Мәтіннен үстеулерді табу, морфологиялықталдау жасау
Д. Байбосынов атындағы №13 ұлттық мектеп-гимназиясы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: А. Н. Шақманова
Сабақтың тақырыбы
Сын-қимыл (бейне) үстеу және мөлшер үстеу.
Мақсаты
1) Білімділік
Жаңа білімді терең меңгерту, жан-жақты әрі сапалы білім беру.
2) Дамытушылық
Оқушылардың ойлауын, еркін сөйлеуін, шығармашылық қабілетін дамыту; қиялын ұштау.
3) Тәрбиелік
Білімді, сауатты, теорияны тәжірибеде қолдана алатын тұлғаны қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс
- Әдебиет
- Тарих
- Сурет
- Халық педагогикасы
Көрнекілігі
- Интерактивті тақта арқылы тіл жанашыры Ахмет Байтұрсынов, би-шешендер, Абай Құнанбаев, Мағжан Жұмабаев, Мұқағали Мақатаев, Әбу Сәрсенбаевтың тіл туралы сөздері мен портреттері
- Үстеудің мағыналық түрлеріне арналған кесте
- Тақырыпқа қатысты мәтін
- Сатылай кешенді талдау үлгісі (морфология, синтаксис)
- Деңгейлік тапсырмалар, сауалнама
- Үй тапсырмасын белгілеу және бағалау парағы
Ескерту: интерактивті тақтаның мүмкіндіктері кеңінен қолданылады.
Түрі
Жаңа білімді меңгерту
Әдісі
Зерттеушілік, сұрақ-жауап, кестемен түсіндіру, оқулықпен жұмыс, сатылай кешенді талдау, деңгейлік тапсырмалар, мәтін құрау, тақырыптық сауалнама (Actevoid арқылы).
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау, көрнекіліктерді дайындау және орналастыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар Ахмет Байтұрсыновтың сөздерінен және өздері ізденіп жүрген ақын-жазушылар шығармаларынан мезгіл және мекен үстеулерін тауып келеді.
3) Жаңа сабақ
Оқушылар берілген сөйлемдердегі бос орынға қажетті сөздерді қойып, олардың қай сөз табына жататынын анықтайды.
«… Ескі ақынша отырмын бос мақалдап…
Ескі … бише мал үшін тұрман зарлап…»
«Осындай бір қалыпты күйде … уақыт өткен соң, көшенің төменгі жағынан шығып, базарға қарай беттеп келе жатқан бір шаналы көрінеді.»
Осы сөздер үстеу қызметін атқарады. Енді кестеге назар аударайық.
| Түрі | Мысалдар | Сұрағы | Ереже |
|---|---|---|---|
| Сын-қимыл (бейне) үстеу |
|
Қалай? Кімше? Қалайша? Қайтіп? | Қимыл-іс әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіреді. Көбіне етістікпен тіркесіп қолданылады. |
| Мөлшер үстеу |
|
Қалай? Қалайша? Қанша? Қаншама? Қаншалық? Қаншалап? |
Қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді.
Тіркесуі:
|
4) Бекіту
Оқулықпен жұмыс
- 281-жаттығу: сөйлемнен сын-қимыл үстеулерді тауып, астын сызу.
- Морфологиялық талдау: 2 топ.
- 283-жаттығу: мәтіндегі сөйлемдерден мөлшер үстеулерін тауып, сұрақ қою.
- Сатылай кешенді синтаксистік талдау: 2 топ.
Деңгейлік тапсырмалар
I деңгей (Жас тілшілер)
- Сөздерді ретімен орналастырып, сөйлем құрастырыңыз. Үстеуді тауып, қай түрі екенін айтыңыз:
Біз поезд күткен біраз мезгілінен кешігіп, түн ортасы ауа келді. (С. М.) - Мөлшер үстеуін қатыстырып сөйлем құраңыз.
II деңгей
- Берілген сөйлемде үстеудің бар-жоғын анықтаңыз:
Ана тілін жақсы меңгеріп алмай тұрып, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. (Ж. Аймауытов) - Құрамында үстеуі бар мақал-мәтел немесе жұмбақ айтыңыз.
III деңгей (Жас ғалымдар)
- Берілген үстеулерді мағынасына қарай екі бағанға бөліп жазыңыз:
қыруар, емін-еркін, біршама, ақырын, талай, бірталай, лезде, бірте-бірте - Сын-қимыл және мөлшер үстеулерін қатыстыра отырып, «Білім, ғылым» тақырыбына мәтін құраңыз.
5) Қорытынды (сауалнама)
Тақырыпты қорытындылау үшін қысқа тест тапсырмалары орындалады.
-
Берілген сөздер ішінен сын-қимыл үстеуін табыңыз:
A) әрең Ә) сонша Б) осылай В) біршама
-
Мөлшер үстеуінің сұрағын көрсетіңіз:
A) қашаннан? Ә) қаншама? Б) қайдан? В) қалай
-
Дефис арқылы жазылатын үстеуді көрсетіңіз:
A) қыстыгүні Ә) құр босқа Б) емін-еркін В) осынша
-
Сын есіммен тіркесетін үстеу түрін табыңыз:
A) мекен Ә) мөлшер Б) мезгіл В) сын-қимыл
-
Мөлшер үстеуін табыңыз:
A) кеше Ә) тым Б) әжептәуір В) ілгері
-
Үстеу дегеніміз не?
A) Іс-әрекет, қимылды білдіреді. Ә) Қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіреді. Б) Заттың сапасын, көлемін білдіреді. В) Қимылдың мезгілін, белгісін, себебін, мақсатын білдіреді.
-
Үстеудің неше мағыналық түрі бар?
A) 5 Ә) 8 Б) 4 В) 7
-
Туынды үстеуді көрсетіңіз:
A) Әдейі бардым. Ә) Ертең келеді. Б) Жылдамырақ жүр. В) Әрең жүрді.
-
Дұрыс жазылған үстеуді табыңыз:
A) жолжөнекей Ә) ала-жаздай Б) быйыл В) ендігәрі
-
Сын-қимыл үстеуі қай сөз табымен тіркеседі?
A) сын есім Ә) етістік Б) сан есім В) шылау
Жауап кілті
Қосымша жұмыс
Тіл туралы көркем сөз оқылады.
6) Үй тапсырмасы
- 282; 283-жаттығу: мәтіннен үстеулерді табу, морфологиялық талдау жасау.
- «Білімді ұрпақ — жарқын келешек» тақырыбына үстеулерді қатыстыра отырып шағын шығарма жазу.
Бағалау
Бағалау парағы арқылы оқушылардың жұмысы сараланып бағаланады.