – табиғаттың ең бағалы туындысы».
— Сара Назарбаева
Сіздерге сәттілік тілеймін!
1-жүргізуші: Ой қозғау
Бүгінгі сабақта денсаулығымызды қалай сақтайтынымызды және қандай нәрселерден аулақ болу керегін талқылаймыз. Халқымыз «Деннің саулығы – бастың байлығы» деп бекер айтпаған.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев өз жолдауларында азаматтардың денсаулығына және қоршаған ортаның тазалығына ерекше мән беріп, бұл бағытта күш салудың маңызын атап өткен. Ендеше, денсаулықты сақтау – әрқайсымыздың өз қолымызда.
2-жүргізуші: Сайысқа кіріспе
Сұрақ: «Салауатты өмір салты» дегенді қалай түсінесіздер?
Осыған байланысты оқушылар 3 топқа бөлінеді. Әр топ берілген тапсырмалар бойынша дайындалып, сайысқа қатысады.
І бөлім: Жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану
Төмендегі сұрақтар арқылы гигиена, күн тәртібі және тамақтану мәдениеті бойынша білімімізді тексереміз.
Сұрақтар (1–5)
-
1) Денсаулықты сақтауға үйрететін ғылым:
а) биология • б) валеология • в) анатомия
-
2) Оқушының орындығына жарық қай жақтан түсуі керек?
а) арт жағынан • б) оң жақтан • в) сол жақтан
-
3) Даладан терлеп келсеңіз, не істеу керек?
а) құрғақ киім кию • б) аяқты суық суға салу • в) желдеткіш қосып, денені құрғату
-
4) 10–15 жастағы балалардың қалыпты тамыр соғуы қанша?
а) 60–70 • б) 70–80 • в) 80–90
-
5) Дене сымбатының бұзылуы неден болады?
а) ұзақ жүгіріс, жеткіліксіз демалыс • б) демалыс ырғағының бұзылуы • в) аз қимыл, бұлшықеттің әлсіздігі
Сұрақтар (6–10)
-
6) Қай ереже көздің шаршауын азайтады?
а) аптасына 6 рет 120 минут үзіліссіз жұмыс істеу • б) әр 7–8 минут сайын көзге 1 минут жаттығу жасау • в) төсекте жатып оқу
-
7) Фаст-фуд тағамдарының қандай пайдасы бар?
а) пайдалы заттарға бай • б) күні бойы қуат береді • в) асқазанды қорғайды
Ескерту
Шын мәнінде, жоғарыдағы жауаптардың ешқайсысы дұрыс емес. Көптеген фаст-фуд өнімдері денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін. Мысалы, чипсы құрамында май, бояғыштар, дәм күшейткіштер және канцерогендер кездесуі ықтимал. Мұндай тағамдар артық салмаққа, асқазан-ішек мәселелеріне және ұзақ мерзімді қауіптерге әкелуі мүмкін.
-
8) Таңертеңгі ботқа немен пайдалы?
а) оянуға көмектеседі • б) күні бойы қуаттандырады • в) асқазанды қорғайды
-
9) D дәрумені негізінен қайдан түседі?
а) жеміс-жидек жегенде • б) сиыр етін жегенде • в) күнге шығып серуендегенде
-
10) Кір қол қандай ауруларға себеп болуы мүмкін?
а) тұмау • б) асқазан аурулары • в) гепатит
ІІ бөлім: Дене шынықтыру және спорт
Спорт (француз тілінен енген) — белгілі ережелер мен дәстүрлерге сай, көбінесе жарыс түрінде өтетін әрекет. Спорт физикалық төзімділікті ғана емес, кейде ақыл-ойды, тактиканы және құрал-жабдық сапасын да талап етеді.
Адам спортпен денсаулығын жақсарту, рухани және материалдық қанағаттану, сондай-ақ өзін-өзі дамыту үшін шұғылданады.
Сайыс сұрақтары
-
1) Шахмат тақтасында неше тор бар?
а) 64 • б) 78 • в) 68
-
2) 2012 жылы Лондон Олимпиадасында әйелдер алғаш рет қай спорт түріне қатысуға рұқсат алды?
а) күрес • б) бокс • в) гандбол