Оқиғаның дамуы

Сабақ тақырыбы

Жамбыл Жабаевтың «Өтеген батыр» дастанындағы батыр бейнесі.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Жырдан батыр бейнесін тауып, талдау жасау; дастанның мазмұны мен идеясын ұғындыру.

Дамытушылық

Өлеңмен жазылған шығарманы оқып, талдай білуге үйрету; ой-өрісті дамыту; өз бетінше қорытынды жасап, пікір айтуға және сөйлеу мәдениетіне машықтандыру.

Тәрбиелік

Елін, жерін сүюге тәрбиелеу; өз пікірін ашық айтуға, өзгенің пікірін тыңдауға, жұмысты бағалауға дағдыландыру.

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Сабақ түрі
Аралас
Сабақ типі
Білімді бекіту, жүйелеу
Көрнекілігі
Сұрақтар, жыр мәтіні, тапсырмалар
Пәнаралық байланыс
Тарих, география

Тәлім сәті

Әрбір адам? — Туысым, досым, жұрағат
Әрбір сабақ? — Үйрену, ұғу, ұлағат
Әрбір ісің? — Тірлік, тірек, адамдық
Әрбір сөзің? — Шындық, бірлік, адалдық

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығын тексеру.
  • Топтарға бөлу: I топ — Ақындар, II топ — Зерттеушілер, III топ — Білімділер.

Үй тапсырмасын тексеру

Ұяшықтарға жасырылған сұрақтар арқылы өткен материал жинақталады.

Оң жақтағы 10

Ж. Жабаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген? (1846)

Оң жақтағы 20

Жетісу ақындарының ішінде кімнен бата алған? (Сүйінбай)

Оң жақтағы 30

Соғыста қайтыс болған ұлының аты кім? (Алғадай)

Оң жақтағы 40

Қай жылы Жамбылға мемлекеттік сыйлық берілді? (1941)

Сол жақтағы 10

1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске арнап жазған өлеңдерін ата. («Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды»)

Сол жақтағы 20

«Ленинградтық өренім» өлеңінің бір шумағын жатқа айт.

Сол жақтағы 30

1936 жылы «Правда» газетінде жарияланған өлеңін ата. («Туған елім»)

Сол жақтағы 40

Ж. Жабаевтың эпикалық туындыларын ата. («Өтеген батыр», «Сұраншы батыр»)

Сол жақтағы 50

Ж. Жабаевтың өлеңдерін ата.

Оң жақтағы 50

Жамбыл 35 жасында, 1881 жылдың күзінде Іле бойындағы үлкен жәрмеңкеде айтысып жеңіске жеткен ақынды ата. (Құлманбет)

II. Жаңа сабақ

I топ — Ақындар

  • Жырдан үзінділерді жатқа айтады.
  • Бір шумақ өлең құрастырады.

II топ — Зерттеушілер

  • Жырдан жер-су атауларын тауып, мәнерлеп оқиды.
  • Картадан көрсетеді: Қазақстанның географиялық картасынан Жиделібайсын өңірін табу.

Ақмешіт қаласының іргетасы Сырдың жағасындағы Қамысты қаладан басталғаны айтылады. Тарихи деректерге көз жүгіртсек, Жиделібайсын жері — осы аймақпен сабақтасатын көне қоныстардың бірі.

III топ — Білімділер

  • Жырдан Өтеген батырдың бейнесін тауып оқиды.
  • Өлең құрылысына (бір шумақ) талдау жасайды.
  • Шығарманың композициялық құрылымын талдайды.

Композициялық талдау

  1. 1) Оқиғаның басталуы

    «Алып келсем елімді Жиделібайсын жеріне —
    Қалмас еді-ау арманым».

  2. 2) Оқиғаның дамуы

    Батыр он жеті жыл бойы жайлы қоныс іздеп, ел-жұртын аман-есен көргені айтылады.

  3. 3) Оқиғаның шиеленісуі

    «Егер де айтқаныма көнбесеңдер —
    Бұл жерді ақырында алар орыс».

  4. 4) Оқиғаның шарықтау шегі

    Елінің Өтеген батырдың сөзін тыңдамауы.

  5. 5) Оқиғаның аяқталуы

    Өтеген батыр елге өкпелеп, Түркістанға кетеді.

Инсерт әдісі: ой қорыту

«Не білдім?» және «Не білгім келеді?» сұрақтары негізінде оқушылар өз ойларын айтып, дәптерге түсіреді.

Не білдім?

  • Тарихта аты аңызға айналған Өтеген батыр болғанын және оның өз дәуірінде халқы үшін атқарған ісін білдім.
  • Өтеген батырдың елінің қамы үшін бәріне дайын болғанын түсіндім.

Не білгім келеді?

  • Өтегеннің тағы қандай ерліктер жасағанын білгім келеді.
  • Өтеген өкпелеп Түркістанға кеткеннен кейін не істегенін білгім келеді.

Еркін жауап (сұрақ-талдау)

1) Батырдың арманы не?

Мәтін бойынша жауап беріп, дәлел келтір.

2) Батырдың ренжуі неліктен?

Себебін жырдан мысалмен түсіндір.

3) Шығарманың басты идеясы қандай?

Ойыңды бір-екі түйінді тұжырыммен жеткіз.

Бағалау

Бағалау парағы бойынша оқушылардың жұмысы қорытындыланып, нәтижесі шығарылады.

Үй тапсырмасы

«Өтеген батыр» дастанын қайталап оқып шығу.