Дыбысқа сәйкес текшені көрсету
Сабақтың тақырыбы
С дыбысы және әрпі
Білімділік
- Өткен дыбысты қайталау, зейінді бақылау.
- Жаңа С, с дыбысымен таныстыру; сөздер мен сөйлем құрауға, дұрыс буынға бөлуге бағыттау.
- Дыбыстық талдау жасауға және көркем жазуға жаттықтыру.
Дамытушылық
- Балалардың ой-өрісін және шығармашылығын дамыту.
- Сөздік қорын және сөйлеу дағдысын жетілдіру.
Тәрбиелік
- Ұғымталдыққа, ұқыптылыққа баулу.
- Әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, әңгімелеу, ойын.
Көрнекілігі
Интербелсенді тақта, кеспе әріптер, текшелер, суреттер, тірек сызба.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Сәлем бердік, ашық аспан!
Сәлем бердік, алтын күн!
Сәлем бердік, Жер-ана!
Сәлем бердік, баршаңа!
II. Психологиялық дайындық (ой шақыру)
Өткен тақырыпты еске түсіру
- Өткенде қай әріппен таныстық? — Б дыбысы мен әрпі.
- Б дыбысына сөздер: балық, балапан, бақа, бұзау, бота.
- Б дыбысы — дауыссыз.
Ережені қайталау
- Дыбыс деген не? — Дыбысты естиміз және айтамыз.
- Әріп деген не? — Әріпті жазамыз, оқимыз және көреміз.
III. Жаңа сабақ (ой толғаныс)
Жұмбақ шешу
1-жұмбақ
Күндіз де жүреді, түнде де жүреді. Аяғы жоқ, қолы жоқ, не жүрген жолы жоқ.
Жауабы: сағат
2-жұмбақ
Жұқа тақтай бөлшегі, ұзындықтың өлшемі.
Жауабы: сызғыш
3-жұмбақ
Судан ол қорқады, бұдан кір қорқады.
Жауабы: сабын
Ойын: «Кел, танысайық»
Мақсаты: танымын, ой-өрісін дамыту; сөз мағынасын түсінуге үйрету.
Сипаттамалар
- Уақыт ұзақтығын өлшейтін құрал.
- Сызуға арналған құрал.
- Кір жууға арналған кесек немесе сұйық зат.
Қорытынды сұрақ
Осы сөздер қандай дыбыстан басталады?
С дыбысынан
Бүгін біз жаңа С әрпімен танысамыз. Хормен айтамыз: С — С — С.
С дыбысы айтылған кезде тілдің ұшы астыңғы тіске тіреліп, белгілі кедергі арқылы шуылдап шығады. Айтылуына қарай бұл — дауыссыз, қатаң дыбыс. Көк текшемен белгілейміз, буын құрай алмайды.
Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей,
Сағатқа қарап ап,
Сағаттың тіліндей —
1, 2 — оң аяқ.
IV. Тақтамен жұмыс
Ойын: «Көңіл бөлейік»
Мақсаты: жаңа әріптің баспа және жазба таңбасын таныту, есте сақтауын жетілдіру.
Бірнеше таяқшаның көмегімен С әрпін құрастыру.
V. Оқулықпен жұмыс
Ойын: «Мен қандай дыбыспын?»
Сөздер: сандық, асық, күнбағыс.
Мақсаты: сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйрету, дыбысқа сәйкес текшені көрсету.
С дыбысының сөздің басында, ортасында және соңында кездесетінін түсіндіру.
Ойын: «Кім зейінді?»
Буындарды оқыту
Сөздерді оқу
Сергіту сәті
Бір, екі, үш —
Бойға жинап күш.
Қолға қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
VI. Дәптермен жұмыс
Ойын: «Қарындашпен жұмыс»
Мақсаты: С, с әрпінің баспа таңбасын үлгі бойынша бастырып, жазуға үйрету; қол қимыл-қозғалысын дамыту.
VII. Ойын: «Шашыраған әріптерден сөз құра»
Кеспе әріптер мен текшелерді пайдаланып мына сөздерді құрастыру және жазу:
VIII. Қорытынды
Ойын: «Буынға буын қос»
Мақсаты: тірек сызба арқылы бір буыннан бірнеше сөз құрастыру.
IX. Бекіту (сұрақ-жауап)
Сұрақтар
- 1 Қыздар құлағына не тағады?
- 2 Қыздар басына не киеді?
- 3 Қыздар қолына не тағады?
- 4 Мектепте не оқимыз?
Жауаптар
X. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.
XI. Қоштасу
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды соғайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау-саламат болайық.