Наурыз мерекесінде ойналатын ұлттық ойындарды ата
Шежін орта мектебі, коммуналдық мемлекеттік мекеме
Бастауыш сынып мұғалімі: Майчубаева Г. Ә.
Сабақ тақырыбы: Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңі (слайд)
Пәні: Ана тілі
Сабақ құрылымы
Ұйымдастыру кезеңі
- Психологиялық дайындық
Үй тапсырмасы
- Міржақып Дулатовтың «Наурыз» өлеңін жатқа айту
- Эссе жазу
Үй тапсырмасын бекіту (топтық жұмыс)
1-топ сұрақтары
- 1. «Наурыз» сөзі қандай мағына береді?
- 2. Наурыз айында қандай мерекелер бар?
2-топ сұрақтары
- 1. Наурыз айында қандай өзгерістер болады?
- 2. «Әз кіреді (жүреді)» дегенді қалай түсінесің?
Жаңа сабаққа кіріспе
Қызығушылықты ояту
- Наурыз мерекесінің ерекшеліктері қандай?
- Наурыз көжеге неше түрлі дәм қосылады? Оларды ата.
- Наурыз мерекесінде ойналатын ұлттық ойындарды ата.
- Наурыз мерекесінде қандай бата беріледі?
- Қызыр ата деген кім?
Жаңа сабақ
Операциялық-орындаушылық кезең
- Оқулықпен жұмыс
- Автормен танысу
- Өлеңді мәнерлеп оқу
- Өлеңнің негізгі идеясын ашу
Автормен таныстыру: Сәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин 1894 жылы Қарағанды облысындағы Нілді ауылында дүниеге келген. Жастайынан ән айтып, өлең шығарып, өнерге құмар болған.
Ол өз шығармаларында ерлікті, сұлулықты, адалдықты асқақтата жырлады. Сәкен — қазақтың көрнекті ақыны, драматургі және қоғам қайраткері.
1938 жылы жалған жаланың құрбаны болып, дүниеден өтті.
Мағынаны тану: Наурыз туралы негізгі ұғымдар
Наурыз — көктем мерекесі.
Наурыз — адамдардың бір-біріне тілек білдіретін күні.
Наурыз — ренжіскендер татуласатын күн.
Наурыз — жаңа күн.
Наурыз — имандылық мерекесі.
Наурыз — мейірімділік пен қайырымдылық мерекесі.
Наурыз — Ұлыстың ұлы күні. Халық Наурыз мейрамын қаншалықты жақсы тойласа, келесі жылы соншалықты құтты болады деп ырымдайды.
Наурыз — түрлі ұлттық ойындар ойналатын күн. Наурыз тойында дәстүрлі ойындар, бәйге, ойын-сауық ұйымдастырылады.
Қыдыр баба батасы
Айың оңыңнан тусын,
Жұлдызың солыңнан тусын.
Бақ берсін, Қыдыр дарысын.
Ақ мол болсын,
Ел іргесінде тыныштық,
Бейбіт өмір болсын!
Ұлы күні ұлыстың,
Күн мен түнді теңеген.
Аман болсын жас-кәрің,
Ашық болсын аспаның!
Рефлексия
Венн диаграммасы бойынша екі өлеңді салыстыру
- М. Дулатовтың «Наурыз» өлеңінде не айтылған?
- С. Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңінде не айтылады?
- Екі өлеңнің ұқсастықтарын анықта.