Мақал - сөздің мәйегі III айналым

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыру, білім деңгейін нығайту және біліктілігі мен білімділігін дамыту.

Дамытушылық

Логикалық ойлау қабілетін, дүниетанымын және қызығушылығын дамыту.

Тәрбиелік

Шығармашылық ізденіске баули отырып, ұқыптылыққа, бірлікке, ынтымақтастыққа, шапшаңдыққа және белсенділікке тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Түрі

Сайыс сабақ (дәстүрлі емес сабақ).

Әдісі

Ойын элементтері.

Көрнекілігі

Слайдтар, кестелер.

Пәнаралық байланыс

Тарих, әдебиет.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
  • Сабаққа назарын аудару.
  • Екі топ қатысады: әр топта 10 оқушы. Қыздар тобы — «Гүлдер», ұлдар тобы — «Ұлағат».
  • Сайыс 7 айналымнан тұрады.

7 айналым құрылымы

  1. I айналым
    Сәлем — сөздің анасы
  2. II айналым
    Мақал — сөздің мәйегі
  3. III айналым
    Анаграмма
  4. IV айналым
    Ойлан тап
  5. V айналым
    Кім жылдам?
  6. VI айналым
    Білімділер патшалығы
  7. VII айналым
    Қорытынды

Айналымдар мазмұны

I айналым — «Сәлем — сөздің анасы»

Оқушылар ұлдар мен қыздар болып екі топқа бөлініп, өз топтарының атын қорғап, таныстыру-сәлемдесу жасайды.

II айналым — «Мақал — сөздің мәйегі»

Оқушылар әдептілік, достық, сондай-ақ қыздар мен ұлдар туралы мақал-мәтелдерді кезекпен айтып, жарысады.

III айналым — «Анаграмма»

Тапсырма: адасқан әріптерден дұрыс сөз құрастыру.

Анаграмма Дұрыс нұсқа
КесібБесік
ИотТой
АрыбмодДомбыра
СажЖас
АнызақҚазына
ЕкеремМереке
ЫсаботОтбасы
СытайАйтыс
КелйокитИткөйлек
ЗыбоқҚобыз

IV айналым — «Ойлан тап»

Тапсырма: берілген тұжырымдарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру.

  • Қымыз — түйенің сүті ме?
  • Қыз қуу — қазақтың ұлттық ойыны ма?
  • Наурыз жаз айында бастала ма?
  • Абай — қазақ халқының ұлы ақыны ма?
  • Қазақстанның астанасы — Алматы қаласы ма?
  • Қуырдақ — қазақтың ұлттық тағамы ма?
  • «Абай жолы» романын С. Сейфуллин жазды ма?
  • Сәукеле — қазақтың ұлттық бас киімі ме?
  • Роза Рымбаева — Ресей әншісі ме?
  • Қазақстан Украинамен шектесе ме?

V айналым — «Кім жылдам?»

Бұл кезеңде оқушылар логикалық сұрақтарға жылдам жауап береді.

1 т мақта ауыр ма, 1 т темір ауыр ма?

Жауабы: тең.

Үш түйеқұс ұшып келеді. Аңшылар біреуін атып алды. Қаншасы ұшып кетті?

Жауабы: түйеқұс ұшпайды.

8 наурыз күні 2 ана мен 2 қызына, әжей мен немересіне 3 орамал сыйға тартылды. Барлығы неше орамал берілді?

Жауабы: 3 орамал.

Көп үйрек ұшып келеді: екеуі артында, біреуі алдында, екеуі екі жағында, біреуі ортасында... Барлығы қанша үйрек?

Жауабы: 3 үйрек.

Түнгі сағат 10:00-де түн болса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап тұруы мүмкін бе?

Жауабы: мүмкін.

«М»-нан бастасаң — тағамның бір түрі. «М»-ны алып тастасаң — түнгі аспанның нұры.

Жауабы: май — ай.

«К»-ден бастап оқысаң — құс атауы. «Е»-ден бастап оқысаң — жалқау баланың бағасы.

Жауабы: кекілік — екілік.

Тәрелкеде 5 алма, қолымда 2 алма бар. Қосқанда неше алма болады? Біреуін атама, біреуін апама берсем, менде нешеуі қалады?

Жауабы: 5 алма.

VI айналым — «Білімділер патшалығы»

Бұл кезеңде топ басшылары білім бәйгесіне түседі.

Сұрақ Мысал жауап
Айтыстың түрлерін ата. қыз бен жігіт айтысы, бәдік айтыс
Қазақтың ұлттық аспаптарын ата. домбыра, жетіген, сырнай
Кәсіби мерекелерді ата. мұғалім, дәрігер, шахтер, шопан күні
Төрт түлік малға нелер жатады? сиыр, қой, ешкі, жылқы
16 желтоқсан қандай мереке? Тәуелсіздік күні
Абайдың шын аты қандай? Ибраһим
Екі кісінің сөйлесуі қалай аталады? диалог

VII айналым — Қорытынды

Топтардың жинаған фишкалары есептеледі. Нәтижесінде жеңімпаз топ анықталып, қатысушылар марапатталады.