Ағза мүшелері
Сабақ тақырыбы: Ағза мүшелері
Сабақ түрі
Ауызша сабақ – 2
Технология
БЖС, ауызша – 2 (сабақ картасы)
Негізгі тірек сөздер
- бас
- мойын
- кеуде
- қол
- аяқ
- ми
- ағза
Сабақ мақсаты
-
Мәтіндегі автордың шынайы суреттеу шеберлігін оқушы жүрегіне жеткізу және әңгіменің мазмұнын түсіндіру.
-
Оқушының сөйлеу және мәнерлеп оқу қабілеттерін дамыту; өздігінен жұмыс істеуге, оқығанынан қорытынды шығаруға үйрету.
-
Адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; болжай білуге, өз пікірін еркін айтуға және көзқарасын дәлелдеуге баулу.
Сабақтың жалпы құрылымы
Жұмыс реті (карта бойынша)
- Тірек сөздерді іздеу
- Жады
- ҚҚС
- Тесттік жұмыс
- ТСҚ
- Көшбасшыға сөз
- Жылдамдық жаттықтыруы
Жаңа сабақ
Тақырып бойынша жаңа материал түсіндіріледі. Оқушылар термин сөздермен және негізгі ұғымдармен танысады.
Сабақ кезеңдері
1-кезең. Ұйымдастыру
- Сабақ мақсаты хабарланады.
- Карта бойынша жұмыс жасау реті түсіндіріледі.
- Тірек сөздерді табу тапсырмасы беріледі.
2-кезең. Оқушылардың субъектілік іс-тәжірибесін өзектендіру
Оқушылар мәтінді бір бет парақ көлемінде 3 минут ішінде мұқият оқып, ішінен тірек сөздерді табады.
Мұғалімнің рұқсатымен оқушылар тапқан тірек сөздерін айтады. Мұғалім ООМ бойынша белгі қояды: оқушы бір-ақ сөз тапса да, белгіленеді.
Мұғалім барлық оқушының тірек сөз табуына белсенді түрде қолдау көрсетеді. Тірек сөздердің эталоны сабаққа дейін дайындалады.
3-кезең. Қабылдауды ұйымдастыру
Тірек сөздермен жұмыс жүргізіледі және әр ұғымға қысқаша түсінік беріледі.
4-кезең. Ұғынуды ұйымдастыру
Қарама-қарсы сұрақтар матрица бойынша қойылады: барлық оқушы қамтылады, нәтижесі пайызбен анықталады. Мұғалім төмен көрсеткіш алған оқушыларға ерекше көңіл бөледі.
Сұрақтар (30)
- Адамның дене мүшелері неше бөліктен тұрады?
- Адамның ішкі мүшелеріне нелер жатады?
- Ми қандай қызмет атқарады?
- Адамның дене мүшелерінің ішіндегі негізгісі не?
- Ағза қалай жұмыс істейді?
- Өкпе қай жерде орналасқан?
- Ми адам денесінің қай бөлігінде орналасқан?
- Бүйрек қандай қызмет атқарады?
- Ішек-қарын қандай қызмет атқарады?
- Жүрек қай жерде орналасқан?
- Жүрек қандай қызмет атқарады?
- Қол-аяқ қандай қызмет атқарады?
- Ағзаның қандай пайдасы бар?
- Сымбатты, әдемі болып өсу үшін не қажет?
- Көз қандай қызмет атқарады?
- Адамда неше өкпе болады?
- Адамда неше бүйрек болады?
- Ішек-қарын таза болуы үшін не істеу керек?
- Денің сау болуы үшін не істеу керек?
- Тірі табиғатқа не жатады?
- Өлі табиғатқа не жатады?
- Жылдың неше мезгілі бар?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Бір жылда неше ай бар?
- Адам мен жануарлардың арасында қандай байланыс бар?
- Спорттың қандай түрлерін білесің?
- Спорттық ойындардың адам ағзасына қандай пайдасы бар?
- «Табиғат-ана» ұғымын қалай түсінесің?
- Адам табиғаттан нені үйренеді?
- Қандай спорттық ойындарды білесің?
5-кезең. Түсінуді біріншілік тексеру
Оқушылар бірін-бірі тестілеу арқылы өткен тақырыпты қайталайды: тест сұрақтарын құрастырады және отырғызу матрицасы бойынша бір-біріне қояды (өзге оқушының орын нөмірін айту арқылы).
Бағалау ережесі (ООМ)
- Тест шешуші оқушы дұрыс жауап берсе — ООМ «қосу» белгісін алады.
- Тест шешуші оқушы қате жауап берсе — ООМ «алу» белгісін алады.
- Тест құрастырушының сұрағына дұрыс жауап берілмесе — тест құрастырушы ООМ «қосу» белгісін алады.
- Тест құрастырушының сұрағына дұрыс жауап берілсе — тест құрастырушы ООМ «алу» белгісін алады.
6-кезең. Біріншілік бекіту
Тақырыптық сөздік қорды толықтыру: мәтіннен сөздер жазу немесе мазмұнын жазбаша баяндау (37 сөз).
- Матрицаны толтыру.
- Ең көп сөз жазған оқушы өз сөздерін оқып береді.
- ТСҚ пайызы есептеледі.
Ұпай қою шкаласы
- 4–5 белгі
- 5 ұпай
- 3 белгі
- 4 ұпай
- 2 белгі
- 3 ұпай
- 1 белгі
- 2 ұпай
Қорытынды және үй тапсырмасы
Сапа нормативі
Оқушылардың кемінде 63%-ы 5 ұпай алуы тиіс.
Үй тапсырмасы
4 белгіден төмен алған оқушыларға үй тапсырмасы беріледі.