Әкең - асыл қазынаң
Сабақ туралы мәлімет
Пән
Математика (1-сынып)
Сабақтың тақырыбы
7 санын қосу және азайту
Сабақтың типі
Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі
Іскерлік ойын сабағы
Сабақтың мақсаты
-
Оқушыларға қосу және азайтудың тиімді тәсілдерін қолдана отырып, есептер шығара білуге үйрету.
-
Логикалық ойлауын, есте сақтауын және есептеу дағдыларын дамыту.
-
Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа және тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың жоспары
| Кезең | Мазмұны | Уақыты |
|---|---|---|
| 1 | Ұйымдастыру кезеңі (психологиялық дайындық) | 7 минут (дайындық: 1 минут) |
| 2 | Үй тапсырмасын тексеру және қорытындылау | — |
| 3 | Жаңа сабақ (ой жинақтау, мұғалімнің түсіндірмесі, оқулықпен жұмыс) | 30 минут |
| 4 | Сабақты бекіту және қорытындылау | 3 минут + 2 минут |
| 5 | Бағалау | 1 минут |
| 6 | Үйге тапсырма | 1 минут |
Сабақтың барысы
Психологиялық дайындық
Оқушылар бірге айтады:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз.
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз.
Мұғалім: «Балалар, бүгін сабағымызға қонақтар келіп отыр. Олай болса, қонақтармен амандасайық».
Негізгі мақсат
7 санын қосу және азайту тәсілдерін меңгеріп, есептерді дұрыс шығаруға үйрену.
Сабақ 7 кезеңге бөлінеді. Бұл құрылым «жеті ата» ұғымымен байланыстырылып алынады.
«Жеті ата» арқылы кезеңдер
Мұғалім оқушылармен бірге жеті атаны атап шығады: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
1-кезең: Әке
Тақырыпты ашу үшін әке туралы мақал-мәтелдер айтылады:
- «Әкең — асыл қазынаң».
- «Аға-іні — асқар тауың».
Үй тапсырмасын тексеру (№4)
4 + 2 + 3 = 10
7 − 5 + 1 = 3
5 + 4 − 7 = 10
9 − 6 − 2 = 1
10 + 0 − 7 = 3
4 − 3 + 8 = 9
Мұғалім: «Жарайсыңдар, балалар! Үй тапсырмасын дұрыс орындап келіпсіңдер».
Ойын: «Кім жылдам?»
5 + 3, 2 + 5, 9 − 3, 10 − 3
2-кезең: Бала
7-ні қосу кестесі (№1):
1 + 7 = 8
2 + 7 = 9
3 + 7 = 10
Ереже: қосылғыштардың орны ауысқанымен, қосындының мәні өзгермейді.
7-ні азайтуға мысалдар:
10 − 7 = 3
9 − 7 = 2
8 − 7 = 1
7 − 7 = 0
Сергіту сәті
«Сұр қоян» қимыл-қозғалыс ойыны.
3-кезең: Немере
Бала — адамның бауыр еті.
Бала — тілге балдан тәтті.
Немере несін береді?
Етін жеп, сүйегін береді.
Тапсырма (№2): кесінділерді өлшеу
Көк кесінді: 9 см.
Қызыл кесінді: 7 см.
Айырмасы: 9 − 7 = 2. Демек, қызыл кесінді 2 см-ге қысқа.
Қызыл кесінді: 7 см.
Жасыл кесінді: 3 см.
Қосындысы: 7 + 3 = 10.
9 см − 7 см = 2 см
7 см + 3 см = 10 см
Қорытынды: кесінді — түзу сызықтың екі нүктемен шектелген бөлігі.
Ой қозғау: санға байланысты жұмбақ
«Тоғыз белбеу, қос жібек, екі мұрын, бір шүмек».
Жұмбақтағы сандарды табу: тоғыз, екі, бір.
Тіл дамыту тапсырмасы
«Домбыра» сөзіне дыбыстық талдау жасау: әріп саны, буын саны, дыбыс саны анықталады.