Ұстазға көрсетілетін құрмет

Мақсаты

  • Оқушылардың бойында ұстазға деген ерекше жылы сезім қалыптастыру.
  • Ұстазды құрметтеуге, сыйлауға, қадірлеуге және ұстаз еңбегін бағалай білуге үйрету.
  • Адамгершілікке, кішіпейілділікке, үлкенге құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі

Гүлдер

Ізет пен алғыс белгісі.

Шарлар

Мерекелік көңіл күй.

Нақыл сөздер

Тәрбиелік ой, өнеге.

Буындар

Оқу, тіл дамыту тапсырмалары.

Кіріспе сөз

Аяулы ұстаздар, төл мерекелеріңіз құтты болсын! Еңбектеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз. Мерейлеріңіз үстем болсын.

Мектептің тірегі әрі жүрегі — ұстаз. «Ұстаздық етпес жалықпас, үйретуге балаға», — деп Абай атамыз айтқанындай, шәкірттерге білім берудегі ұстаздардың еңбегі ұшан-теңіз.

Алдымызда отырған балаларымыздың әрқайсысы — бір кірпіш. Сол кірпіштің берік қалануына ұстаздардың еңбегі себеп. Сондықтан бүгінгі әніміз де, өнеріміз де сіздерге арналады, қадірлі ұстаздар.

Бағдарлама

  • Би: «Қаражорға»
  • Хор: «Мұғалім — ол біздің…»

Оқушылардың құттықтауы мен өлең жолдары

Нұрбақыт

Шәкірттердің ой-санасы ашылсын,
Ұстаздарға әлем халқы бас ұрсын.

Маххабат

Мектебімнің мейірбан ұстаздары!

Жансая

Тойлайды бұл күнді көктен,
Біздің байтақ бақытты ел.
Ұстаздарды шын жүректен
Құттықтайды шәкірттер.

Алғыс сізге, алғашқы ұстаз,
Бізге үйреткен әліппе.
Атыңызды дәріптеп…

Дилназ

Жарқын жүзді ұстазым — мейірбан, сабырлы,
Аузыңыздан шыққан әр сөз шәкіртке қадірлі.
Келдім міне алдыңызға, бір шоқ гүлім қолымда,
Саған шәкірт боламын ғылым-білім жолында.

Рустам

Көзге ыстық көрінер оқушының партасы,
Болғаны да осының мұғалімнің арқасы.

Ақсұңқар

Ұстазым — қамқоршым, ақылшым,
Анамдай сен маған жақынсың.

Мадияр

Мұғалім, сұлу мұғалім,
Арнадым саған бұл әнім.

Хор

«Жалғыз саусақ…»

Мұғалім апай ғой.

Қызғалдақ

Анадай мәпелеп, ол бізді өсірген.
Кім атын атай ғой — мұғалім апай ғой.

Аман

Әліппе оқуға үйреткен қашанда.
Кім атын атай ғой — мұғалім апай ғой.

Тоқсанбай

Көп сөйлеп отырма — еліне қадірлі.
Кім атын атай ғой — мұғалім апай ғой.

Жадыра

Мұғалім кім десең…

Санжар

Ұстазың — жанда сөнбес күн,
Шәкіртсіз өмір — сусыз жер.
Көрінбес ғажап еңбектің,
Бейнетін көріп жүрсіздер.

Нұрбақыт

Білімнің кәусар бұлағың…

Шолпан

Ақылшым, асыл ұстазым,
Жолымды маған нұсқадың.

Ұстазға қажетті заттар (жұмбақ)

  1. Ілулі тұр кең алаң,
    Керегімді мен одан.
    Жазып алам, көшіріп,
    Сүртемін сосын өшіріп.
  2. Төрт қырлы, өзі аппақ,
    Тақтадағы ізі аппақ.
  3. Аузы біреу, тілі екеу, жаны жоқ,
    Сөйлей тұғын сөздерінің саны жоқ.
  4. Жүре алмайсың жолы болса да,
    Жырта алмайсың жері болса да.
    Шаба алмайсың нуы болса да,
    Іше алмайсың суы болса да.
  5. Достастырып әріптермен,
    Білімге жол салып берген.
    Алдымнан шам жағып берген,
    Айналайын, ...
  6. Ортасында шегесі,
    Жіп-жіңішке денесі.

Ұстазға көрсетілетін құрмет

  1. Ұстаз кіргенде құрмет ретінде орнымыздан тұру.
  2. Ұстаз алдында отырғанда тәртіп сақтау.
  3. Сұрақтарға қол көтеріп жауап беру.
  4. Ұстаздың ақыл-кеңесін мұқият тыңдау.
  5. Ұстазға жол беру.
  6. Ұстаз берген тапсырмаларды мүлтіксіз орындау.
  7. Ұстаз алдында бейберекет күлмеу.
  8. Сабақтан тыс уақытта да ұстазды қадірлеу.

«Мұғалім мен оқушы» (көріністен үзінділер)

  • 1

    Буыннан ұйқас құрастыру.

  • 2

    Буындар арқылы оқыту.

  • 3

    «Ата», «нан» сөздеріне байланысты көрініс.

  • 4

    Әріпке байланысты таппақ айту.

  • 5

    Жұмбақ жасыру және мақал құрау. (Сурет көрсету. Оқушылардың өздері дайындап келген жұмбақтарды жасыру.)

  • 6

    Оқушылардың тілегі.

Оқушылардың тілегі

Мейірімді Лайықты Ұлағатты Іскер Ғазиз Маман Ақылды

Хор

«Алғашқы ұстаз»