Етістік Келер шақ Мақсатты келер шақ
Дидактикалық құрал туралы
Бұл дидактикалық құрал қазақ тілі оқулығына қосымша ретінде, оқу орыс тілінде жүретін мектептердің 8-сыныбына арналған. Негізгі мақсат — оқушылардың өздігінен жұмыс істеу қабілетін дамыту, алған білімін бекіту және практикалық дағдысын қалыптастыру.
Құрал оқулықта берілген тапсырмаларды толықтырады. Сондықтан грамматикалық тапсырмалар, мақал-мәтелдер, жаттығулар және сөйлесім үлгілері негізгі оқулықтағы тақырыптармен сәйкестендірілген.
Деңгейлік тапсырмалар тілдік бөлімде қарастырылатын етістіктің шақтарын, етістіктің райларын және үстеудің мағыналық түрлерін пысықтау мақсатында құрастырылған.
Ілияс Жансүгіров
Ілияс Жансүгіров 1894 жылы қазіргі Талдықорған өңірі, Ақсу ауданының бұрынғы 4-ауылында дүниеге келген. Ол анасынан ерте айырылып, әке тәрбиесінде өседі.
Ілияс жастайынан өткір мінезді, өжет, еңбекқор әрі зерек болған. Бұған әкесінің өнегесі ықпал етеді: Жансүгір қолөнерге өте шебер — етік тіккен, темір мен ағаштан түрлі бұйым жасаған, әрі ескіше хат танып, арабша сауатты болған. Сол себепті ол халық ауыз әдебиетін көп оқып, көп жинаған.
Сегіз қырлы, бір сырлы әке өз өнерінің бәрін баласына үйреткен. Нәтижесінде Ілияс та етікшілік пен ұсталыққа икемделіп, ән айтып, домбыра тартқан. Әкесінен естіген қызықты әңгімелер мен халық өлеңдері оның әдебиетке құштарлығын арттырып, халықтың өмірін, арман-тілегін тереңірек тануына жол ашқан.
Тапсырмалар
-
1-тапсырма
Етістік • Мақсатты келер шақМәтіннен етістіктерді теріп жазыңдар. Сол етістіктерді мақсатты келер шаққа айналдырыңдар.
Үлгі: жетім қалды → жетім қал+мақ.
-
2-тапсырма
ШақтарБерілген сөздерді етістіктің шақтарына қойыңдар.
Етістік Келер шақ Мақсатты келер шақ Тәрбиелеу Айналысу Үйрену Әсер ету -
3-тапсырма
Күрделі етістікКүрделі етістіктермен сөйлем құраңдар: кіруге болмақ, ойнап көрсін, оқығалы отыр, бара жатыр, жазған болмақ.
Үлгі: Әлия бұл ойыншықпен ойнап көрсін.
-
4-тапсырма
Сөйлемді толықтыруСөйлемдердің жалғасын табыңдар.
- Әкесі өз қолынан келетін бар өнерін … естімек.
- Сондықтан Ілияс әкесіндей әрі ұста, әрі әнші … үйренбек.
- Ілияс Жансүгіров халық әндерін … болмақ.
Өтебай Тұрманжанов
Өтебай Тұрманжанов Шымкент облысының Бөген ауданындағы Жалғызағаш ауылында туған. Болашақ қаламгердің балалық шағы қиындық пен жоқшылықта өтеді.
Өтебай «азаттық» деген сөзді алғаш естіген кезде байдың есігіндегі жалшы еді. Бір жылы бағып жүрген қойын тастап, қалаға қашып кетеді. Сол жерде Ғ. Мұратбаевтың қамқорлығымен мектеп-интернатқа қабылданады.
Келесі жылы ауылдастары Ташкентте шыға бастаған «Ақ жол» газетінен Өтебайдың өлеңін оқып қуанады:
Беген, сенің балаңмын,
Жас гүлімін жағаңның.
Жазыңның жыршы бұлбұлы,
Жырымын жаңа заманның.
Тапсырмалар
-
1-тапсырма
Мәтіннен күрделі етістіктерді теріп жазыңдар және оларға сұрақ қойыңдар.
Үлгі: қашып кетеді — не істейді?
-
2-тапсырма
Сызбаны толтырыңдар. Етістіктердің жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
Мақсатты келер шақ Болжалдық келер шақ туған өтеді тастап мәз болады жазыпты -
3-тапсырма
Берілген сөздерді қатыстырып, 4–5 сөйлем құрап жазыңдар.
-
4-тапсырма
Асты сызылған сөздерге сұрақ қойып, олардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
- Қыстың қаһарлы күндері келді.
- Бізде бүгін ән салынды.
- Ашық аспанда жұлдыздар көрініп тұр.
- Балалар ауылға қарай жүгірмек болды.
- Ол сол үйге тағы барар.
- Ақын өлең жазғалы отыр.
Мұзафар Әлімбаев
Мұзафар Әлімбаев 1923 жылы 29 қазанда Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында туған. Ақынның алғашқы туындысы 15 жасында Павлодар облыстық «Қызыл ту» газетінде жарық көрді. Кейін өлеңдері мерзімді баспасөзде тұрақты жариялана бастады.
Ұлы Отан соғысының отты жылдары ақын үшін үлкен өмір мектебіне айналды. 1948 жылы армиядан оралғаннан кейін «Пионер» журналында, 1956–1958 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары қызметтерін атқарды. 1958 жылдан 1986 жылға дейін «Балдырған» журналының бас редакторы болды.
Ақынның алғашқы кітабы «Қарағанды жырлары» 1952 жылы баспадан шықты. Кейінгі жылдары ондаған кітабы жарық көріп, шығармалары 38 тілге аударылды. Соның ішінде орыс тілінде 6 кітабы, түрікмен тілінде «Мен түрікмен мейманы» (1963), қырғыз тілінде «Жолдар, Ойлар, Жырлар» (1966) жинақтары басылды.
Тапсырмалар
-
1-тапсырма
Мәтіннен есімшелерді теріп жазыңдар және олардың жасалу жолдарын түсіндіріңдер.
Мысал: оралғаннан (кейін): орал — негізгі түбір, -ған — есімше жұрнағы, -нан — шығыс септік жалғауы.
-
2-тапсырма
Берілген етістіктерді жекеше және көпше түрде жіктеңдер.
Жақ Жекеше Көпше I Мен ойна+мақ+пын Біз ойна+мақ+пыз II Сен ойна+мақ+сың Сендер ойна+мақ+сыңдар II (сыпайы) Сіз ойна+мақ+сыз Сіздер ойна+мақ+сыздар III Ол ойна+мақ Олар ойна+мақ -
3-тапсырма
Берілген мәтіннен өткен шақта, келер шақта және нақ осы шақта тұрған етістіктерді тауып, сызбаны толықтырыңдар.
Өткен шақ Келер шақ Нақ осы шақ -
4-тапсырма
Болымды етістікті болымсыз етістікке айналдырып жазыңдар.
Болымды етістік Болымсыз етістік Оқуға түседі Көп біледі Жақсы жүгіреді Арман етеді Жарық көреді
Бердібек Соқпақбаев
Бердібек Соқпақбаев — қазақ әдебиетінің көрнекті прозашысы. Әдебиетке әуелде ақын ретінде келген. 1942 жылы Қарағандыда оқып жүргенде ол:
Нарынқол — туып-өскен ауданым-ай,
Көркем жер болмас сенің аумағыңдай.
Кетерде сенен ұзап қимай,
Қызыл тіл өлеңдетіп зуладым-ай,
Жұрт бас қосқан жерлерде ол тақпақтап өлең айтып, өз басынан кешкендерін әңгімелеп отырған. Әзіл-оспақ өлеңдерді де көп жазған. Жас кезінде өз өлеңдерін, Абайдың көптеген өлеңдерін, «Батырлар жыры» кітабындағы бірқатар дастандарды жатқа білген.
Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқып жүргенде Қ. Аманжолов басқарған поэзия секциясына қатысып, өз өлеңдерін оқиды. Ақын кейін: «Тышқан мен қандала» атты ұзақтау мысалымды оқи бастадым», — деп еске алады.
Тапсырмалар
-
1-тапсырма
Ережені қолданып, бірнеше сөзді болжалды келер шаққа айналдырыңдар: жүргенде, беріп отырған, жатқа білген, оқи бастадым.
-
2-тапсырма
Берілген сөздерді құрамына қарай талдаңдар.
Сөздер: дейді, созды, жазу, жетпек болды, ұнамады, жарық көрер, жаза бастаған.
Үлгі: дейді — де (негізгі түбір), -й (келер шақ жұрнағы), -ді (III жақ жіктік жалғауы).
-
3-тапсырма
Сөйлемдерді болжалды келер шақ пен мақсатты келер шаққа ажыратып жазыңдар.
- Сен бүгін үйге бар едің.
- Мен дәптеріме жазып қойдым.
- Олар кешке қонаққа бармақ.
- Олар бәрі қан тапсырар.
- Иттің үйшігі дайын екен.
- Біз оған күлмек болдық.
- Әсеттің күлкісі келді.
- Ол оған қарар ма?
- Біз осы жерден өтпек болдық.
- Бүгін күн жылы болмақ.
Болжалды келер шақ
Жауаптарыңды осы жерге жазыңдар.
Мақсатты келер шақ
Жауаптарыңды осы жерге жазыңдар.
-
4-тапсырма
Берілген шағын әңгімені өткен шаққа айналдырып жазыңдар.
«Өтірікші тышқан»
Тышқан ет үйге кірді. Жеуге еш нәрсе таба алмады. Шаңырақта ілулі жал, жая, қазы, қарталар тұр еді. Оларды жеуге шаңыраққа шыға алмады. Сөйтіп тұрған кезде басқа бір тышқан келді. «Не таптың?» — деп сұрады. Бастапқы тышқан айтты: «Еттің бәрі жасық әрі сасық, оны кім жесін?»
А. Байтұрсыновтың «Оқу құралы» кітабынан.