Жер қыртысының қозғалыстарын білу Жер сілкінуге анықтама беру

Оқу мақсаты

  • Жер қыртысының қозғалыстарын білу.
  • Жер сілкінуге анықтама беру.
  • Сейсмология ғылымын атай алу.
  • Екі сейсмикалық белдеуді анықтап, картадан көрсету.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар

  • Жер қыртысының қозғалыстарын атайды.
  • Жер сілкінудің себептерін түсіндіреді.
  • Сейсмикалық белдеулерді атайды.

Оқушылардың басым бөлігі

  • Жер сілкінудің себептерін түсіндіреді.
  • Жер сілкінудің негізгі элементтеріне (ошақ, эпицентр) анықтама береді.

Кейбір оқушылар

  • Тынық мұхиттық және Жерорта теңіздік белдеулерді картадан көрсетіп, салыстырады.
  • Айырмашылықтарының себебін түсіндіреді.

Тілдік мақсат

Оқушылар бір-бірімен ғылыми тілде сөйлесіп, диалогтік әңгіме жүргізе алады.

Сыныптағы диалогқа бағыт беретін сұрақтар

  • Жер қыртысы қозғала ма?
  • Жер қыртысының қозғалатынын қалай дәлелдеуге болады?

Сабақ барысы

Басталуы

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Мен сізге тілеймін...»
  • Ынтымақтастық орта құру.
  • Шеңбердегі жұмыс арқылы үй тапсырмасын сұрау.
  • Смайликтер арқылы топқа бөлу.

Оқушының іс-әрекеті

  • Жаңа сабаққа жағымды көңіл күй қалыптастырады.
  • Сұрақтарға жауап береді.

Ресурстар

Қобдиша, сұрақтар жазылған карталар, смайликтер.

Ортасы

Негізгі бөлім

Талқылауға арналған сұрақтар

  • Жер сілкінісі туралы не білесіздер?
  • Жер сілкінудің зардаптары туралы қандай ой айтар едіңіз?

Топтық тапсырмалар

  1. 1-топ: Жер қыртысындағы өзгерістерді сипаттап, суреттеп салыңыз.
  2. 2-топ: Жер сілкіну туралы ойларыңызды түсіндіріп айтыңыз.
  3. 3-топ: Жер сілкінудің алдын алу жолдарын талқылаңыз және сейсмикалық белдеулерді анықтаңыз.

Топ жұмыстары формативті бағалау арқылы қорытындыланады.

Көрнекілік

Презентация: «Жер сілкіну».

Дәптермен жұмыс

  • Жер сілкіну
  • Сейсмология
  • Сейсмикалық қозғалыстар
  • Сейсмограф

Қосымша ойлану тапсырмасы (ДТО)

Қазіргі кезде жер астынан мұнай мен газды бұрғылап алу өндірісі жүріп жатыр. Бұл үдеріс жер сілкінісін тудыруы мүмкін бе? Неліктен?

Оқушылардың күтілетін әрекеттері

  • Литосфералық тақталардың қозғалысы туралы өз ойларын ортаға салады.
  • Топтық тапсырмаларды орындайды, пікір алмасады.
  • Формативті бағалауға қатысады.
  • Дәптерге негізгі ұғымдарды жазады және қорытынды ой айтады.

Ресурстар

Көрнекі құралдар

Плакаттар, стикерлер, фломастерлер

Географиялық материал

Карта

Таратпа материал

Сұрақ карталары, смайликтер