Болжам әдісі
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сынып
1-сынып
Тақырып
Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі. Мағынасы қарама-қарсы сөздер.
Пәнаралық байланыс
Өнер, ана тілі
АКТ қолдану
Аудиожазба, таныстырылым
Тілдік құзыреттілік
Оқу мақсаттары
Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы, мәндес және көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату. (1.2.4.1)
Каллиграфиялық және графикалық нормаларды сақтау. (1.3.8)
Сабақ мақсаттары
Барлығы
Ж дыбысын ажыратады және әрпін дұрыс таңбалай алады.
Көбі
Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді ретімен қолдана отырып, өмірден мысал келтіре алады.
Жетістік критерийлері
- Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
- Нақты сөйлеу арқылы мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне құрмет көрсетуге тәрбиелеу.
Талқылауға арналған сұрақтар
Сұрақ: Жолға шығатын адамды кім дейді?
Жауап: Жолаушы.
Сұрақ: Жолаушыға айтылатын тілек сөз қандай?
Жауап: Жолың болсын!
Сабақ барысы
Сабақтың басы
5 минутЫнтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Жабырқауды білмейміз, жалқаулықты сүймейміз,
Біз — талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
«Ішінде–сыртында» әдісі
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді қайталау.
Сабақтың ортасы
25 минутБолжам әдісі (№3 тапсырма)
Мағынасы қарама-қарсы сөзді тап. Олардың қандай сөз болуы мүмкін? Жауапты табу үшін басқа суреттердің астындағы жазуларды оқып, болжам жасайық.
Бағалау
«Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау.
Болжам әдісі (№4 тапсырма)
Сұрақтың жауабын сызбаға қарап болжа. Диалогті сыныптасыңмен рөлге бөліп оқы.
Сұрақ
Жолға шығатын адамды кім дейді?
Жауап
Жолаушы.
Сұрақ
Жолаушыға айтылатын тілек сөз қандай?
Жауап
Жолың болсын!
Сергіту сәті
1 минутБиік болып өсеміз,
Жапырақтай жайқалып.
Табиғатты сүйеміз,
Шетінен шеберміз.
Денемізді бос ұстап,
Билеп, билеп аламыз.
Аяқталуы
12 минутЖазу дәптерімен жұмыс
Каллиграфиялық және графикалық нормаларды сақтай отырып жазу тапсырмаларын орындау.
Сабақтың соңы
2 минутРефлексия: «Жетістік баспалдағы»
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап, бір-біріне көңіл күйлерін айтады: қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы.
Дифференциация және қолдау
- Оқушыларға қажетіне қарай қосымша қолдау көрсету.
- Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Бағалау
Сабақ барысында оқушылардың материалды меңгеру деңгейі тапсырмалар, диалогті рөлге бөліп оқу және «Бағдаршам» әдісі арқылы тексеріледі.