Сәлем менің халқыма
Сабақтың тақырыбы
Қош келдің, Наурыз!
Сабақтың мақсаты
- Шығыс елдерінің бүкілхалықтық Наурыз мейрамының жоралғыларымен таныстыру.
- Халықтық салт-дәстүрлерді қастерлеуге баулу.
Кіріспе сөз
Сахналық бөлім1-жүргізуші
Өлкеме Наурыз келді, көктем келді,
Құлпыртып жерге орап көк пен жерді.
Халқымның салт-дәстүрін аялаған
Арманы асқақтады көптен бергі.
Кең байтақ жасандырып жусан белін,
Ақтарып күн нұрындай думан лебін,
Сіңірген халық салтын қанымызға —
Наурызың құтты болсын!
2-жүргізуші
Внимание! Внимание!
Уважаемые земляки, гости, учителя и ученики!
Мы приветствуем вас на торжестве, посвящённом празднованию великого народного праздника Наурыз!
Пусть разольётся смех сегодня на вечном празднике Весны.
Пусть исчезнут страх и заботы, будьте радостью полны.
Пусть обильным будет год и достаток принесёт!
Разрешите объявить наш праздник открытым!
Музыкалық үзіліс
«Наурыз» әні орындалады.
Ақ тілектер мен бата
Оқушылардың амандасуы
1-оқушы: Ассалаумағалейкум! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
2-оқушы: Уағалейкумассалам! Айтқаның келсін, ар болсын! Жүк көтерер нар болсын! Ырыс болып Наурызың көп көжедей бар болсын!
1-оқушы: Ау, ақсақал, мына тойға сізден бата сұраймыз.
Бата
Ақсақал: Армысыңдар, жамиғат! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Қайда барсақ жол болсын! Әумин.
Наурыз туралы
1-жүргізуші
Қызыр келіп аралап жүр даламды, алтын шапақ аймалауда қаламды. Сәлем саған, Ұлы күні Ұлыстың! Өзің келіп, бір тіршілік оянды.
Наурыз — жыл басы. Шығыс күнтізбесі бойынша бұл мереке күн мен түннің теңелуін тойлап, туыстық пен достықты дәріптейтін, ел мен елді табыстыратын мейрам.
2-жүргізуші
Сегодня мы встречаем праздник весны — праздник труда и дружбы. В Казахстане Наурыз официально отмечается с 1988 года. Начинается он в ночь с 21 на 22 марта, во время весеннего равноденствия.
По народному поверью: чем веселее отмечен Наурыз, тем щедрее будет природа и благополучнее пройдёт год.
Қысқаша түйін
- Наурыз — жаңа жылдың алғашқы айы.
- Наурыз — күн мен түннің теңелуі.
- Бұл айда игі тілектер айтылады, жағымсыз әдеттерге тыйым салынған.
Қонақжайлық және құттықтау
1-жүргізуші
Жиналыпсыз Наурыз тойға бәріміз де — үлкен-кіші, жасымыз да, кәріміз де. Төрлетіңдер, қадірменді қонақтарым, гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге.
Наурыз мерекесіне орай мектебімізге ата-аналар мен қадірлі қонақтар келіп отыр. Құттықтау сөз сөйлейді.
2-жүргізуші
Праздник есть праздник — он дарит настроение всем, кто рад принять в нём участие. Гостеприимство — главная национальная черта казахского народа, и сегодня мы рады приветствовать здесь наших гостей.
Наурыз көже және «Саумалық»
Наурыз көже
Наурыз көже — мерекелік тағам. Ол әр үйде жеті түрлі дәмнен әзірленіп, келген қонаққа ұсынылады: сүт, ет, су, тұз, тары, жеміс және өзге де дәмдер.
«Саумалық» жыры
Наурыз жыры міндетті түрде айтылады. Бұл жыр «Саумалық» деп аталады.
Мұғалім
Наурыздың «Саумалық» әнін айтып, балалар көпшілікке мерекенің жақындағанын хабарлайды. Ендеше, келіңдер, ән шырқайық! Құтты болсын, Наурыз!
Ән орындалады.
Дәстүрлі өнер
У казахов музыка тесно связана с жизнью и бытом. Песни и кюи исполняются под звуки любимого национального инструмента — домбры.
Күн мен Наурыз аруының келуі
Күн мен түн теңелді, жер шуаққа кенелді.
Соны тойлар ел енді — Наурыз тойы салтымыз.
Бәріміз мерекені берекелі етіп,
Наурызды бірге қарсы алайық.
Наурыз тойын ашуға Күн мен Наурыз ару қол ұстасып келеді.
Барлығы: Сәлеметсіз бе, жарқыраған Алтын Күн мен Наурыз ару!
3-оқушы
Наурыз келгені — құт келгені. Қарсы алып, шашу шашайық. Ел болып қарсы алайық!
Шашу шашылды.
4-оқушы
Сәлем, ата-аналар, Қызыр ата, бабалар. Айналайын балалар!
Сәлем, анам — Алтын Күн. Сәлем, иенің халқыма!
Уақытыма риза боп, бақытыма шалқыңдар!
5-оқушы
Сәлем, менің халқыма! Айналайын балалар.
Қызыр ата аман ба? Жаса, жаса, заманда!
Көктемді алып келдім мен — бақыт тілеп адамға.
6-оқушы
Ерте жайнап атты таң, естіліп тұр шаттық ән.
Жұрағатым қуанып, рақатын тапты жан.
Келе жатыр жылымыз, мейрамдаймыз мұны біз.
Жадырайды күніміз — күннің жаңа нұры бар.
Мұның ғажап сыры бар: халық сүйген мейрам бұл,
Қарсы алайық, тұрыңдар!
Би
«Адай» биі орындалады.
Жарапазан және әзіл-сықақ көріністері
1-жүргізуші: Құрметті қауым, бүгінгі тойымызға жарапазан айтуға оқушылар келіпті. Қане, қарсы алайық!
7-оқушы
Жарапазан айта келдік елімізге,
Парша белбеу байласай белімізге.
Парша белбеу байласаң белімізге —
Мақтай-мақтай барамыз елімізге.
8-оқушы (Алдар көсе)
Алдар көсе болып, домбырасын алып шығады.
Мен Алдармын, Алдармын — айтар сөзге көсемін.
Алдап сараң байларды айықтырған көсемін!
Енді бүгін тойлаймын, елдің қамын ойлаймын.
Алдауымды қойсам да, қалжыңымды қоймаймын.
9-оқушы (Қожанасыр)
Қожанасыр болып шығады.
Наурыз тойға жиналған халқым менің, бәріңнің ойға алғаның — жарқын сенім.
Бүгінгі той — ертеңгі ардақты ісің, ғажап болсын таппайтын тепе-теңдік.
Қожанасыр еңкейіп, ары-бері жүріп, бірдеңе іздегендей болады.
Балалар: Қожеке, не іздеп жүрсіз?
Қожанасыр: Ой! Кемпір құрғыр базардан «бірдеңе сатып ал» деп бірдеме беріп еді, соны ұмытып, іздеп жүрмін.
Балалар бірге іздесіп, қоржынды тауып береді.
Көктемнің келуі
1-жүргізуші Көктем жетті, көл-көсір шуақ қуып,
Қыс барады қиылып, жылап тұрып.
Шатырында үйлердің Наурыз жүр,
Құрсанған мұз көрпесін лақтырып.
2-жүргізуші Наурызым — шат-дуμαν көңіл тойы,
Тірлікке нұр шашқан өмір тойы.
Мейір төк, кеңпейіл халқыма,
Көрік бер дәстүрлі салтыма.
Қара қазанның қасиеті
Қасиетті қара қазан — тіршіліктің тірегі. Бір өзіңнен қуат алған барша жанның жүрегі. Сен бар жерде құт-береке мол болып, тірлік пен бірлік жұбын жазбай жүреді.
2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, жыл бойы тыныштық болсын. Қазанымыз оттан түспесін, дастарханымыз кең жайылсын. Ақ тілекпен Наурыз көжеден дәм татыңыздар!
Қорытынды және ақжарма тілектер
1-жүргізуші
Во время Наурыза забываются старые обиды, прекращается вражда. Соседи и родственники ходят в гости и желают друг другу здоровья, процветания, добра и успеха, а земле — плодородия.
На этом официальная часть праздника завершается. Дорогие гости, приглашаем вас на застолье — дастархан.
Музыкалық үзіліс
«Дастархан» әні орындалады.
Мұғалімнің тілегі
Ұлыс оң келсін, ақ мол болсын.
Ашу артта қалып, ақыл алға шықсын.
Наурыз тойы құтты болсын!
Жаңа күн құтты болсын, төрт түлік сүтті болсын, балаларым!