Құжатқа суреттерді кірістіруді үйрену

Сабақтың тақырыбы

Құжатқа суреттер кірістіру (WordPad және Paint бағдарламалары арқылы).

Сабақтың түрі

Практикалық

Көрнекілігі

Оқулық, компьютер

Құралдар

Интерактивті тақта (ActivStudio)

Сабақтың мақсаты

1) Білім беру

Құжатқа суреттерді кірістіруді үйрену. Paint редакторынан сурет енгізу мүмкіндіктерін меңгеру.

2) Дамыту

Оқушылардың сабаққа ынта-ықыласын арттыру, жан-жақты білімін және шығармашылық қабілетін дамыту.

3) Тәрбиелеу

Эстетикалық талғамын қалыптастыру, нәтижеге ұмтылуға және уақытты үнемдеуге дағдыландыру.

Сабақтың барысы

  1. 1

    Ұйымдастыру кезеңі

    Оқушыларды түгендеу, сыныптың тәртібін бақылау, кезекшілікті және сабаққа дайындықты шолып шығу.

  2. 2

    Үй жұмысын тексеру

    • Ою-өрнек перфокартасы
    • Тест жұмысы
  3. 3

    Жаңа материалды түсіндіру

    WordPad құжатына суреттерді кірістіру жолдары.

  4. 4

    Жаңа материалды бекіту

    Деңгейлік тапсырмалар (1–3 деңгей).

  5. 5

    Үй тапсырмасы, бағалау, қорытынды

    Үйге тапсырма беру, түсіндіру, оқушыларды бағалау және сабақтың қорытындысын шығару.

Жаңа материал

WORDPAD ҚҰЖАТЫНА СУРЕТТЕРДІ КІРІСТІРУ

Негізгі идея: Paint + WordPad байланысы

WordPad құжатына дайын суреттерді де, сондай-ақ Paint графикалық редакторында немесе басқа графикалық қолданбаларда жасалған суреттерді де кірістіруге болады. Графикалық объектіні енгізу үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

Қадамдық нұсқаулық

  1. 1

    Paint редакторында сурет салыңыз немесе дайын суретті суреттер кітапханасынан таңдаңыз.

  2. 2

    Суретті белгілеңіз (Paint-тағы бөліп алу құралдарының көмегімен).

  3. 3

    Правка мәзірінен Копировать немесе Вырезать командасын таңдаңыз.

  4. 4

    Сурет кірістірілетін WordPad құжатын ашыңыз.

  5. 5

    Меңзерді сурет қойылатын орынға орналастырып, Вставить батырмасын басыңыз немесе Правка → Вставить командасын орындаңыз.

  6. 6

    Суретті тышқанның сол жақ батырмасын басып тұрып, қажетті орынға жылжытып орналастырыңыз.

Осылайша Paint-та салынған сурет WordPad құжатына кірістіріліп, мәтінмен бірге өңделеді.

Сергіту сәті

Оқушыларға алфавит бойынша 20 әріптен таратылады. Мұғалім бір сөйлем айтады (мысалы: «Наурыз мейрамы құтты болсын»). Мұғалім «машинка» рөлін атқарып, сөйлемдегі әр әріпті кезекпен оқиды:

  • Әріп болса

    Сол әріп кімде болса, орнынан тұрып шапалақ ұрады.

  • Бос орын (пробел) болса

    Барлығы бірге шапалақ ұрады.

  • Тыныс белгісі болса

    Барлығы орнында отырып, аяқтарымен жерді тебеді.

Бекіту: деңгейлік тапсырмалар

1-деңгей: «Иә/Жоқ»

Сұрақ дұрыс болса — иә, дұрыс емес болса — жоқ. Дұрыс жауапқа 1, қате жауапқа 0 қойылады.

  • 1) Paint графикалық редакторында салынған суретті WordPad редакторына кірістіруге бола ма? Иә

  • 2) WordPad редакторында сурет немесе объект кірістірудің 2 түрі бар ма? Иә

  • 3) Құжатқа сурет кірістіру үшін: Правка → Копировать, меңзерді орналастырып, Правка → Вставить орындау керек. Иә

  • 4) Құжатқа сурет кірістіру үшін Вставка → Объект командасын орындауға болады. Иә

  • 5) 2 батырмасы жаңа құжат құру үшін қолданылады. Иә

2-деңгей: терминдерді түзету және аудару

Берілген сөздерді дұрыс нұсқасына келтіріп, орысша және ағылшынша баламасын сәйкестендіріңіз.

Қате жазылуы Дұрысы (қаз.) Орысша Ағылшынша
Қраіп Қаріп шрифт shrift
Қрұу Құру создать create
Мтәін Мәтін текст text
Пренеқтата Пернетақта клавиатура keyboard
Сқатуа Сақтау сохранить save
Құтаж Құжат документ document

Шифрланған хабарлама

Берілген хабарламаның мағынасын анықтаңыз:

  1. Кестенің бірінші жолындағы әріпті алыңыз.
  2. Алфавит бойынша одан кейінгі тұратын әріпті анықтаңыз.
  3. Табылған әріпті «мағынасы» жолына жазыңыз.
  4. Әріптер таусылғанша 1–3 қадамдарын қайталаңыз.

Хабарлама

Й Ы П Ы Р С Ы П Т

Мағынасы

Кірістіру

3-деңгей: практикалық жұмыс

  1. WordPad мәтіндік редакторында жаңа құжат құрыңыз. Құжатты «Мектеп» атауымен сақтаңыз.
  2. Құжатқа жұмыс үстелінен 6 сурет кірістіріңіз.
  3. Әр суреттің астына «Менің сүйікті мектебім» мәтінін енгізіңіз. Қаріпті Times New Roman, өлшемін 16 етіп орнатыңыз, мәтінді жартылай қалың қылыңыз.

Үй тапсырмасы

  • §5.2 тақырыбын оқу.
  • Оқулықтың 17–179 беттеріндегі тапсырмаларды орындау.
  • «Ынтымақ, бірлік» тақырыбындағы мақал-мәтел бойынша сурет-жұмбақ құрастыру.

Қорытынды

WordPad мәтіндік редакторының пайдалы мүмкіндіктерінің бірі — графикалық объектілерді кірістіру. Сурет салу арқылы WordPad пен Paint бағдарламаларын өзара байланыстырып, мәтінді көрнекі әрі түсінікті етуге болады. Бұл тұрғыда Paint бағдарламасының WordPad-пен жұмыс істеудегі маңызы зор.