Сендердің жастарың нешеде

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Топ

Ер Төстік (ортаңғы топ)

Білім беру саласы

Таным

Бөлімі

ҚМҰҚ

Тақырыбы

«Математика еліне саяхат» (1-ден 5-ке дейін санау)

Мақсаты

1) Білімділік

  • 5 көлемінде сандық есептеу дағдыларын дамыту.
  • Сандарды тура және кері санауға үйрету; санның көршілерін (алдыңғы, кейінгі) атай білуін қалыптастыру.
  • Кеңістікті бағдарлау ұғымдарын бекіту: оң, сол, алдыда, артта.
  • Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту.
  • Апта күндерін атауға үйрету, тіл дамыту жұмыстарын жалғастыру, білімге қызығушылығын арттыру.

2) Дамытушылық

  • Дамытушы ойындар арқылы тапсырмалар орындатып, салыстыру, санау, топтау дағдыларын жетілдіру.
  • Санамақ айту арқылы сөздік қорын молайту, ой-өрісін дамыту.

3) Тәрбиелік

  • Тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
  • Табиғат пен адам арасындағы байланыс туралы түсініктерін кеңейте отырып, татулыққа, бірлікке, еңбекқорлыққа баулу.

Көрнекіліктер

санамақ таяқшалар геометриялық пішіндердің кескіндері ойыншықтар үйшік макеті

Сабақтың құрылымы

1) Мотивациялық-қозғаушылық кезең

Ұйымдастыру

Балалар жылулық шеңберіне тұрып, қонақтармен амандасады.

Өлең-жолдар

Күннің көзі ашылып, Көкке шуақ шашылып, Құтты қонақ келіпті, Төріме міне еніпті. Амандасу үлкенге — Тәрбиенің басы ғой. Ал, қанекей бәріміз, «Сәлеметсіз бе?» — дейік үлкенге!

Балалар: «Сәлеметсіздер ме, апайлар!»

Сұрақ-жауап (қайталау)

Қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі.
Күз мезгілінде неше ай бар?
Үш ай: қыркүйек, қазан, қараша.
Бір аптада неше күн бар?
Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Жұмбақ

Туысқан бес кісі, Бірінен бірі кіші. Бәрінің аты бір, Ең кішісі — шеткісі.

Шешуі: бес саусақ.

Санамақ (үлгі)

Айдана «Бір үйде біз нешеуміз?» санамағын айтады:

Бас бармақ — әкем, Балан үйрек — шешем, Ортан терек — ағам, Шылдыр шүмек — әпкем, Кішкене бөбек — мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.

2) Іздену-барлау кезең

Дидактикалық ойын: «Үйшік»

Жазық далада кішкентай да, үлкен де емес бір үйшік тұрады. Дала бойымен 1 саны жүгіріп келіп, үйшікті көреді де есігін қағады. Ешкім жауап бермеген соң ішке кіріп: «Осы жерде тұрайын», — дейді.

Кейін 2, 3, 4 және 5 сандары да келіп, берілген тапсырмаларды орындап, бәрі бірігіп үйшікте тату-тәтті тұрады.

5 саны есік тұтқасын ұстап ойланып тұрады да: «Мен сопақша пішінге ұқсаймын» — деп жауап беріп, үй ішіне кіреді.

Ойын: «Қай сан жоқ?»

Балалар сандарды ретімен санап, қатардан жоқ санды табады. Ойын есте сақтау мен ойлау қабілетін дамытады.

Сергіту сәті

1 дегенде тұрайық, 2, 3, 4 — алақанды соғайық. Оң жаққа бұрылып, Сол жаққа бұрылып, Бір отырып, бір тұрып, Біз жүгіріп алайық. 5 дегенде асықпай, Орнымызды табайық.

Кейіпкермен кездесу: Жалқаубек

Балалар есіктің қағылғанын естиді. Қонаққа Жалқаубек келеді: тапсырмаларды орындауға көмек сұрайды.

Балалардың жауабы

«Көмектесеміз!»

1-тапсырма

Сандарды тура және кері санау.

Тура: 1, 2, 3, 4, 5

Кері: 5, 4, 3, 2, 1

2-тапсырма

Пішіндерді атау, бұрыш санын және түстерін анықтау.

  • Үшбұрыш — қызыл, 3 бұрышы бар.

  • Төртбұрыш — көк, 4 бұрышы бар.

  • Дөңгелек — сары, бұрышы жоқ.

  • Сопақша — жасыл, бұрышы жоқ.

3-тапсырма

Санамақ таяқшалардан пішін құрастыру.

Балалар таяқшалардан үшбұрыш және төртбұрыш құрастырады.

«Көңілді математика» ойыны (сұрақ-жауап)

1) Қандай заттар дөңгелекке ұқсайды?

Күн, доп, қарбыз.

2) Екі тышқанда неше құйрық болады?

Екі құйрық.

3) Сендер неше жастасыңдар?

Төртте, бесте.

Сандар туралы өлеңдер

1 саны

Мен — 1 санымын, Бір дегенім — бала. Санды дұрыс сана. Сенің қанша атаң бар? Сенің қанша апаң бар?

2 саны

Мен — 2 санымын, Сен қызыға қараған. Екі дегенім — ешкі, Таудан келер кешкі. Лағы оның қанша? Ізде, келмей қалса.

3 саны

Мен — 3 санымын, Құралған екі ілмектен. Үш дегенім — үйім, Үйде жақсы күйің. Бақшадан да қалма, Тап-таза боп киін.

4 саны

Мен — 4 санымын, Иілген үшкір шығанағым. Төрт дегенім — түлік, Жүрген мұны біліп. Жылқы, сиыр, түйе, қой — Санаңа мұны түйіп қой.

5 санының ерекшелігі

5 саны тапсырмада өзін сопақша пішінге ұқсаймын деп сипаттайды.

3) Рефлексивті-қорытындылау кезеңі

Тәрбиеші балаларды мадақтайды: «Жарайсыңдар! Өте тапқыр екенсіңдер. Жалқаубек, балалардың білімге деген құштарлығын байқадың деп ойлаймын. Сен де апай берген тапсырмаларды күнделікті орындап жүр».

Қорытынды ой

Еңбек пен тұрақты жаттығу — табыстың кілті.

Сыйлық

Балаларға шағын сыйлықтар табысталады.

Күтілетін нәтиже

Біледі

1-ден 5-ке дейінгі сандарды таниды және атайды.

Қалыптасқан дағды

Сандарды тура және кері санайды.

Істей алады

Суреттерге қарап, сан құрамын ажыратады.