Наурыз көктем
Сахналық сценарий
Наурыз мерекесіне арналған жүргізушілер сөзі, құттықтаулар, ән-күй және ұлттық дәстүрлерге негізделген мерекелік бағдарлама.
Жүргізушілердің кіріспе сөзі
І жүргізуші
Кең болсын қазағымның керегесі,
Кетпесін Алла берген берекесі.
Алаштың баласына нәсіп болған,
Құтты болсын Наурыз мерекесі!
ІІ жүргізуші
Армысыздар, құрметті көрермен қауым! Ақ молайып, күн ұзарып, тіршілік жаңаратын, көңіл кеңейіп, ниет түзелетін кезең — Наурыз мейрамы құтты болсын!
Наурыздың мәні
І жүргізуші
Наурыз — ежелгі түркі халықтарының жаңа жыл мейрамы. Парсы тіліндегі «наурыз» сөзі «жаңа күн» деген мағынаны білдіреді. Бұл мереке күн мен түн теңелетін шақта аталып өтеді. Қазақ елі бұл күнді Ұлыстың ұлы күні деп атаған.
ІІ жүргізуші
Наурыз — көктемнің ең көркем кезеңі. Қазақ халқы Наурыз айын айрықша құрметтейді, өйткені бұл — қыстан шығып, күн нұрына бөленіп, жаңа жылды қарсы алатын мереке. Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз елімізге береке мен құт болып дарысын!
Құттықтау сөз
І жүргізуші
Осы керемет Наурыз мерекесіне орай құттықтау сөзді оқу ісі жөніндегі орынбасары Жылқыбаева Жанат апайға береміз.
ІІ жүргізуші
Уа, ағайын, халайық, мұнда назар салайық! Халықтың мерекесі — Наурыз тойын бастайық! Ортаға Айым Сайлаубектің құттықтау сөзін қабыл алыңыздар.
Ән мен би нөмірлері
І жүргізуші
Наурыз тойым, Наурыз тойым — құтты болсын, халайық! Қане, достар, шырқап әнге салайық.
Нөмір
Малика мен Ұлпанның орындауында «Наурыз думан» әні.
ІІ жүргізуші
Көктем келді, балақай, жасарды жер, алақай! Наурыз тойын тойлайық, әсем әнге салайық.
Нөмір
Ақсұлтанның орындауында «Анаға сый» әні.
І жүргізуші
Наурыз келді еліме, Наурыз келді жеріме. Байлық-береке тілеймін бүкіл қазақ еліме.
Нөмір
Аянаттың орындауында «Наурыз — көктем» әні.
ІІ жүргізуші
Жылдың басы — Наурыз, жердің басы — Наурыз. Мерекеге арналсын бүгінгі жыр-әніміз.
Нөмір
Айым Сайлаубектің биі.
І жүргізуші
Наурыз келді сән құрып, жасарып, жаңарып. Құлпырды жер мен көк, мейірім таң күліп.
Нөмір
Ерасылдың орындауында «Наурыз» әні.
Бата және Қыдыр ата
ІІ жүргізуші
Наурыз — бұл мереке, құтты болсын береке! Қыдыр ата келсін, жақсы тілек әкелсін. «Наурызым — бабамның сөзі, Наурыз — анамның сөзі, ғасырдан ғасырға жеткен даламның сөзі», — демекші, Қыдыр ата келіп қалғандай. Қыдыр ата, өзіңізден бата сұраймыз.
Көктем әуені және қорытынды нөмірлер
І жүргізуші
Наурыз тойы — тамаша, Наурыз тойы — жаңаша. Табиғат та тамаша, тамылжып тұр жараса.
Нөмір
Әбдіуәлі Әйгерімнің орындауында «Көктем келді» әні.
ІІ жүргізуші
Наурыз тойы — салтанат, Наурыз тойы — мархабат. Әр жүректен ән тарап, шаттанады шартарап.
Нөмір
Сайлаубек Айдананың орындауында «Гүлдерайым» әні.
І жүргізуші
Алдарыңызда дәстүрлі би — Қаражорға.
Ұлттық дәстүр: тұсаукесер
ІІ жүргізуші
Айналайын халқым-ай, құтты болсын салтың-ай! Шықтық біздер жырлауға қазағымның салтын-ай. Енді мерекелік іс-шарамызды ұлттық салт-дәстүріміз — тұсаукесер рәсімімен жалғастырамыз.
Негізгі ой
Наурыз — жаңару мен бірліктің мерекесі: дәстүр, өнер және бата арқылы ұрпақ сабақтастығы айқын көрінеді.
Орындалатын құндылықтар
- Ұлтжандылық және құрмет
- Имандылық, инабаттылық
- Салт-дәстүрді сақтау