Интерактивті ақпарат

Сабақтың тақырыбы

Жалаң және жайылма сөйлем

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Жалаң және жайылма сөйлемдер туралы жалпы мәлімет беру; сөйлемнің жалаң немесе жайылма болып бөлінуі тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерге байланысты екенін меңгерту; сөйлемдегі сөздерді сұрақ қою арқылы талдауға үйрету.

  • Дамытушылық

    Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сөздік қорын молайтып, сауаттылығын арттыру және ойлау жүйесін дамыту.

  • Тәрбиелік

    Шапшаң ойлауға, әдемі сөйлеуге, тапқырлыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақты меңгерту. Интерактивті ақпарат.

Сабақтың әдісі

Ой қозғау, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс

Математика, дүниетану, ана тілі, бейнелеу.

Көрнекіліктер

Ережелер, интерактивті тақта, сюжетті суреттер, кеспелер.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің сұрақтары: бүгін айдың қай күні? қазір қай жыл мезгілі? қыстың нешінші айы? жылдың нешінші айы?

Оқушыларға нұсқау: сұрақтарды мұқият тыңдап, толықтырып жауап беру.

Психологиялық дайындық

Мұғалім Оқушы
Екі көзің не үшін керек? Жақсыларды көру үшін!
Екі қолың не үшін керек? Елге көмек беру үшін!
Құлақ не үшін керек? Ақыл-кеңес тыңдау үшін!
Жүрек не үшін керек? Үлкендерді сыйлау үшін!
Тіл мен жағың не үшін керек? Білгеніңді айту үшін!

II. Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ: үйге қандай тапсырма берілді?

  • 76-жаттығу
  • Ережелерді жатқа айту

III. Өткен сабақты бекіту

Кеспе арқылы сұрақ-жауап жұмысы:

1) Сөйлем мүшелері дегеніміз не?

Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беретін толық мағыналы сөздер сөйлем мүшелері деп аталады.

2) Сөйлем мүшелері нешеге бөлінеді?

Екіге: тұрлаулы және тұрлаусыз.

3) Бастауыш дегеніміз не?

Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөздер бастауыш болады. Бастауыш кім? кімдер? не? нелер? сұрақтарына жауап береді.

4) Баяндауыш дегеніміз не?

Бастауыштың ісін, қимылын білдіретін сөздер баяндауыш болады. Баяндауыш не істеді? не қылды? қайтті? сұрақтарына жауап береді.

5) Бастауыштан кейін қашан сызықша қойылады?

Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша (-) қойылады.

6) Тұрлаулы мүшелерді ата.

Бастауыш, баяндауыш.

7) Тұрлаусыз мүшелер дегеніміз не?

Сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштан басқа мүшелер тұрлаусыз мүшелер деп аталады.

8) Бастауыш пен баяндауыш сөйлемнің қандай мүшелері?

Олар сөйлемнің тұрлаулы мүшелері.

9) Сөйлем мүшелерінің байланысын қалай анықтаймыз?

Сөйлем мүшелерінің байланысын сұрақ қою арқылы анықтаймыз.

Мысал

Қонақтар төрге отырды. Не істеді? — отырды. Кім отырды? — қонақтар. Қонақтар қайда отырды? — төрге.

IV. Жаңа сабақ

Интерактивті тақтада үш бұлт бейнеленген. Мұғалім сұрайды: «Сендерге қай бұлт ұнайды?»

1-бұлт

Көк түсті, жайбарақат күйде.

2-бұлт

Ашық көгілдір, жүзі күлімдеп тұр.

3-бұлт

Қара көк, ашулы.

Оқушылар 2-бұлтты таңдайды, балалар шапалақтайды. Бұлт күлімдеп тұрғандай әсер береді.

Қорытынды сөйлем

Бұлт күлімдеп тұр.

Мұғалім түсіндіреді: бұл — жай сөйлем.