Жетістік критерийлері

Сауат ашу · 1-сынып

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тыңдалым және айтылым

Сабақ тақырыбы: Мен және табиғат. «К» дыбысы мен әрпі

Оқу мақсаттары

Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер:

  • 1

    1.1.7.1

    Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту.

  • 2

    1.1.8.1

    Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту.

  • 3

    1.1.9.1

    Сөздер мен дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту.

Сабақ мақсаттары

Барлығы

Жаңа білімді меңгереді.

Көбі

Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі

Өз бетінше қорытынды шығарып, талдап, алған білімін өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

  • Сөздер мен сөйлемдерді дұрыс айта алады.
  • Өз білімін көрсетіп, тапсырмаларды дұрыс сәйкестендіреді.
  • Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін талдай алады.
  • Топта жұмыс жасап, пікірін дәлелдеп айта алады.

Құндылықтарды дарыту

Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, рухани-адамгершілік тәрбие және оқушылардың бір-біріне құрметпен қарауын қалыптастыру.

Бастапқы білім

  • Сөздегі дыбыс түрлерін ажыратады.
  • Оқу түрлерін қолданады.
  • Мәтін жанрларын (ертегі, өлең, әңгіме) ерекшелігіне қарай ажыратады.
  • Мәтінде автордың не туралы айтқысы келгенін түсінеді.

Сабақ барысы

Сабақтың басы · 3 минут

Мақсат: ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық тренинг: «Жүректен жүрекке». Оқушылар бір-бірінің қолынан ұстап, алақан арқылы жүрек жылуын сезінеді.

Өлең жолдары

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы күн, қонақтар,

Қайырлы күн, ұстазым.

Жарқырайды күніміз,

Шашып бізге шапағын.

Тілейікші ақ таңның

Қуанышын, шаттығын.

Топқа бөліну

Оқушылар таңдаған түстері бойынша топтарға бөлінеді және түстерді үш тілде атап айтады. Әр топ өз ішінен топ басшысын сайлайды.

I топ

Сары түстер

II топ

Жасыл түстер

III топ

Көк түстер

IV топ

Қызыл түстер

Дескрипторлар

  • Түс таңдайды.
  • Топқа бөлінеді, таңдаған түстерін топта үш тілде айтады.
  • Топ басшысын сайлайды.
  • Тапсырмаларды топта талқылайды.

Тосын сый арқылы тақырыпты ашу

Топтық тапсырмалар · 5 минут

Әдіс: «Детектив»

Тапсырма құрылымы

Әр топқа түрлі тапсырмалар жазылған «тосын сый» үлестіріледі. Оқушылар нақты сұраққа жауап беретін сөздерді тауып, сөздерді мағынасы мен сызбасына қарай сәйкестендіреді.

Бағдарлаушы сұрақ

«Тапсырмаларда қай әріпке қатысты сөздер жиі қолданылды?»

Қорытынды: бүгінгі сабақтың тақырыбы — «К» әрпі мен дыбысы.

Топтық дескрипторлар

1-топ

Жазылған сөздерді тиісті «вагондарға» орналастырады.

2-топ

«Кім? Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді табады.

3-топ

Сөздерге тиісті әріптерді қояды.

4-топ

Сөздерді қарсы мағынасына қарай сәйкестендіреді.

Белсенді әрекет

Оқушылар экраннан шашыраған сөздерді тауып оқиды және кейбір сөздерді үш тілде айтады.

Автор туралы

Мектеп

М. Әуезов атындағы орта мектеп (КММ)

Мұғалім

Изетова Арай Мұратқызы