Аспан әлемінде

Ғарыш әлеміне саяхат

Мақсаты

Ғарыш әлемі туралы білім беру, ойлау қабілеттерін дамыту, сөздік қорын байыту және тілін жетілдіру. Балаларды берілген сұраққа толық әрі нақты жауап беруге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Жылулық шеңбері
  • Жұмбақтар арқылы тақырыпқа кіріспе
  • Геометриялық пішіндерден зымыран құрастыру
  • Планеталардағы тапсырмаларды орындау

І. Ұйымдастыру бөлімі: жылулық шеңбері

Аспанға қарап ай көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім!

Ұранымыз

Ұшамыз алға — қапы қалма!

Ойымыз биікте — жетеміз көкке!

Хат және жұмбақтар

Есік қағылып, хат тасушы хат әкеледі. Тәрбиеші балаларға: «Балалар, қараңдаршы, бізге хат келіпті. Қане, оқып көрейін — ішінде не жазылған екен?» дейді. Хаттың ішінде жұмбақтар бар екен. Балалар жауаптарын табуға тырысады.

Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұрын шашады.

Жауабы: Күн

Күндіз бәрі қашады,

Түнде аспанды басады.

Жауабы: Жұлдыз

Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз.

Жауабы: Зымыран

Көлде жүрген ақ үйрек,

Түнде бар да, күндіз жоқ.

Жауабы: Ай

«Жарайсыңдар, балалар! Ендеше, зымыран, күн, жұлдыз, ай — барлығы қайда орналасады?» деген сұрақ қойылады. Балалар: «Аспан әлемінде» деп жауап береді.

Ғарышқа дайындық: зымыран құрастыру

«Ғарышқа автокөлік бара алмайды. Онда немен барамыз?» — деген сұрақтан кейін балаларға: аспан әлеміне бару үшін көлік дайындау керектігі айтылады.

Балалар геометриялық пішіндер арқылы зымыран құрастырады. Көлік дайын болған соң, ғарышқа ұшуға дайындалады.

Қысқа нұсқаулық

«Көздеріңді жұмып, денелеріңді бос ұстаңдар. Міне, ұштық!»

Планеталардағы тапсырмалар

Балалар ғарыш кеңістігінде «ұшып келеді» және бір планетаға жақындайды. Әр планетада тапсырмалар бар, соларды мұқият әрі дұрыс орындау қажет.

1) «Сиқырлы ағаш» планетасы

Балалар ағаштағы алмалар мен алмұрттарды санайды.

Қанша алма?

5

Қанша алмұрт?

5

Осылайша балалар алма мен алмұрттың санын анықтап, тапсырманы орындайды да, ұшуды жалғастырады.

2) «Таңғажайып табиғат» планетасы

Бұл планетаның табиғаты Жерден өзгеше. Мұнда планета тұрғындары біздің жәндіктер мен балықтардың қайда мекендейтінін ажырата алмай, өзара дауласып қалады. Балалар оларға көмектеседі: жылжымалы суреттерді өз орнына орналастырады.

Сәйкестендіру тапсырмасы

  • Балық — суға
  • Көбелек — гүлге
  • Бақа — суға
  • Тасбақа — жерге

Тапсырма орындалған соң, балалар әрі қарай ұшады.

Алда — жарқыраған үлкен планета

Балалар алдарынан жарқыраған үлкен планетаны көреді. «Қонуға дайындалыңдар!» деген белгі беріліп, саяхаттың келесі кезеңіне өтеді.