Жұмбақ санды тап

Сабақтың тақырыбы

Ондықтарды қосу және азайту

Сабақтың типі

Жаңа материалды игерту

Сабақтың түрі

Ізденіс сабағы

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар

Пәнаралық байланыс

Тіл дамыту, дүниетану

Көрнекіліктер

Слайдтар, деңгейлік тапсырма парақтары

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Толық ондықтармен арифметикалық амалдар орындау дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

Логикалық ойлау қабілетін және математикалық тілін дамыту; оқушының белсенділігін арттыру; өзін-өзі бақылау мен бағалауға үйрету.

Тәрбиелік

Оқушыларды шапшаңдыққа, ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге, өз жұмысын бақылауға және мақсатына жетуге ұмтылдыру; қиялын ұштау; отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру.
  • Кезекшінің мәліметі.
  • Психологиялық даярлық.

Балалар, бүгінгі ауа райы бұлтты, жаңбырлы болғанымен, бұл біздің көңіл күйімізге әсер етпейді. Себебі бізде «Алтын күн» қонақта, ол бізге арнаған тілегін өлең жолдарымен білдіргісі келеді:

Қайырлы таң, досым,

Қайырлы күн болсын!

Күнделікке бүгін

Кілең бестік толсын.

2) Үй тапсырмасын тексеру

121-сабақ, №4. «Өзіңді-өзің тексер» (слайд арқылы).

3) Ой ширату

«Үндемес» ойыны: берілген өрнектердің мәнін стикерге жазып көрсетеді. Бүкіл сынып қатысады.

Өрнектер

  • 2 + 3 + 4 =
  • 6 + 3 − 7 =
  • 5 + 3 − 8 =
  • 20 + 30 =
  • 60 − 30 =
  • 40 + 50 =
  • 80 − 30 =

Айнымалысы бар тапсырмалар

  • a + 30 = 50
  • a + 3 + 5 = 10
  • 1 дм − 7 см =
  • a − 30 = 50

4) Көркем жазу

Балалар, бүгін аптаның қай күні? Жұма — аптаның бесінші күні. Демек, бүгін бірлігі 5-ке тең болатын екі таңбалы сандарды көркем етіп жазамыз. Жазу ережесі пысықталады.

Жазылатын сандар

15 25 35 45 55 65 75 85 95

Талдау сұрағы

Бұл сандардың ұқсастығы мен айырмашылығы неде? Бірліктері бірдей, ондықтары әртүрлі.

Барлық оқушы жазып болғанша екі таңбалы сандарды өсу және кему ретімен санау дағдысы тексеріледі.

Өсу реті (мысал)

21, 31, 41, 51, 61, 71, 81, ...

Кему реті (мысал)

78, 68, 58, 48, 38, 28, 18

5) Ондықтарды қосу және азайту

Электрондық оқулықтағы түсіндірме тыңдалады.

6) Бекіту: оқулықпен жұмыс

№1. Қалып қойған ондықтарды тап.

10, ..., ..., 40, ..., ..., 70, ..., ..., 100
100, ..., ..., ..., 60, ..., ..., 30, ..., ...
..., 30, ...
50, 60, ...
60, 70, ...

7) «Адасқан әріптер» ойыны

Қосу және азайту амалдарын, сондай-ақ амалдағы сандардың атауларын қайталау.

Шатасқан сөз Дұрыс нұсқа
қсоу қосу
зтйаау азайту
сқғышолы қосылғыш
зғйшааы азайғыш
атшзйқаы азайтқыш

8) Есеп құрастыру (тақтада)

а) Барлығын табу

Ақботада — 5 асық.

Димашта — 4 асық.

Ш: 5 + 4 = 9

Ж: барлығы 9 асық.

ә) Белгісізді табу

Ақботада — 5 асық.

Димашта — белгісіз, 4-еуі артық.

Ш: 5 + 4 = 9

Ж: Димашта 9 асық бар.

9) Толық ондықтармен «төрттік» мысал құрастыру

Қосу мен азайтудың өзара байланысын көрсету үшін бір жұпқа төрт мысал құрастырылады.

30 және 20

  • 30 + 20 =
  • 20 + 30 =
  • 50 − 20 =
  • 50 − 30 =

40 және 30

  • 40 + 30 =
  • 30 + 40 =
  • 70 − 40 =
  • 70 − 30 =

50 және 20

  • 50 + 20 =
  • 20 + 50 =
  • 70 − 20 =
  • 70 − 50 =

60 және 30

  • 60 + 30 =
  • 30 + 60 =
  • 90 − 30 =
  • 90 − 60 =

10) Сергіту сәті

«Бурундук» биінің қимылдарын қайталайды.

Қарашы, балақай, «ақылды» тақтаға.

Сергіп бір қаласың, би биле — тоқтама.

11) «Қатесін тап» ойыны

Есептің шешуіндегі және жауабындағы қателерді табады, дұрысын дәлелдейді.

1-есеп

Қате нұсқа

Қыз — 6, ер — 4.

Ш: 6 − 4 = 2

Ж: барлығы 2 қыз

Дұрыс жауабы

Қыздар 2-ге артық.

Ж: 2 қыз бала артық.

2-есеп

Қате нұсқа

Болды — 60 тг, жұмсады — 20 тг.

Ш: 60 + 20 = 80

Дұрыс жауабы

Ш: 60 − 20 = 40

Ж: 40 тг қалды.

3-есеп

Қате тұжырым

Ағасы — 30 жаста. Інісі — 10 жас кіші.

Ш: 30 − 10 = 20

Ж: інісі 20 жас кіші

Дұрыс жауабы

Ш: 30 − 10 = 20

Ж: інісі 20 жаста.

12) «Жұмбақ санды тап»

Белгісіз санды тауып, теңдікті дұрыс толықтыру.

80 + ... − 40 = 60
60 + 20 − ... = 70
90 − 20 − 60 = 10
40 − 20 = ... − 30
20 + 20 = 30 + ...
90 − 20 = 60 + ...

13) Рефлексия және өзін-өзі бағалау

Балақай, бүгінгі сабақ саған ұнады ма? Өзіңді-өзің қалай бағалайсың?

  1. Егер барлық тапсырманы дұрыс орындадым десең — стикерге «1» жаз.
  2. Егер кейбір тапсырмаларда қате жібердім десең — «2» жаз.
  3. Егер тапсырмаларды орындау қиын болды десең — «3» жаз.

Нәтиже

Сыныптағы 25 оқушының 18-і «1», 6-ы «2», ал 1 оқушы «3» санын көрсетті.

14) Үй тапсырмасы

а)

Деңгейлік тапсырмалар.

ә)

12-сабақ: 2-мысал, 4-тапсырма.