Әже деген кім
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды Ә ә дыбысымен таныстыру; ә дыбысының орнын анықтату; сауатты оқуға және жазуға дағдыландыру; сөздерге дыбыстық және буындық талдау жасай білуге үйрету.
Дамытушылық
Балалардың шығармашылық қабілетін, ой-өрісін, сөйлеу тілін және сөздік қорын дамыту.
Тәрбиелік
Әдемі, көркем, таза жазуға үйрету; бауырмалдылыққа, еңбекқорлыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың форматы
Түрі
Дәстүрлі сабақ.
Типі
Аралас сабақ.
Әдістері
- Түсіндіру
- Талдау – жинақтау
- Сұрақ-жауап
- Топтастыру
- Салыстыру
Көрнекіліктер
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа бағыттау.
2) Өткен сабақты тексеру (І дыбысы)
- І дыбысына байланысты тұтас оқуға берілген сөздерді оқыту.
- І дыбысы қандай дыбыс?
- Неліктен оны дауысты дыбыс дейміз?
- Қай буындарда кездеседі? Мысал келтір.
- Келесі буынды тап (тапсырма арқылы бекіту).
3) Жаңа сабақ (Ә ә дыбысы)
Суретпен жұмыс және әңгіме құрастыру
- «Әже» деген кім?
- Сен әжеңе кім боласың?
- Әкеңнің анасы және анаңның анасы саған қандай әже болады?
Сұрақтар негізінде қысқа әңгіме құрастырып, ауызша сөйлеуді белсендіру.
Кеспе әріптермен жұмыс
- Кеспе әріптерден «әже» сөзін құрастыру.
- Сөзді буындап оқу.
- Дыбыстық талдау жасау.
Негізгі түсінік
Ә — дауысты дыбыс; өздігінен буын құрай алады; көбіне сөздің бірінші буынында кездеседі.
Оқулықпен жұмыс
- Бағандағы сөздерді буындап, хормен оқыту.
- Түсініксіз сөздердің мағынасын түсіндіру.
- «Әже» мәтінін мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі.
- Хормен оқу, кейін оқушыларға тізбектей оқыту.
- Мәтінді сурет бойынша жүргізілген әңгімемен салыстыру.
Дәптермен жұмыс
- Ә дыбысының бас және кіші әрпін көрсету; баспа және жазба түрлерін салыстыру.
- Әріпті ауада, тақтада және дәптерде жазу.
- Таза, көркем жазуға көңіл бөлу.
Көшіріп жазу
«Әжім — әженің әрi, Әженің батасы — дәрi.»
Сөйлемді қатесіз, көркем көшіріп жаздыру және дауыстап оқыту. Әже, әжім, әрі, дәрі сөздерінің жіңішке айтылатынын түсіндіру.
Ойын: «Қай әріпті жоғалттым?»
Тапсырма үлгілері:
...ке
...демі
с...нді
...н
д...рі
4) Сабақты қорытындылау
Венн диаграммасы арқылы А және Ә дыбыстарын салыстыру: ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау.
5) Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау және жетістігін атап өту.