Қолдың жайлы қимылдары

Сабақтың тақырыбы

Түсті ленталармен жаттығу.

Мақсаты

  • Түсті ленталармен жаттығу жасауды үйрету.
  • Сергіту жаттығулары арқылы тілін дамыту, сөздік қорын молайту.
  • Кеңістікте және жазықтықта бағдарлану, өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру.
  • Қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, саусақтардың ұсақ моторикасын дамыту.
  • Зейінін, сөйлеу тілін, есту, есте сақтау, ойлау және көру қабілеттерін жетілдіру.

Тәрбиелік бағыты

Жағымды көңіл-күй қалыптастыра отырып, оқушыларды ептілікке, икемділікке, достыққа, татулыққа, тәртіптілікке, шапшаңдыққа және шеберлікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

Үнтаспа, түрлі түсті ленталар, сылдырмақтар, секіртпелер, шеңберлер, доптар және т.б.

Сабақ барысы

I. Сапқа тұру, сәлемдесу

Оқушылар сапқа тұрып, тәртіп сақтайды. Мұғаліммен амандасады.

II. Музыкамен шеңбер бойымен жүру

Музыка ырғағымен шеңбер жасап жүріп, қимылдар мен өлең жолдарын үйлестіріп орындайды.

Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. Бұрыламыз оңға бір, Бұрыламыз солға бір. Біз бақытты баламыз, Гүл-гүл жайнап жанамыз. Жаттығулар жасасақ, Жақсы сергіп қаламыз. Тізені сәл бүгіңдер, Қолды артқа ұстаңдар. Алға мойын созыңдар, Қазға қане ұқсаңдар. Көк құстың артынан, Көк құстың артынан, Көк құстың артынан, Жүреміз ұзын керуендей.

III. РГЖ кешені (қимыл үйлесімділігі)

Оқушылар саппен келіп, бірнеше қатарға тұрады. Жаттығулар дене, қол, аяқ және бас қимылдарының үйлесімділігін дамытуға бағытталған.

  • Қолды белге қойып, басты оңға және солға айналдыру.
  • Қолды иыққа қойып, шынтақты алға және артқа айналдыру.
  • Қолды алға түзу созып, кезекпен айқастыру.
  • Бір қол белде, екінші қол жоғары: оңға және солға кезекпен иілу.
  • Бір аяқпен алға қадам жасап, тізені бүгіп, қолды тізеге қойып төмен түсіп, бастапқы қалыпқа келу.
  • Қолды алға созып ұстап тұрып, аяқтарды кезекпен жоғары көтеру.
  • Қол белде: отырып-тұру (5–10 минут).

Есте сақтайық: Қозғалыссыз өмір жоқ, би сүймейтін бала жоқ.

«Қаражорға» биін билету.

IV. Ойын: «Нағыз дос болайық»

Балалар шеңбер бойымен тұрады. Өлеңде жақсы қасиеттер айтылғанда алға бір қадам жасап, қуанышын қол соғып білдіреді. Достыққа жараспайтын сөздер айтылса, керісінше артқа бір адым жылжиды.

Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз адал дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Ең сенімді дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Ең зиянды дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Ең мейірбан дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз сараң дос болып. Қосыл, қосыл шеңберге, Нағыз қайырымды дос болып.

V. Қол қимылдары (түрлі түсті ленталармен)

Оқушылардың қолында түрлі түсті ленталар болады. Әуен ырғағымен қимылдарды дәл әрі әсем орындауға мән беріледі.

«Самал жел»

Қолды жоғары көтеріп, тербелту. Иық, білек және қол басы белсенді қатысады.

«Ленталар»

Оң және сол қолмен кезекпен жоғары-төмен тербелте қимыл жасау.

«Толқын»

Бір қолмен жоғары-төмен толқындата қимыл жасау. Қолды жанына немесе алға созып орындауға болады. Толқын бір қолдан екінші қолға жайлап ауысады.

«Қанат»

Екі қолды жанға қарай сермей қимыл жасау. Қол көтерілгенде қол басы төмен, ал қол түскенде шынтақ бүгіліп, қол басы жоғары қарайды.

VI. «Шатаспақ» ойыны (тапсырмалар мен сұрақтар)

Оқушылар түрлі кедергілерден өтіп, берілген тапсырмаларға жауап береді.

  1. 1 Қазанға бірінші не түседі? (Көз)
  2. 2 Қандай шелекке су құюға болмайды? (Тесік шелекке)
  3. 3 EXPO қай жылы болды? (2017)
  4. 4 Қазақстан Республикасының Елбасы кім? (Н. Назарбаев)
  5. 5 Камаз ұшып келе жатып талға соғады. «К» әрпі түсіп қалды — не қалды? (Амаз)
  6. 6 Жердің ортасында не бар? («Е» әрпі)
  7. 7 Әжемнің сандығында бәрі бар, тек не жоқ? (Бос орын)
  8. 8 Автобустан түсу үшін не істеу керек? (Міну керек)
  9. 9 Бір үйде әкесі баласымен, атасы немересімен отыр. Үйде неше жан бар? (3)
  10. 10 Күн мен түн немен бітеді? («Н» әрпі)
  11. 11 Алматыдан Астанаға 1 сағ 30 мин ұшты, ал Астанадан Алматыға 90 мин ұшты. Айырмашылығы бар ма?
  12. 12 Интернатта неше ағай жұмыс істейді? (6)
  13. 13 Ең үлкен уақыт өлшем бірлігі? (Ғасыр)
  14. 14 12 қандай сан? (Жұп сан)
  15. 15 Сергіту сәтін айтып бер.
  16. 16 Қандай мақал-мәтел білесің?

VII. Музыкалық әуенді ойын

«До – ре – ми – фа – соль – ля – си» дыбыстарын тыңдап, әуеннің қандай ән екенін анықтап, орындап береді.

VIII. «Кімнің ішінде не бар?» (тыныс алу мен дыбыстау)

Тыныс алуды дамыту және ән айту аппаратын нығайтуға арналған. Дем шығарғанда денені көтермей, ауаны бір тыныспен бірқалыпты, үзбей шығаруға дағдыландыру.

«Ақ бақбақтар»

Ұшып кететін ақ мамықты алақаннан үрлеп жіберу.

«Мотоцикл»

«Трр–трр–трр–трр» дыбысын созып шығару.

«Сағат»

«Тық-тық» дыбысын ырғақпен айту.

«Қоңыз»

«Ж-ж-ж-ж-ж» дыбысын бірқалыпты созу.

IX. «Тілек ағашы»

«Керемет тілек жорығы» арқылы жүрекшелерге тілек жазып, тілек ағашына іледі.

X. Тыныс алу жаттығуы

Босаңсытып денеңді, Бей-жай күйге ен енді. Басты көтер, тік ұста, Емін-еркін тыныста. Қане «У-һ» деп айтайық, Демді ішке тартайық. Енді «У-һ» деп айтайық, Демді сыртқа шығарайық.

Сабақтың соңы

Қол ұстасып тұрайық, Жарты шеңбер құрайық. Көріскенше күн жарық, Сау-саламат болайық!

Оқушылар сап түзеп, сабаққа белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, марапатталады. Соңында қоштасып, залдан саппен шығады.