Всем мамам посвящается

Көктемнің алғашқы мерекесі — Аналар күні

Қайырлы күн, құрметті де аяулы ұстаздар, аналар және оқушылар! Көктемнің алғашқы төл мерекесі — Аналар мерекесі құтты болсын!

Адамзаттың нұр құйған санасына
Мейірімін сезінсең табасың мән.
Жақсы үміт күтетін баласынан —
Сәлем, барша әлемнің анасына!

Құттықтау сөзі

2-жүргізуші

Добрый день, дорогие друзья! Мы приветствуем вас на праздничной программе, посвященной вам, дорогие наши женщины! Мы пригласили вас на вечер, который, надеемся, подарит много улыбок и хорошее настроение.

Когда смотрю со сцены в зал,
То вижу в полумраке зыбком
Восхищённые глаза
И чью-то добрую улыбку.
Восьмое марта — дивный праздник,
Нам хочется поздравить вас,
Таких таинственных, красивых.

1-жүргізуші

Алғашқы құттықтау сөз — мектеп директорының құттықтауы.

Ананың қоғамдағы орны

1-жүргізуші

Тарихымызда талай кемеңгер аналар, сенімді серіктес, тамаша әйелдер болғаны белгілі. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, әйелдер тек отбасының қамқоршысы ғана емес, мемлекеттік өмірге де белсенді қатысушы жандар. Облысымыздың 380-нан астам әйелдері экономикалық, материалдық және рухани құндылықтарды тудырып, сақтауға өз үлестерін қосып келеді.

2-жүргізуші

История знает немало примеров мудрости матерей, верных соратниц, выдающихся женщин. Наши современницы — достойные продолжательницы этой традиции: своим участием в социально-экономических, политических и культурных преобразованиях они создают надёжную основу для успешного продвижения Казахстана в будущее. Как отметил Президент Республики Казахстан Нурсултан Абишевич Назарбаев, женщины — не просто хранительницы домашнего очага, но и активные участницы государственной жизни.

Жүректен шыққан жыр

1-жүргізуші

Өмірдің иесі — сен, ғазиз ана,
Келтірген дүниеге небір дана.
Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ —
Өмірдің алтын кілті сенде ғана.

2-жүргізуші (Дима)

С праздником светлым,
С праздником ясным,
С праздником нежным,
Чудесным, прекрасным.
С праздником ласки,
Любви и вниманья,
С праздником женского очарованья!

Екі жүргізуші бірге

Аналар — ау, менің шалқар көлдерім,
Көлдерім мен асқар-асқар белдерім.
Мына өмірде қуанышты жүргенім —
Сенің арқаң, мына өмірге келгенім.

Ана туралы сөз

2-жүргізуші

У мамы самое доброе и верное сердце, самые заботливые и ласковые руки — они всё умеют. В её чутком сердце не гаснет любовь: оно ни к чему не остаётся равнодушным.

Өлең

О, как прекрасно слово «мама» —
Всё на земле от материнских рук.
Она нас, непослушных и упрямых,
Добру учила — высшей из наук.

Да, слово «мама» издавна в народе
Возносят выше самых ярких звёзд.
Родная мама, дорогая,
Тебе несём в праздник цветы.
И в городе, и в малой деревеньке
Всего дороже ты нам — только ты.

1-жүргізуші

Ана деген — тіршіліктің иесі. Мұны адал бала біледі. Өмір балын тамызарда ерніңе, шымырлатып еріткен бар жүйеңді. Ақ сүті оның өтеусіз — жай қала ма? Борышты оған небір дарқан дана да. Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге, одан берік, одан нәзік жан бар ма?

Қыз — өмірдің көркі

1-жүргізуші

Көз алдыңа қыз десең — гүл келеді,
Гүлсіз дала әлбетте сұр келеді.
Табиғаттың оларсыз еш сәні жоқ,
Гүлмен ғана дала әсем түрге енеді.

Көз алдыңа қыз десең — гүл келеді,
Жайқалады жер үсті, күллі әлемі.
Соларменен қызықты мынау өмір,
Лықсып-лықсып жүрекке жыр келеді.

2-жүргізуші

Ты отдала нам годы душевного тепла и через все невзгоды всегда вперёд вела. Тебе, любимой маме, единственной, родной, шлём поздравления наши и наш земной поклон.

Есть светлый на земле приют — любовь и верность там живут. То — сердце матери. Всем мамам посвящается!

Қорытынды сөз және тілек

1-жүргізуші

Қыздарым, жақсылықтан жаңылмаңдар,
Мөлдір, таза, әдемі жаным — жандар.
Тізе бүгіп, алдарыңда қолымды алам,
Тойларың құтты болсын, аруларым!

1-жүргізуші

Қылығы да, қызығы да — бәрі арман. Тағдыр дейтін түк бермейтін сараңнан сұлулықты тартып алған тәкаппар — сендерсіңдер, сүю үшін жаралған! Ән әуені көгімізде самғайды, көңілдерді қуанышқа жалғайды. Балалар шын жүректен тебіреніп, әсем әнін аналарға арнайды.

Қоштасу

Ұлтымыздың бүкіл ұлағат өрісі — аналар, сіздердің мейірім шуақтарыңыз жарқырап, шұғылалы сезім сәулелеріңізбен нұрланып, даналықтың бастауы бола беріңіздер деп бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.

Жанарларыңыздан жылу, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!