Оқушыларға құттықтау жаза білуді түсіндіру, үйрету

Сабақтың тақырыбы

Құттықтау жазып үйренеміз.

Сабақтың мақсаты

  1. Оқушыларға құттықтау жаза білуді түсіндіру және үйрету.
  2. Оқушылардың тұжырымды әрі байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру, белсенділігін арттыру, өз көзқарасын білдіруге жетелеу.
  3. Оқушыларды ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, мәдениеттілікке және ұшқыр ойлауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Ребустар
  • Ашық хат
  • Үлестірмелі парақшалар
  • Үнтаспа

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс, жұптық жұмыс, ойландыру.
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану, әдебиет, еңбекке баулу, бейнелеу өнері, музыка.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық жүргізіледі.
  • Оқушылар 3 топқа бөлінеді: Жеңіс, Ынтымақ, Достық.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Үй тапсырмасы ауызша оқытылады.

III. Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақта құттықтау жазуды үйренетініміз түсіндіріледі.

Бағыттаушы сұрақтар

  • Құттықтауды қай кезде жазамыз?
  • Қандай мерекелерді білесіңдер?

1-жаттығу (ауызша)

  1. Оқулықпен жұмыс: суреттегі баланың құттықтау сөзін оқып, тыныс белгілеріне назар аудару.
  2. Мәтінмен жұмыс: мәтінді түсініп оқу, сұрақтарға жауап беру.
  3. Шығармашылық тапсырма: анаңның туған күніне арнап тілек жазу.

3-жаттығу (ауызша)

  • Құттықтау хаттарды оқу.
  • Кім жазғанын анықтау.
  • Қай мерекеге арналғанын айту.

Өзіндік жұмыс (4-жаттығу)

  • Батаны түсініп оқу.
  • Алдыңғы төрт жолын көшіріп жазу.
  • Сын есімдердің астын сызу.

Тынығу сәті

«Орманға ойша саяхат» жаттығуы орындалады.

«Ұйқасын тап» ойыны (жұптық жұмыс)

Жол 1

Дер кезінде тамақтан,
Кешікпей кел

Жол 2

Оқуда зейінді бол,
бейімді бол.

Жол 3

Кір шалмасын беттерің,
Таза болсын

Тапсырма: бос орындарға ұйқас сөздерді тауып, сөйлемдерді мәнерлеп оқыңдар.

Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқу.
  • Сұрақтарға жауап беру.
  • Бір-біріне сұрақ қою.

IV. Қорытынды

Топтық жұмыс:

Үш топ өздері құттықтау мәтінін жазады және оны сынып алдында қорғайды.

  • Жеңіс тобы
  • Ынтымақ тобы
  • Бірлік тобы

V. Үй тапсырмасы

7 мамырға арнап құттықтау жазу.

VI. Бағалау

Формативті бағалау жүргізіледі.