Түсті қағаз

Тақырыбы

Бірдей сандарды қосу

Мақсаты

1) Білімділік

  • Бірдей қосылғыштардың қосындысын табу туралы түсінік беру және оны толық меңгертуге жағдай жасау.
  • Екі амалмен шығарылатын есепті түрлендіруді пысықтау.
  • Геометриялық фигуралардың периметрін табуды қайталау.

2) Дамытушылық

  • Ой-өрісті кеңейту, есте сақтау қабілетін дамыту.
  • Шапшаң ойлап, тез есептеуге дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Наурыз мерекесі туралы әңгімелеу.
  • Жылқы туралы жаңа мәлімет беру, жылқымен байланысты ұлттық ойындармен таныстыру.

3) Тәрбиелік

  • Қазақтың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Жылқы малына қамқор болуға баулу.
  • Ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Түрі

Кіріктірілген сабақ

Әдісі

Түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, көрсету, топтық жұмыс, тірек сызба, ойын.

Көрнекілігі

Тақырыптық слайдтар, суреттер, оқулық, үлестірмелі қағаздар, геометриялық фигуралар, сым темір, плакат, «Жорға биі» сергітуі.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, еңбекке баулу, ұлттық дүниетаным.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Дыбыс тыңдау: «Мынау ненің дыбысы?»

«Кім айтады, неге сабақты жылқыдан бастадым?»

«2014 жыл қандай жыл?»

Дұрыс айтасыңдар: бұл — Жылқы жылы. Бүгінгі сабақты жылқымен байланыстыруымның себебі — баршамызға шаршамай шапқылап, математикадан жүйрік аттай тез есептеп, асу-асу белестерден бәйге атындай қиналмай өтеміз деген сенім.

Қазақ халқында аты аңызға айналған тұлпарлар көп. Бүгін топ атауларын сол тұлпарлармен байланыстырамыз: Байшұбар, Тайбурыл, Құлагер, Тарлан.

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Жылқы туралы не білеміз?» деген сұрақ арқылы қысқаша шолу жасаймыз: жылқы — көлік, қымыздың көзі, еті — тағам, төрт түліктің бірі, «жеті қазынаның» құрамында аталады.

Жылқымен байланысты ұлттық ойындар көп. Соның бірі — бәйге. Үй тапсырмасын тексеру үшін әр топтан есепке жүйріктер шығып, баған түріндегі амалдарды орындайды.

Байшұбар

58
67
27
29
85
96

Тайбурыл

100
100
44
67
56
33

Құлагер

75
28
17
36
92
64

Тарлан

92
86
35
39
57
47

Бағалау: орындалған жұмыстар бойынша топтық және жеке бағалау жүргізіледі.

III. Жаңа сабақ

Қазақстанда жылқының 58 түрі бар. Мысалы: тұлпар, желжетпес, сәйгүлік, дүлдүл, таза қанды және т.б. Бұл аталғандары — жүйрік жылқылар тобына жатады.

Жылқы — таза, құнарлы шөппен қоректенетін төрт түліктің бірі. Сондықтан оның еті мен сүті пайдалы. Қымыз көптеген ауруға ем ретінде қолданылған.

Жаңа ұғымға кіріспе тапсырма

«Бірнеше жылқы жайылып жүр. Әр топ осы жылқыларды өз қорасына тең бөліп кіргізсін. Әр қорада неше жылқыдан болады?»

Осыдан қандай өрнек құрастыруға болады?

2 + 2 + 2 + 2

Бақылау: қосылғыштары бірдей.

Демек, бүгінгі жаңа тақырып: Бірдей сандарды қосу.

Оқулықпен жұмыс (№1)

Суретте әр сөреге екі домбырадан үш сөреге қойылған. Барлығы неше домбыра бар?

2 + 2 + 2 = 6

Әр қорапқа екі сырғадан төрт қорапқа салынған. Барлығы неше сырға бар?

2 + 2 + 2 + 2 = 8

Ауызша жаттығу: берілген сандарға +1, +2, +3 қосып, тізбектер құрастырамыз:

+1
+4
+7
+10
+2
+5
+8
+3
+6
+9

IV. Білімдерін тексеру

№2

8, 6, 9, 10, 12 сандарын бірдей қосылғыштардың қосындысы түрінде жазыңдар.

Байшұбар

2 + 2 + 2 + 2 = 8

4 + 4 = 8

Тайбурыл

5 + 5 = 10

2 + 2 + 2 + 2 + 2 = 10

Құлагер

2 + 2 + 2 + 2 + 2 + 2 = 12

6 + 6 = 12

3 + 3 + 3 + 3 = 12

Тарлан

2 + 2 + 2 = 6

3 + 3 = 6

№3 (дауыстап оқу, талдау)

Түсті қағаз — 37 парақ. Ақ қағаз — түсті қағаздан 18 парақ артық. Барлығы қанша парақ?

37 + 18 + 37 = 92

Жауабы: 92 парақ.

Өзіндік жұмыс: есепті бір амалды есепке айналдырып, ауызша шығар.

37 + 18 = 55

Жауабы: ақ қағаз — 55 парақ.

Сергіту сәті

«Жорға биі» қимыл-қозғалыс жаттығуы.

V. Ұлттық ойын арқылы бекіту: «Көкпар»

«Көкпар» — жылқымен тығыз байланысты ұлттық ойын. Тапсырма: бірліктерін қосқанда 16 шығатын, ал ондықтарын қосқанда бір таңбалы сан болатын бірнеше теңдік жаз.

Мысал теңдіктер

  • 18 + 28 = 46, тексеру: 46 − 28 = 18
  • 19 + 17 = 36, тексеру: 36 − 17 = 19
  • 38 + 48 = 86, тексеру: 86 − 48 = 38

Қосындыны қалай тексереміз?

Қосындының мәнінен екінші қосылғышты азайтсақ, бірінші қосылғыш шығады.

  • 29 + 27 = 56, тексеру: 56 − 27 = 29
  • 39 + 37 = 76, тексеру: 76 − 37 = 39
  • 49 + 47 = 96, тексеру: 96 − 47 = 49

VI. Жеке оқушымен жұмыс: «Қыз қуу»

Әр топтан белсенділігі төмендеу оқушыларға теңдеу тапсырмалары беріледі. Мақсат — дұрыс шығару және тексеру.

Байшұбар

x − 32 = 53

Шешуі: x = 32 + 53 = 85

Тексеру: 85 − 32 = 53

Тайбурыл

84 − x = 24

Шешуі: x = 84 − 24 = 60

Тексеру: 84 − 60 = 24

Құлагер

x + 38 = 70

Шешуі: x = 70 − 38 = 32

Тексеру: 32 + 38 = 70

Тарлан

x − 28 = 32

Шешуі: x = 32 + 28 = 60

Тексеру: 60 − 28 = 32

Бағалау: теңдеулердің шешуі мен тексеруі толық болған оқушылар жоғары бағаланады.

VII. Геометрия: периметр

№7

Периметрлері бірдей екі үшбұрышты тап.

1-үшбұрыш:

P = 5 см + 4 см + 3 см = 12 см

2-үшбұрыш:

P = 4 см + 4 см + 4 см = 12 см

Шығармашылық тапсырма

Әр топ темір сымнан әртүрлі фигура құрастырады:

Байшұбар

Бесбұрыш

Тайбурыл

Шаршы

Құлагер

Үшбұрыш

Тарлан

Төртбұрыш

VIII. Қорытынды

Бүгін не білдік? Бірдей қосылғыштардан қосынды құрастыруды және оны есеп шығаруда қолдануды үйрендік.

Қорытынды тапсырма: тор көздерге бірдей сандарды қосып, өрнектер құрастыр.

Үй тапсырмасы

Оқулықтағы берілген тапсырмаларды орындау. Сабақ барысында жинаған ұпайлар бойынша қорытынды бағалау.