Сендер қандайсыңдар

Мақсаты

Оқушылардың сауат ашу пәнінен оқу барысында алған білімдерін тиянақтау; өз өнерлерін ата-аналарға көрсету; эстетикалық талғамдарын тереңдету; өзін-өзі басқаруға баулу және ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.

Сауат ашу Ана тілі Өнер көрсету Тәрбиелік мән

Кештің ашылуы

1

Мәди

Бәрің бері қара! Бүгін бізде қандай шара?

2

Диляра

Тағзым етем, тақсырым, айтайын мен жан сырын. Естідім ұзын құлақтан — 1 «Ә» сыныбынан.

3

Айым

Келеді бүгін ертекке ән салып, би билемекке. Қоштаспақпыз сүйікті кітап — Әліппемен.

4

Алина

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар! Жүздеріңізден мейірім мен нұр тамар. Алдарыңызда қызғалдақтай құлпырған — біз, алаңсыз балғын шақты балалар.

5

Рүстем

Көз салып қараңызшы бойымызға, ортақ боп бүгін өскен ойымызға. Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар — Әліппемен қоштасу тойымызға!

6

Ақжол

Қоштасу тойын бастайық, ән мен биге басайық. Өнерімізді көрсетіп, құрметіне бұл тойдың ән мен шашу шашайық.

Ән:

«Әліппе!»

7

Болат

Уа, халайық! Ортаға шақырайық, қол соға! Сүйікті біздің ұстазды шәкірттермен ортаға!

Мұғалімнің құттықтауы және ортақ сұрақ

Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызға шек жоқ. Сіздер 1 «Ә» сынып оқушыларының 42 әріппен танысып, қасиетті Әліппемен қоштасу ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

Өсті міне бойларың, өсті ақыл-ойларың. Қуанышқа ортақпын, құтты болсын тойларың!

Сұрақ

Іші толған әріпке, білімдегі жарық не?

Хормен жауап

Болашаққа жол ашқан — ол сүйікті Әліппе!

Шақыру

Әліппе, Әліппе, Әліппе!

Әліппенің сөзі: білімге бастар жол

Менің атым — Әліппе, мені анаңдай дәріпте. Мені оқып ер жеткен — ағаң менен әпкең де.

Армысыңдар, жас достар! Армысыңдар, ата-ана! Болашаққа жол бастар — Әліппең келді ортаға. Мерекелеріңмен құттықтаймын, бүлдіршіндер, балғындар! Не үйреніп, не білдік — кәне, ортаға салайық!

Әліппе сұрағы

Сендер қандайсыңдар?

Талабымыз биік таудай. Мың бұралған бишіміз. Біз шеберміз, ақылдымыз. Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз. Көп оқимыз.

Біз — қазақ елінің болашағымыз.

Ән

«Балалар әлемі»

Кейіпкердің келуі: Жалқаубекпен кездесу

Ортаға Жалқаубек кіреді

«Ой, мұнда неге көп балалар жиналған? Өздері шетінен әдемі екен. Бұл жерде не болып жатыр өзі?»

Болат: Біз бүгін Әліппемен қоштасып жатырмыз.

Жалқаубек: «Әліппе деген не?»

Болат: Іші толған әріпке — мынау әйбат Әліппе. Барлық ілім-білімнің әжесі осы — Әліппе.

Жалқаубек: «Сонда сендер Әліппені түгел білесіңдер ме?»

Хормен: Әрине!

Жалқаубек: «Ал мен білмеймін…»

Әріптер әлемі: 42 әріпке саяхат

Гүлназ: Алфавитті жаттадық. Онда жүйе, қалып бар. Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар.

Дархан: Сан әріпті үйрендік, бүгін бізге сеніңдер. Әріптер әлеміне саяхаттап көріңдер.

Шағын таныстырулар

  • Аружан: «А» әрпінен есімім. Айтсам сөздің кесімін. Аружан мен боламын, айдай өсіп толамын.

  • Әлішер: Әлішерді білесіз, көңілге мені түйесіз. «Ә» әрпі де атымда, оқып-біліп жүресіз.

  • Аяна: «Ж» дегенің — Жанабаева Аяна деген мен бала. Жақсы оқысам сабақты, одан артық жоқ шара.

  • Рауан: Рауан деген есімді білдіңіздер кесімді. «У» әрпі бар ішінде, тыңдасаңыз шешімді.

  • Еркежан: «Е» әрпі — Еркежанмын мен деген, білім іздеп оқу оқып терлеген.

  • Рахат: «Т» дегенің — Төлеуханов Рахатпын. Достарыма тілейтінім алдымен — денсаулық пен зор байлық алда да.

  • Еділ: Енді біз жаза аламыз, әріпті қосып әріпке. Риза боп саған жүреміз, сүйікті біздің Әліппе.

Тапсырма: «Қыс бойы Әліппені үйреніп кел!» — деп, әріптер Жалқаубекке табысталады.

Мұғалім: Әліппе сендерді оқуға, жазуға үйретті. Сол үшін Әліппеге не айту керек?

Біздерге білім үйреткен, Әліппе, саған мың рақмет!

Негізгі пәндер және математикаға қадам

Әліппе: Сендер менімен ғана достасып қойған жоқсыңдар. Сонымен бірге қандай негізгі пәндерді оқыдыңдар?

Оқушылар: Математика, дүниетану, ән сабағы, бейнелеу өнері, еңбекке баулу.

Жалқаубек: «Математика деген не?»

Санамақ (1–10)

  1. 1 — бесік, шықтың содан өсіп.

  2. 2 — елім, далам, тауым, көгім.

  3. 3 — үміт, үміт арттар жігіт.

  4. 4 — төзім, төзе білем өзім.

  5. 5 — бақыт, бағалайтын бақыт.

  6. 6 — ақыл, тыңдағаның мақұл.

  7. 7 — жалау, жүректегі алау.

  8. 8 — сөзің, серт беретін кезің.

  9. 9 — тоқтау, елдің жоғын жоқтау.

  10. 10 — Отан, қорға еліңді, ботам.

Тапсырма: «Мамырға дейін санап үйреніп кел!» — деп, сандар да Жалқаубекке табысталады.

Би

«Полька»

Қоштасу сөздері: Әліппеден Ана тіліне

Еркежан

Әліппені бітірдім, жаза аламын атымды. Әліппені бітіріп, бала болдым ақылды.

Мирас

Қош бол, құтты Әліппем! Көп нәрсені үйреткен. Таныстырып әріппен, тақылдатып сөйлеткен.

Дильназ

Әліппемен қош айтысамыз. Енді қолға ана тілін аламыз. Ата-ана, қуанышқа ортақ бол — сауатты боп шықты міне балаңыз!

Әліппенің ақ батасы

Кір шалмасын беттерің, таза болсын оқулық пен дәптерің. Оқығандарың есте болсын, күнделіктерің «5»-ке толсын!

Хормен: Әліппе мен ұстазға бас иеміз құрметпен.

Көрініс

«Дос іздеген бота»

Әліппе: Балалар, рақмет! Енді менен алған білімдеріңді Ана тілімен ұштайсыңдар. Міне, менің досым да келіп қалыпты — қарсы алыңдар!

Ана тілі: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Бәрі бірге: Қош сау бол, құтты Әліппе!

Тәрбиелік түйін: жақсы әдет пен жауапкершілік

Өтірік айтпа, ұрлық жасама. Әдептілік, ар-ұят — адамдықтың белгісі. Тұрпайы мінез — надандықтың белгісі. Үйрен жақсы әдеттен, жирен жаман әдеттен!

Жалқаубек: Мен өз қатемді түсіндім. Мен де сендер сияқты ақылды да тәртіпті болғым келеді. Енді атымды Ақылбек деп өзгертіп, келесі жылы Әліппені толық меңгеріп келемін!

Оқушылар: Біз саған сенеміз. Қош сау бол!

Ана тілі туралы жыр

Ақерке

Ана тілің — арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.

С. Дамир

Ана тілін ақтаңдар, ана тілін сақтаңдар. Ана тілмен безеніп, ата берсін ақ таңдар.

А. Дамир

Иә, өз тіліңмен ер жетіп, қол созасың күнге сен. Өз тіліңмен еліңе пайдалысың күнде сен!

Ән

«Ана тілін сүйеміз!»

Кітапханаға қадам: жаңа кітаптармен танысу

Енді балалар Әліппеден басқа да қызықты кітаптарды оқи алады. Мерекеге кітапханашы Алтынжан апай келіп, оқуға шақырады.

Кітапханашы: Шақырғандарың үшін көп рақмет! Сендер енді өз беттеріңмен оқи аласыңдар. Кітапханада балаларға арналған әдемі кітаптар көп. Бүгін мерекелеріңе сыйлық ретінде бірнеше кітап ала келдім.

Кітаптар балаларға таратылады (Ана тілі көмектеседі).

Ана тілі: Ынта қойып оқысаңдар, көп нәрсеге үйренесіңдер.

Хормен: Оқимыз, Ана тілі, оқимыз!

Ата-анаға алғыс және мерекелік қорытынды

Мирас

Баланың да тірегі — ақыл құйған санама, даланың да тірегі. Күннен де артық расында. Шаншылмасын ешқашан: күн алыста, ал анам — аналардың жүрегі ылғи менің қасымда.

Мұғалім: Бізді осындай күнге жеткізіп, бірге қуанып жүрген аналар мен әкелерімізге, аталар мен әжелерімізге мың алғыс айтамыз. Ендігі ән сіздерге арналады.

Ән

«Айналайын ақ мамам!»

Қорытынды сөз

Ата-ана, шашу шашайық, ақ сандықты ашайық. Бұл мереке, бұл тойдың қорытындысын жасайық!

Мұнда біреу жымияды қызына, мұнда біреу ақыл айтар ұлына. Мұнда біреу сөз сөйлейді жараса, мұнда біреу елтіп отыр жырыма. Ол кім десең — қуаныштан езулері жымиған, ол — ата-ана, әлемдегі сыйлы адам.

Келесі сөз кезегі ата-аналарға беріледі. Білім баспалдағына өрлеген сапарларың сәтті болсын!