Оңтүстік Американың байырғы халықтар

Сабақтың тақырыбы

Оңтүстік Американың табиғат зоналары

Сабақ түрі

Саяхат сабақ

Сабақ типі

Қайталау

Әдістер

Сұрақ–жауап, талдау

Мақсаттары

  • Білімділік

    Оңтүстік Американың табиғат зоналары туралы білімді жинақтау және қорытындылау.

  • Дамытушылық

    Танымдық білік-дағдыларды, өзіндік іс-әрекетті қалыптастыру; сараптау және іскерлік қабілетті дамыту.

  • Тәрбиелік

    Қайталау арқылы есте сақтауды күшейту, тез ойлауға үйрету, шығармашылық қабілеттерді қалыптастыру және дамыту.

Пәнаралық байланыс

Орыс тілі, ағылшын тілі

Көрнекіліктер

Дүние жүзінің физикалық картасы, слайдтар, кеспе қағаздар, жұмыс дәптері, ашық журнал

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

Мұғалім оқушылармен амандасып, қатысушыларды түгендейді. Содан кейін сыныпқа «Жас саяхатшылар клубынан» келген хабарлама оқылады: бүгін біз Оңтүстік Америкаға саяхат жасаймыз. Жолға шығу үшін «билет сатып алу» керек, ал билетті алу — сұрақтарға дұрыс жауап беруден басталады. Алғашқы бағыт: «Жаңажол» бекеті.

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар рөлдерге бөлініп (тарихшы, климатолог, гидролог, этнограф, биолог, зерттеуші), қысқаша жауап береді:

  1. 1) Оңтүстік Америка қайда орналасқан? Жер бедерінің ерекшелігі қандай? (тарихшы)

  2. 2) Қандай климаттық белдеулер бар? (климатолог)

  3. 3) Оңтүстік Америкада қандай өзендер бар? (гидролог)

  4. 4) Оңтүстік Американың байырғы халықтары кімдер? (этнограф)

  5. 5) Табиғат зоналарының басты ерекшелігі неде? (биолог)

  6. 6) Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама қайсы? (зерттеуші)

II. Мағынаны ашу

20 минут

«Петропавл – Алматы» бағытымен поездге отырып, Алматыға жетеміз. Ауа райы тамаша. Енді Алматыдан әрі қарай ұшақпен ұшу үшін әуе кассасынан билет аламыз — ол үшін жұмбақтарға жауап береміз. Бұл — бірінші аялдама.

Жұмбақ 1

Отырса — жасыл, ұшса — сарғаяды, жерге түсіп — қарайады.

Жауабы: жапырақ

Жұмбақ 2

Ешкімнен қорықпайды, бірақ қалтырайды.

Жауабы: терек

Жұмбақ 3

Бар ма, жоқ па — анық білмейсің. Ол жоқ жерде өмір сүре алмайсың.

Жауабы: ауа

«Стюардесса хабарламасы»

Саламатсыздар ма, құрметті жолаушылар! Біздің Air Astana ұшағына қош келдіңіздер!

Добро пожаловать на борт Air Astana!

Dear passengers! Welcome on board Air Astana!

Сұрақ-бағдар

  • Оңтүстік жарты шар туралы не білеміз?
  • Оңтүстік Американың шеткі нүктелерін картадан көрсетіңдер.
  • Қандай таулар мен шөлдер бар?
  • Өсімдіктері мен жануарлары туралы не айтасыздар?
  • Қандай табиғат зоналары таралған?
  • Қандай белдеуліктер кездеседі?
  • Байырғы халықтары туралы не білеміз?

Екінші аялдама: Бразилия

Біз Бразилияға қондық. Енді ормандарды аралауға дайынбыз. Ол үшін табиғат зоналарын нақтылап аламыз.

Талқылауға арналған сұрақтар

  1. 1. Табиғат зоналарын не үшін білу маңызды?
  2. 2. Ауыспалы ормандар зонасының белгілері қандай?
  3. 3. Субтропиктік ормандар зонасының ерекшелігі неде?
  4. 4. Саванна дегеніміз не?

Негізгі ұғымдар

Амазонканың ылғалды экваторлық ормандары
Экватордың екі жағын алып жатқан ылғалды ормандар зонасы.
Гилея
Ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы.
Сельвас
Жергілікті халық қалың ылғалды орманды осылай атайды.

Бекіту сұрақтары

  1. 5) Экватордың екі жағын алып жатқан қандай ормандар? Амазонканың ылғалды экваторлық зонасы
  2. 6) Гилея дегеніміз не? ылғалды ормандар зонасы
  3. 7) Оңтүстік жарты шар саваннасы — кампоста қандай өсімдіктер өседі? тікенекті кактус, сүттіген, мимоза
  4. 8) Неліктен Мексика таулы қыраты «кактустың екінші отаны» деп аталады? кактостар өте көп таралған
  5. 9) Субтропиктік дала зонасы қайда орналасқан және қалай аталады? пампа
  6. 10) Шөлейт зонасы қайда орналасқан? материктің оңтүстігіндегі Патагония аумағын қамтиды
  7. 11) Неліктен бұл зонаны «ғаламшардың өкпесі» деп атайды? қызыл-сары ферралитті топырақтарда ағаштың 2000-нан астам түрі өседі
  8. 12) Қалың орманды жергілікті халық қалай атайды? сельвас

Келесі қадам

Келесі аялдама — жас саяхатшылар орталығы. Онда бізге жаңа жолдама беріледі: өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне шолу жасап, көрген-білгенімізді жүйелеу. Себебі ертең мектепте басқа оқушылар «Не көрдіңдер?» деп сұрайды.

III. Ой толғаныс

13 минут

Картамен және суреттермен жұмыс

  • Қай жануар қай табиғат зонасында мекендейді?
  • Қандай өсімдіктер қай аймақтарда өседі?
  • Карта бойынша таралу заңдылықтарын дәлелдеңдер.

Ескерту: тапсырманы орындамасаңыздар, «ауылға қайту» қиындайды — қайтуға билет сөзжұмбақ арқылы беріледі.

Қайту билеті: сөзжұмбақ

Жұмыс дәптерінде берілген сөзжұмбақты шешеміз. Дұрыс жауаптар — бүгінгі саяхатта кездескен негізгі ұғымдар мен табиғат зоналары.

Нәтиже: әр оқушы өзіне маңызды болған 2–3 жаңа түсінікті атап, қысқаша қорытынды жасайды.

IV. Үй тапсырмасы және бағалау

2 минут

Үйге тапсырма

Кескін картаға Оңтүстік Американың барлық табиғат зоналарын түсіріп, әр зонаға тән өсімдіктер мен жануарларды белгілеу.

Бағалау

Белсенділік, дәлелді жауап, карта/суретпен жұмыс және топтық қатысу негізінде бағаланады.

Қорытынды

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!