Алтын медалін жеңіп алған грек - рим күресінің спортшысы

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Оқушылардың сөздік қорын байыту, сауатты жазу және мәдениетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Таным көкжиегін кеңейтіп, ой-өрісін дамыту.

Тәрбиелік

Белгілі спортшылардың өмірі мен жетістіктерін үлгі ете отырып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) Спорт түрлерін қайталау

Футбол, бокс, күрес, волейбол, баскетбол, шаңғы спорты, жеңіл атлетика (тірек-сызба бойынша).

2) Сұрақтарға жауап беру

  1. Әлемде жанкүйері ең көп спорт түрі қайсы? (Футбол)
  2. Барлық спорт түрлері ойналатын халықаралық жарыс қалай аталады? (Олимпиада)
  3. 1980 жылы Олимпиада қай қалада өтті? (Мәскеу)
  4. 2010 жылы Қазақстанда қандай халықаралық жарыс өтті? (Азия ойындары)
  5. Алматыда 1697 метр биіктікте салынған мұз айдыны қалай аталады? (Медеу)
  6. 2012 жылы Олимпиада қай жерде өтті? (Англия, Лондон)
  7. Бұл Олимпиадада қандай спортшылар алтын медаль жеңіп алды? Илья Ильин, Серік Сәпиев, Мая Манеза, Александр Винокуров, Татьяна Подопедова, Ольга Рыпакова, Зульфия Чиншанло.
  8. Қазақстанның қандай әйгілі спортшыларын білесіңдер? Жақсылық Үшкемпіров, Серік Қонақбаев, Ермахан Ибраимов, Ольга Шишигина, Василий Жиров, Ислам Байрамуков.

III. Жаңа сабақ

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Балалар, спорт адамның денсаулығына өте пайдалы. Спортпен шұғылдану керек: ол денені шынықтырып, адамды төзімді етеді. Сендер бірнеше спорт түрін және спортшыларды атадыңдар. Бүгін Қазақстанның белгілі спортшысымен танысамыз.

1) Жаңа сөздер

Дүниеге келген
родился
Тұңғыш олимпиада чемпионы
первый олимпийский чемпион
Грек-рим күресі
греко-римская борьба
Жеңімпаз
победитель
Жеңіп алған
победил
Белгілі
известный

Тапсырма: сөздерді дұрыс оқып, мағынасын түсініп, қайталап, есте сақтау.

2) Сөз тіркестері мен сөйлем құрастыру

Мысал: Алтын медаль жеңіп алған грек-рим күресінің спортшысы.

3) Мәтінмен жұмыс

Тапсырма: мәтінді оқу, аудару, түсініп оқу.

Жақсылық Үшкемпіров

Жақсылық Үшкемпіров 1951 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы Байзақ ауданында дүниеге келген. Ол — Қазақстанның тұңғыш олимпиада чемпионы, грек-рим күресінің жеңімпазы. Белгілі спортшы 1980 жылы Мәскеу Олимпиадасында және әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.

Жазбаша жұмыс: сұрақтар

  1. Мәтінде не туралы айтылған?
  2. Жақсылық Үшкемпіров кім?
  3. Ол туралы не білдіңдер?
  4. Ол қандай жетістікке жеткен?
  5. Саған спорттың қай түрі ұнайды?

Слайдтар қарау

Спортшылар туралы слайдтарды қарап, негізгі ақпаратты талқылау.

Грамматиканы қайталау

  • Септіктерді еске түсіру: күрес сөзін септеу.
  • Тәуелдеу: доп сөзін тәуелдеу.

IV. Диалог құрастыру

«Қазақстан спортшылары» тақырыбы бойынша жұптық жұмыс: сұхбат құрастырып, сынып алдында айту.

V. Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары арқылы бой сергіту.

VI. Слайдтар қарау

Тақырыпқа қатысты иллюстрациялар мен деректерді қарап, қысқаша қорытынды жасау.

VII. Бекіту

Өткен материал бойынша қысқаша сұрақ-жауап жүргізіп, негізгі ұғымдарды бекіту.

VIII. Бағалау

Оқушылардың белсенділігі, тапсырмаларды орындауы және жауаптарының толықтығы бойынша бағалау.

IX. Үй тапсырмасы

Мәтіннің мазмұнын жаттау және негізгі деректерді қысқаша әңгімелеуге дайындалу.