Оқушыны Қасым Аманжоловтың Туған жер атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету

Сабақтың тақырыбы

Туған жер. Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңі.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыны Қасым Аманжоловтың «Туған жер» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету.
  • Елге, жерге деген патриоттық сезімін ояту.
  • Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
  • Байланыстырып сөйлеуін және шығармашылық ойлауын дамыту.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Түрі
Жаңа білім беру
Әдістері
Сұрақ-жауап, талдау
Көрнекілігі
Суреттер, кесте

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Сабағымыз басталды, балалар, бәріңе пайдалы. Барлығын ұғып алыңдар, сабаққа зейін салыңдар!

II. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасын пысықтау сұрақтары:

  • Ту туралы не айта аласың?
  • Елтаңбаның мәні қандай?
  • Әнұранның маңызы неде?

III. Мақсат қою кезеңі

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. Ой қозғау сұрағы:

Балалар, Отан мен туған жер туралы қандай өлеңдер білесіңдер?

IV. Жаңа сабақ

Кіріспе. Қасым Аманжолов — Отан, туған жер, өскен ел тақырыбында көптеген өлең жазған дарынды ақындардың бірі. «Туған жер» атты лирикалық өлеңі автордың туған жерге деген мақтаныш сезімін айқын көрсетеді.

Оқулықпен жұмыс

  • Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
  • Әр шумақты кезектесіп, жалғастырып оқу.
  • Әр шумақтың негізгі түйінін анықтау.

V. Түсінгендерін тексеру

  1. Ақынның көңіл күйі мен туған жерге деген ризашылық сезімі өлеңнің қай жолдарында берілген? Өлеңнің соңғы жолдарынан автордың қандай ой-пікірін аңғаруға болады?
  2. Өлеңнің үшінші шумағына сүйеніп, сөзжұмбақта жасырынған сөзді табыңдар.

Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,

Нендей күйге жүрегімді бөледің?

Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем,

Арманым жоқ бұл дүниеде дер едім.

Түйінді ұғым: «Лирика»

Лирика дегеніміз не?

Лирика — көркем әдебиет жанрларының бірі. Лириканың басты ерекшелігі — адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөз арқылы бейнелеп көрсетуі.

VI. Қорытынды

Осы оқулықта ақынның тағы қандай өлеңімен таныстыңдар?

VII. Үйге тапсырма

  • Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу және жаттау.
  • «Сенде тудым, сенде өстім мен, сенде өлсем, арманым жоқ бұл дүниеде дер едім» деген жолдарға сүйеніп ойтолғау жазу.

VIII. Бағалау

Оқушыларға бағалау үшін смайликтер таратылады.