Ортаға назар салыңдар
Фестивальдің ашылуы
1-жүргізуші: Армысыздар, ағайын, құрбы-құрдас! Бармысыздар, ән сүйер әз қауым! Бүгінгі кештің әуенін бірге бастап, сайысқа шын көңілмен қол соғайық.
2-жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар! Бармысыздар, жадыраған жас достар! Бүгінгі «Айгөлек» фестиваліне қош келдіңіздер!
Қатысушылар мен қазылар алқасы
Осы кезеңге 11 әнші және 2 бишілер тобы жолдама алды. Баршаңызға сәттілік тілейміз!
- Төлеміс ағай
- Маржан апай
- Эльмира апай
- Айбол ағай
- Асылхан ағай
Ендеше, кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
Өнер — жан айнасы
2-жүргізуші: Ән де, күй де — еріккеннің ермегі емес. Ол — адам жанының айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі. Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы-мұң. Әсем әуезді ән — адам өмірінің тамаша бейнесі.
Көшеккалиева Рабиға — «Айқаракөз»
Алғашқы жас өнерпазымыз — Көшеккалиева Рабиға. Ортаға «Айқаракөз» әнімен шақырамыз. Қошеметпен қарсы алайық!
«Дауысың қандай сырлы еді, табиғатты тыңдатқан. Көркің қандай нұрлы еді, таңшолпанмен астасқан…»
1-жүргізуші: Рабиға, алғашқы болып сахнаға шықтың. Қандай сезімде болдың?
Сұрақ: Бұл ән саған ұнады ма? Ал сіз не дейсіз, Маржан апай?
Өтепберген Диана — «Құстар қайтып келгенде»
1-жүргізуші: «Құлақтан кіріп бойды алар, жақсы ән мен тәтті күй…» — деп Абай атамыз жырлағандай, келесі кезек — Өтепберген Диананың орындауындағы «Құстар қайтып келгенде» әні.
Диана, бәрекелді! Әніңді тамаша орындадың. Саған тек сәттілік тілейміз!
Сұрақ: Қазылар алқасы, пікірлеріңіз қандай?
Сайыс бағдарламасы
2-жүргізуші: Жақсы әнші — өнеге. Өнерді үйрен бір-бірлеп, ән шырқа да би биле. Халық айтса — біледі: талаптыға нұр жауар!
Зейнолла Дамиля — «Әнші балапан»
Ортамызда Зейнолла Дамиля — «Әнші балапан» әнімен. Дамиля, жарайсың! Орындауың өте ұнады.
Сұрақ: Төлеміс ағай, пікіріңіз қандай?
Айдынов Элдар — «Сайрам су»
1-жүргізуші: Әннің әсері әр қилы: тәтті әуен адамның ұйықтап жатқан жүрегін оятып, жан дүниесін түрлі күйге бөлейді.
Келесі кезек — Айдынов Элдар. «Сайрам су» әнін қабыл алыңыздар. Қошеметпен қарсы алайық!
2-жүргізуші: Алдымызда ұзақ жол — ізденуден талмағай. Қиындыққа мойымай, өнер жолын жалғай бер! Элдар, сәттілік!
Сұрақ: Қазылар, бағаларыңыз қандай?
6-сынып оқушылары — би
1-жүргізуші: «Би десе барын салатын, құмары содан қанатын…» — келесі кезек 6-сынып оқушыларының биіне беріледі.
Қыздар, жарайсыңдар! Билерің көңілімізден шықты.
Сұрақ: Айбол ағай, сізге ұнады ма?
Закаев Бекзат — «Анаға сәлем»
2-жүргізуші: Уа, халайық, назар салыңыздар! Ата жолын жалғап, ел дәстүрін сақтайтын өнерпаз — бүгін әнші атанбақ.
Ортаға Закаев Бекзат «Анаға сәлем» әнімен шақырылады. Қошеметтейік!
Бекзат, өнер жолың ақ болсын! Тамаша орындадың.
Сұрақ: Асылхан ағай, бұл әнді тыңдағанда қандай көңіл күйде болдыңыз?
Өтебай Абзал — «Бала тілегі»
1-жүргізуші: Бүгінгі сағынышқа да, шаттыққа да толы кешімізді жалғастырайық. Бұл мерекеге әнмен шашу шашайық!
Келесі кезек — Өтебай Абзал. «Бала тілегі» әнін қабыл алыңыздар!
Абзал, бәрекелді! Орындауың ұнады.
Сұрақ: Қазылар, сіздер не дейсіздер?
Аман Айым — «Жан гүлім»
2-жүргізуші: «Әндер-әндер! Ұш әуемде, ұш көгімде… Көктем келсе гүл боп елге, мен де бірге түрленем…»
Кезек — Аман Айымның орындауындағы «Жан гүлім» әніне. Айым, талабыңа нұр жаусын!
Сұрақ: Эльмира апай, пікіріңіз қандай?
Сади Арсен — «Бозжорға»
1-жүргізуші: Оқушылар мен ұстаздар, назар салыңыздар: Арсен жігіт келеді, бар өнерін төгеді!
Қошеметпен Сади Арсеннің орындауындағы «Бозжорға» әнін тамашалайық.
Арсен, бойыңда от барын байқадық. Жүрегіңдегі шоқты өшірмей, әрдайым жалындатып жүр!
Сұрақ: Қазылар, сіздерге қалай әсер етті?
5-сынып оқушылары — би
2-жүргізуші: Уа, жараңдар, бәрің бері қараңдар! Бишілер келіп қалыпты — бір сәт зейін салайық.
Жарайсыңдар, балалар! Тамаша билеп шықтыңдар.
Сұрақ: Маржан апай, бұл би сізге ұнады ма?
Беркінбай Айнұр — «Аппақ гүлдер»
1-жүргізуші: Қуанып жасымыз да, кәріміз де, саламыз шаттық әнге бәріміз де. Ендеше ортамызға «Аппақ гүлдер» әнімен Беркінбай Айнұрды шақырамыз!
2-жүргізуші: Айнұр, сені өнердің биік шыңдарынан көрейік. Сәттілік!
Сұрақ: Айбол ағай, сіз не айтасыз?
Ғалемов Армат — «Анаға сәлем»
1-жүргізуші: «Бап шабпайды, бақ шабады» — деп бағын сынауға келген Ғалемов Арматтың орындауындағы «Анаға сәлем» әнін тамашалайық.
2-жүргізуші: Бәрекелді, Армат! Жарайсың!
Сұрақ: Қазылар, пікірлеріңіз қандай?
Қорытынды сөз
1-жүргізуші: Осымен «Айгөлек» фестивалі өз мәресіне жетті. Күнде дәл осындай жиын бола бермес. Біз күн сайын өзгеріп, өркендейміз.
Ұл-қыздың бақыты үшін ғұмыр кешкен қадірлі ұстаздар мен әділқазы алқасына сөз береміз. Сын — шын болсын, бағалау — әділетті болсын!
Жеңімпаздарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Бірге: Көріскенше күн жақсы болсын!