Құрметті ата - аналар мен ұстаздар
Әліппемен қоштасу
Бұл ертеңгілік — оқушылардың алғашқы оқу жолындағы маңызды белесі. Оқушылар сауат ашу пәні барысында алған білімдерін бекітіп, шығармашылық қабілеттерін көрсетеді, ал ата-аналар мен ұстаздар бала жетістігінің куәсі болады.
Мақсаты
- Оқушылардың білімін бекіту, сауат ашу пәні барысында алған білімдерін жүйелеу.
- Өз өнерлерін ата-аналарға көрсету, эстетикалық талғамын тереңдету.
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұқыптылық пен жинақылыққа тәрбиелеу.
Мұғалімнің құттықтауы
Құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Бала — біздің болашағымыз, еліміздің ертеңі. Сол ертеңгі ел тізгінін ұстайтын ұрпағымызды хан баласындай нық, бидің баласындай тік сөйлейтіндей етіп тәрбиелеу — бүгінгі ұстаздар мен ата-аналардың ортақ міндеті.
Соның бір көрінісі — «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігі. Көріп, тамашалаңыздар!
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл-ойларың.
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың!
1-оқушының сөзі
Армысыздар, мұғалімдер — әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар!
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!
Ақпарат
- Мектеп
- Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, №6 жалпы білім беретін орта мектебі (КММ)
- Бастауыш сынып мұғалімі
- Кордабаева Жұлдыз Мухаметжановна