Жарысты қорытындылау
Қош келдіңіздер!
Қадірлі ұстаздар, әділқазылар және оқушылар! Қымбатты білімсүйгіш жас достар! Бүгінгі интеллектуалды сайыста сіздерге қызықты сұрақтар мен түрлі тапсырмалар ұсынылады. Жеңіске жету үшін белсенділік танытып, сұрақтарға өзгелерден жылдамырақ ойланып жауап беріп, тапсырмаларды дұрыс орындау қажет.
Ескерту
Сайыс кезінде ұқыпты болып, ойды жинақтап, тәртіп сақтаған жөн.
Сайыс рухы
Бұл — үлкен еңбек пен жауапкершілік талап ететін жарыс.
Нәтиже
Білім, ой шапшаңдығы және тапқырлық сыналады.
Мақсаты
- Білімге деген дұрыс көзқарас қалыптастырып, білім жарыстыру арқылы ой шапшаңдығын және тіл шешендігін дамыту.
- Ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Түрі
Интеллектуалды дамытпалы сайыс-сабақ
Әдісі
Қайталау, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырма, ізденіс
Көрнекілік
Жоспар, интерактивті тақта
Ұйымдастыру кезеңі
- 1. Қатысатын оқушыларды анықтау.
- 2. Топтарға бөлу.
- 3. Жарыс ережесімен таныстыру.
Жүргізушінің құттықтауы
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар! Айтар ойым тұспалды: біз оқытқан оқушылардың сәті келді сыналар.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар — нақты білімге қызығушылар! Естігенін естіп тұрып, оқығанын миға тоқығандар!
Сайыс кезеңдері
Сайыс төмендегі бөлімдер бойынша өткізіледі:
- 1. Таныстыру және топ басшысының тілектері
- 2. «Жалғасын тап» ойыны (мақал-мәтелдер)
- 3. «Кім шапшаң?» (жаңылтпаш)
- 4. «Сен білесің бе?» (сұрақ-жауап)
- 5. Мәтін бойынша тақырып қойып, мақал-мәтел жазу
- 6. «Ұшқыр ой» (әріптерден сөз құрау)
- 7. «Іздеген жетер мұратқа» (сиқырлы ұяшықтар)
- 8. «Ойлан тап» (жұмбақ шешу, орысша аудару)
- 9. Поэзия минуты
«Алтын сақа» ойынына шақыру
Мектебімізде өтіп жатқан «Алтын сақа» сайысына қош келдіңіздер! Бұл жарыста 3-сынып оқушыларының ең тапқыр, алғыр, білгірлері өз білімін сынайды.
Қатысушыларды таныстыру (шақыру сөздері)
- 3 «А» — «Жүрегінде от, көзінде жалын бар» жас достар.
- 3 «Ә» — «Үлгілі тәртіп, жақсы оқу — алға қойған мақсаты» бар оқушылар.
- 3 «Б» — «Мектепте әрқашан жақсы атымен танылған» талапты топ.
- 3 «В» — «Асып-саспайтын, батыл қадам бастайтын» оқушылар.
- 3 «Г» — «Еркін сөйлеп, жарыстан қалмайтын» топ.
- 3 «Ғ» — «Естігенін зерделеп, оқығанын миға тоқыған» оқушылар.
- 3 «Д» — «Достарына әрдайым тапқыр болуды ой салатын» сынып.
- 3 «Е» — «Жарысқа дайын, баршаңызға сәттілік тілейтін» топ.
- 3 «Ж» — «Бәрінен де білгір, бәрінен де тапқыр» оқушылар.
- 3 «З» — «Әдепті, талапты, сыныбының мақтанышы» атанғандар.
- 3 «И» — «Сөзге шебер, білімді» деп бағаланатын сынып.
- 3 «К» — «Ибалы, инабатты, жарыста қалыспайтын» топ.
Әділқазылар алқасы
Әділ бағасымен ерекшеленетін әділқазылармен танысып, сайысымызды бастайық.
Ескертпе
Қатысушылар ұпай жинау тәртібін сақтап, бір-біріне құрметпен қарайды.
Ойын барысы
1-сайыс: Таныстыру
Топ атаулары:
- I топ: Алғырлар
- II топ: Зеректер
- III топ: Тапқырлар
- IV топ: Дарындылар
2-сайыс: «Жалғасын тап» (мақалдар)
I топ — Алғырлар
- Күш — білімде, білім — кітапта.
- Көп жасаған білмейді, көп көрген біледі.
II топ — Зеректер
- Білім қымбат, білу қиын.
- Ердің атын еңбек шығарады.
III топ — Тапқырлар
- Ақыл — тозбайтын тон, білім — таусылмайтын кен.
- Шебердің қолы көпке ортақ.
IV топ — Дарындылар
- Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
- Еңбек ерлікке жеткізеді, ерлік елдікке жеткізеді.
3-сайыс: «Кім шапшаң?» (жаңылтпаш)
I топ — Алғырлар
Шалшық, балшық. Балшық, шалшық. Балшықтан ал шық.
II топ — Зеректер
Шеше, шеше, неше кесе сынды кеше?
III топ — Тапқырлар
Жабайы маралдар бар, араларында жаралы маралдар бар.
IV топ — Дарындылар
Қыс қатты-ақ, қыспаққа ап, құс тоңып жүр қыстап қап.
4-сайыс: «Сен білесің бе?» (сұрақ-жауап)
I топ — Алғырлар
- ҚР өз тәуелсіздігін қашан жариялады? (1991 ж. 16 желтоқсан)
- Ата Заңымыз қай күні, қай жылы қабылданды? (1995 ж. 30 тамыз)
- «Бес асыл, бес дұшпан» өлеңін кім жазған? (А. Құнанбаев)
- Жеті күнді атаңдар. (дүйсенбі–жексенбі)
- Түйе сүтінен дайындалатын сусын қалай аталады? (шұбат)
II топ — Зеректер
- ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары кімдер? (Ш. Уәлиханов, Ж. Мәлібеков)
- Біз қай облыста тұрамыз? (Маңғыстау)
- Күйді орындайтын адам қалай аталады? (күйші)
- Өз алдына дербес мемлекет қалай аталады? (тәуелсіз)
- Ай атауларын ата. (қаңтар–желтоқсан)
III топ — Тапқырлар
- ҚР Мемлекеттік Туының авторы кім? (Ш. Ниязбеков)
- Президент халыққа не жолдайды? (жолдау)
- Адам денесінде неше жұп қабырға бар? (12 жұп)
- Тұңғыш «Әліппе» оқулығын жазған кім? (А. Байтұрсынұлы)
- Жаяу Мұса кім? Қандай әндерін білесіңдер? («Гауһартас», «Бозторғай», «Ақ сиса»)
IV топ — Дарындылар
- Биыл ҚР Тәуелсіздігіне неше жыл? (23)
- Қазақ балаларына алғаш мектеп ашқан кім? (Ы. Алтынсарин)
- Екі ақынның өлең жарысы қалай аталады? (айтыс)
- Жеті атаны ата. (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
- Қазақ үйдің бөліктерін ата. (шаңырақ, кереге, уық, сықырлауық)
5-сайыс: Мәтінге тақырып қойып, мақал-мәтел жазу
Әр топ берілген мәтіннің мазмұнына сай тақырып қойып, сәйкес мақал-мәтел ұсынады.
I топ — Алғырлар
Егін жинау
Жаздың ортасы. Биыл егін өте бітік шықты. Шаруашылық егін жинауға кірісті. Егіншілер астықтан мол өнім алды. Халықтың қуанышында шек жоқ. Астық көп еңбекпен өндіріледі. Еңбек ете білу — адамдағы ең үлкен қасиет.
II топ — Зеректер
Менің досым
Алмас деген досым бар. Ол 3-сыныпта оқиды. Әпкесі Гауһар 6-сыныпта, ағасы Берік 8-сыныпта оқиды. Бәріміз 7-мектепте оқимыз. Алмас өте зерек, сабақты жақсы оқиды. Мен досымды мақтан тұтамын.
III топ — Тапқырлар
Талғаттың ерлігі
Таңертең ұшқыштар маңызды тапсырма алды. Әскеріміз шабуылға дайын еді. Талғаттың ұшағы әуеге тез көтерілді. Командир ұшқыштардың қимылын жерден бақылап тұрды. Ол Талғаттың жауға жасаған шабуылына риза болды. Ұшқыштар жаудың бекінісін қиратты. Одан соң жердегі әскерлер шабуылға шықты. Жау шегіне бастады. Талғат жауынгерлік тапсырманы ойдағыдай орындады.
IV топ — Дарындылар
Ұқыпты бала
Қайсар жастайынан тілалғыш болып өсіп келеді. Үлкеннің айтқанын бұлжытпай орындайды. Киімдерін әрдайым өз орнына қояды. Ойыншықтарын да белгілі жерге жинайды, сынғандарын жөндейді. Өз төсегін өзі жинауды үйренді. Төсек үстіне киіммен отырмайды. Бөлмесін таза ұстайды.
6-сайыс: «Ұшқыр ой» (әріптерден сөз табу)
Асықпаймыз, саспаймыз — ұшқыр ойға бастаймыз. Тақтадағы әріптерден мағыналы сөздер құраңдар.
Здбалагбнанврдкитидакөзқлтағажбоқулықпбтас
7-сайыс: «Іздеген жетер мұратқа» (сиқырлы ұяшықтар)
«Сиқырлы ұяшықтар» бөлімінде әдебиеттік оқу, математика, қазақ тілі және дүниетану пәндерінен сұрақтар қойылады. Оқушылар ұяшықты өздері таңдайды.
«Сиқырлы ұяшықтар» сұрақтары
Әдебиеттік оқу
- Абылайдың азан шақырып қойған аты. (Сабалақ)
- «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы. (М. Әуезов)
- Абылай ханға Төле бидің қойған аты. (Сабалақ)
- «Дала жұлдызы» деп кімді айтамыз? (Ы. Алтынсарин)
- «Әке арманы» мәтінінің негізгі кейіпкерлері. (Абай мен Әбіш)
- «Білімдіден шыққан сөз» кімнің өлеңі? (А. Құнанбаев)
- Өмірде болған адамға қатысты құрылған халық шығармасы. (аңыз)
- Үш биді ата. (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)
- «Халық қорғаны» мәтініндегі батыр. (Қаракерей Қабанбай)
Математика
- Ұзындық өлшем бірліктерін ата. (мм, см, дм, м, км)
- Шаршының қабырғасы 4 см болса, периметрі. (16 см)
- 9 бен 4-тің көбейтіндісі. (36)
- Екі әке, екі бала театрға билет алды. Неше адам? (3)
- Геометриялық фигураларды ата. (тік төртбұрыш, шаршы, ...)
- Санды нөлге көбейтсек, мәні. (0)
- Ең кіші төрт таңбалы сан. (1000)
- 45-ті 9-ға бөлсек. (5)
- Бөлу амалының компоненттері. (бөлінгіш, бөлгіш, бөлінді)
Қазақ тілі
- Мәтіннің түрлері. (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)
- Хат сөйлеудің қай түріне жатады? (жазбаша)
- Негізгі сөйлем мүшесі. (бастауыш)
- «Көлшік» сөзінің түбірі. (көл)
- «Не істеді? Қайтты? Не қылды?» — қай мүше сұрақтары? (баяндауыш)
- Айтылу мақсатына қарай сөйлем түрлері. (хабарлы, сұраулы, лепті)
- Қос бүйірін таянып тұратын қай әріп? (Ф)
- «Батыр» сөзінің мәндес сөздері. (ержүрек, батыл, қайсар...)
- «Отыз жеті» қай сөз табы? (сан есім)
Дүниетану
- Тірі табиғатқа нелер жатады? (адам, жануар, өсімдік)
- Әр адамның шағын отаны. (отбасы)
- Адам денесінің тірегі. (қаңқа)
- Сезім мүшелері. (көз, мұрын, құлақ, тіл, тері)
- Жер бетінің қағазға кішірейтілген бейнесі. (карта)
- Көкжиектің неше тұсы бар? (4)
- Қу жануар. (түлкі)
- Адамның ішкі мүшелерін ата. (өкпе, бауыр, бүйрек, ішек, ми, жүрек, қарын, қуық)
- Тәжірибе дегеніміз не? (сынату арқылы шындыққа көз жеткізу, танып-білу)
8-сайыс: «Ойлан тап» (жұмбақтар және орысша аудару)
Мемлекеттік тілмен қатар, биылдан бастап орыс тілін де үйреніп жүрсіңдер. Бұл бөлімде әр топқа үш жұмбақ оқылады: шешуін тауып, оны орысшаға аударасыңдар.
9-сайыс: Поэзия минуты
Адамдық — борышың,
Халқыңа еңбек қыл...
Жұмбақтар (топтар бойынша)
I топ — Алғырлар
- Өзі сондай ақ, жесең тәтті-ақ. (Қант — сахар)
- Қыс бойына жатады, тәтті ұйқыға батады. (Аю — медведь)
- Жаза-жаза арықтаған, жазудан жалықпаған. (Бор — мел)
II топ — Зеректер
- Өзі таудың бөктерінде өседі, жаңа жылда үй төріне көшеді. (Шырша — ёлка)
- Білімнен мол сый-асы, балғындардың ұясы. (Мектеп — школа)
- Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама. (Кітап — книга)
III топ — Тапқырлар
- Мамықтай ұлпа, қанттай ақ: қыста жер бетін басады, жазда сайға қашады. (Қар — снег)
- Ұшып-қонып тынбайды: жерге соқсаң сынбайды, суға салсаң батпайды, түскен жерге жатпайды. (Доп — мяч)
- Бұдан кір қорқады, судан бұл қорқады. (Сабын — мыло)
IV топ — Дарындылар
- Өзі жуас, өзі момын, бір шешпейді тонын. (Қой — баран)
- Әрі қызыл, әрі тәтті, татқан жанды таңырқатты. (Қарбыз — арбуз)
- Оқушыға күнде еріп жүретін не? (Күнделік — дневник)
Қорытынды
Жүргізуші сөзі
Жарысымыздың соңғы сәті де таяп қалды. Енді әділқазы сөз алып, жеңімпазды анықтайды және мақтау қағаздары мен сыйлықтарын табыстайды.
III бөлім
Жарысты қорытындылау: ұпайларды саралау, нәтиже жариялау, марапаттау.